Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Наурыз көже -

Наурыз көже

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1334 | Размер: | Автор: гость
. Пәні: әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3
Уақыты: 15.03.2012.
Сабақтың тақырыбы: «Наурызкөже»
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің тақырыбын аша отырып, мазмұнын меңгерту;
2. Қазақтың салт – дәстүрін жалғастырушы болашақ ұрпақ екенін меңгерте отырып, салтқа, өнерге деген ықыласын қалыптастыру;
3. Өмірде жақсылыққа құмартуға, өсиет – өнегені жалғастыруға деген ынта – ықыласты бойларына сіңіртуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын
педагогикалық технология: СТО, дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сөздік, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Оқыту құралдары: оқулық, плакат, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
А) Ұйымдастыру бөлімі.
Ә) Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға дайындық.
• Берілген тапсырманы сұрау;
• Ертегіден түсінгендерін 2-3 оқушыдан сұрау;
• Ертегіні бекіту сұрақтары:
1. Құс патшасы өсиетін бастап айтқанда соңына дейін тыңдамастан бірінші қандай құс ұшып кетті? – жапалақ
2. Екінші қандай құс? – қарға
3. Үшінші қандай құс? – үкі
4. Ең соңына дейін тыңдаған қандай құс болды? – қарлығаш
5. Қарлығаштың ұясының кемелді (толық жетілдірілген) болып шығуының себебі неде? – себебі қарлығаштар құс патшасының өсиетін соңына дейін тыңдады.
ІІ. Мағынаны тану.
Жаңа материалды түсіндіру. Ой қозғау.
- Балалар, құстар қай уақытта ұшып келеді? – көктемде
- Көктемде ең алғаш ұшып келетін қандай құс? – бозторғай
- Ал қарлығаш қашан ұшып келеді? – ең соңғы болып
- Жақсы, балалар, көктемнің алғашқы айын атаңыздаршы – наурыз
- Наурызда болатын мейрамдарды білеміз бе, атайықшы? – 8 наурыз, 14 наурыз, 22 наурыз
- Өте жақсы, 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні дедік. Неге Ұлыстың Ұлы күні деп аталған? – ескіше қазақтарда жыл басын тойлаған, себебі көктем мезгілінде жан – жануарлар төлдеп, дала жасыл кілемге оранады екен.
- Жақсы, ендеше 22 наурыз күні адамдар қандай көңіл – күйде болады? – өте жақсы, көтеріңкі
- 22 наурыз күнін ел арасында қалай атап өтеді? – ат жарыстар ұйымдастырады, орталыққа киіз ежелден қазақтардың қара шаңырағы болған киіз үй тігеді, адамдар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, түрлі қазақтың ұлттық тағамдарын пісіреді: байырсақ, шелпек, қуырдақ, ас, т.б.
- Ең басты тағам наурыз мейрамында ол не? – наурызкөже
- Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін мәтініміздің тақырыбы «Наурызкөже» деп аталады.
1. Дәптерлеріне күннін жадын, тақырыпты жазғызу.
2. Мәтінмен жұмыс:
- 1 азат жолды бір оқушыға оқытып, сыныппен талдау.
Наурызкөже қай уақытта, қалай жасалады екен? – наурыз айының 22 – сй күні, жеті түрлі тағамнан жасалады (плакат, суреттер)

Тары Бұршақ

Арпа Бидай Күріш Тұз Су
Наурызкөже неліктен қасиетті тағам саналады?
- 2, 3 азат жолды бір оқушыға оқытып, екінші оқушыдан түсінгенін сұрау.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы болып саналады.
Наурыз мейрамы Қазақстаннан басқа қай елдерде тойланады? – Үндістан, Кавказ, Бұхар, Ауған, Иран
Бұл елдерге қарағанда біздің елде неге айрықша аталып өтеді? – себебі, наурызды ескіше тоғызында, жаңаша 22сынде тойлаған, күн мен түн теңелуі, қыс өтіп, жаз келіп шаруаның кенелу кезі қазақтар үшін үлкен мейрам.
- Мәтінді қорытындылау.
ІІІ. Толғаныс.
А) Жаңа материалды бекіту.
- 5 жолды өлең.
1. Наурыз 1. Наурызкөже
2. Күтеді, тойлайды 2. Пісіреді, ішеді
3. Көңілді, әдемі, ұмытылмас 3. Дәмді, киелі, қасиетті
4. Наурыз көктемнің алғашқы айы. 4.Наурыз мейрамында Наурызкөже дайындалады.
5. Мейрам 5. Тағам
Ә) Қорытынды.
- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- балалар, Ұлыстың Ұлы күні ақсақалдар жаңа жыл құтты, берекелі болсын деген ниетпен елге бата береді екен. Ендеше, бізде сабағымызды қорытындылау келе бата алсақ.
Б) Бағалау. Күнделікке бағаларын қойып, мадақтау.
В) Үйге тапсырма.
- «Наурызкөже» мәтінін түсініп оқу.
- «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында шағын шығарма жазу.

- Сабақ аяқталды.
- Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.