Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Наурыз – шілдехана тойы -

Наурыз – шілдехана тойы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1174 | Размер: | Автор: гость
. Тәрбие сағат – «Наурыз – шілдехана тойы»

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасрыға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, балалардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне, ұлттық әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Ұлттық киімдер, дастархан, ою-өрнек, құрақ көрпешелер.
Плакаттар:
1. «Салтын сүймеген – халқын сүймейді».
2. Ойын бөлмесі мерекеге безендірілген.

Тәрбиеші: Қымбатты балалар, бүгін біздің ашық тәрбие сағатымызда мейманда ағайлар мен апайлар қатысып отыр.
Балалар: «Қош келдіңіздер!»
Тәрбиеші: Балалар, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұраларды – ұлттық сал-дәстүр мен имандылық қасиеттер, және әдет-ғұрпын білуіміз керек.
2005 жылы мәдени мұраларды сақтау конференциясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деді: «Қазақтың көне тарихында шежіре болып сыр шертетін асыл мұралар аз емес. Біз оларды көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп жүруіміз керек».
Балалар бабаларымыздан бізге қалдырған асыл мұраларының бірі - «шілдехана тойы». Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. Бұған өнерлі жастар ашық той болғандықтан, шақырымсыз келіп, таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап, ән салып, күй тартады, қыз келіншектер мен боз балалар айтысып, жеңгендері сыйлығын алады. Шілдеханаға үйдің иелері мынандай дастархан жайып қонақтарды күтеді.
Әр-түрлі ойындар ұйымдастырылады. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды, жаңа туған нәрестені әр-түрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.
Шілдехана – өмірге адам келгеннің, оған қуанудың бір белгісі. Ал біздің сәбиіміз өмірге наурыз айында дүниеге келді.
Айдана:
Сүйінші әже, сүйінші
Бөпе келді дүниеге!
Сүйінші ата, сүйінші
Батыр келді бұл дүниеге!
Тұрсынкүл:
Сен келдің деп өмірге
Шырақ жағып көңілге
Қуануы қауымның
Тегін емес тегінге!
Ән «Бөбегім».
Ұлболсын:
Бабам қазақ қаншама бала сүйген
Мұрагерім болсын деп мақсат қылып
Ұл дауысы шыққанда қараша үйден
Ат сойып, той қылған, ат шаптырып
Ирада:
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз қып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұмыры.
Танец «Қамажай»
Тәрбиеші: Балалар, сөйтіп жастар өмірге келген баланы қарсы алған.
Ал енді ата-бабаларымыздан қалған бала, ана туралы мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріңдерші.
Зауре:
Жасыңда қылжың болсаң,
Өскенде мылжың боласын.
Мохигул:
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл
Құлша тәрбиелесең – құл.
Назерке:
Балалы үй – базар
Баласыз үй – қу мазар
Айжан:
Атаңның баласы болғанша
Адамның баласы бол.
Аякөз:
Қыз өссе – елдің көркі
Гүл өссе – жердің көркі
Хуснэ:
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер
Феруза:
Ананың ойы балада
Баланың ойы далада.
Балжан:
Бесіксіз үйде береке жоқ.
Тәрбиеші:
Ал балалар енді денелерімізді сергітіп алайық.
Хором:
Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Дене сергітіп алайық
Қарлығашқа ұқсайық, кәне қанат жасайық,
Ұшып, ұшып алайық, орнымызды табайық!
Тәрбиеші:
Балалар біздің ата-бабаларымыздың тағы «баланы сынау» дәстүрі бар екен. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен ата-бабамыз баланы сынаған, мысалы: бетінде қалы болса – балуан болады деген, жастықтың үстінде ұйықтайтын болса – ел басқаратын көсем деген, маңдайы кең болса – жайдарлы, желкесінің шұқыры үлкен болса – жалқау болады деген, етпетінен ұйықтайтын болса – қызғаншақ, аяқ – қолын төрт жаққа созып бей-жай ұйықтайтын болса кемеңгер. Баланың бір құлағы екіншіден үлкен болса – күйші болады деген.
Ұлболсын:
Біздер бұрын көрмеген
Салт-дәстүріміз өлмеген
Үйренеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген
Аружан:
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз!
Ән: «Ата дәстүрі»
Тәрбиеші: Балалар дүниеге келген жас нәрестеге ата-аналары мен ата-әжелері үш күннен қалдырмай ат қою дәстүрін жасаған. Ат қоюды үлкен және ардақты ата, әжелерге ұсынған.
Әже Тұрсынкүл: «Көрші әжеге ұсындым ат қоярын баламның!»
Көрші әже Ақжарқын: «Мақтан тұтар ата-анаң, атыңды қойдым Наурызбай», (құлағына) сенің есімің Наурызбай!
Тәрбиеші: Біздің ардақты әжеміз баланың есімін Наурызбай деп қойды. Наурызбай баламыз сияқты батыр болсын деп, жаңа күнге ұқсап өмірі жарық болсын деген ниетпен қойды.
Тәрбиеші: Балалар естеріңе түсіріңдерші, біз өткенде «ат қою» дәстүрі туралы әңгімелескенбіз.
Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға қандай ат қойған?
Балалар: Абай, Ғабит, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлебек, Ыбырай.
Тәрбиеші: Ал ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай?
Балалар: Анарбай, Қалдыкүл, Сүндет, Құдірет.
Тәрбиеші: Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен (қойған) қандай аттар қойған?
Балалар: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
Тәрбиеші: Ал сендердің аптарыңды, қыздар, ата-аналардың аспан әлемінің, асыл тастардың, нәзік өсімдіктердің атын қойған, сендер солай әдемі болып өссін деген ниетпен. Мысалы: Айжан – айдай жарық шашып тұратын, сұлу болсын деген ниетпен қойған. Айдана – айдай бүкіл әлемге есімі мәлім болсын деген. Назерке – назды, сұлу болсын деген. Ал сенің атыңды неге Аружан қойды? Білесін бе? Қандай ниетпен қойған? Ұлболсын – ал сенің есіміңді кім қойған? Сүйтіп әр-қайсымыздың аттарымызды бір ниетпен қойған.
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін шілдехана, ат қою, баланы сынау дәстүрін әңгімеледік, ал енді келесі Наурызбекті бесікке қалай салатынын, тұсауын кескенін әңгімелейміз.
Ал енді нақыл сөздерге көңіл аударайық. «Салтын сүймеген, халқын сүймейді» дегенді қалай түсінесіндер? (балалардың жауабы)
Ал енді суреттермен танысып өтейік.
Тәрбиеші: Балалар ата-бабаларымыз батамен ел көгерер деген, біз сол салт-дәстүрді ұстанып шілдехана тойын аяқтап үлкен әжемізден бата сұрайық.
Ақжарқын:
Берейін бата тойыңа
Амандық берсін басыңа
Бөденедей жорғалап
Қыдыр келсін қасыңа
Бар екен деп тасыма
Жоқ екен деп жасыма
Даулет келер басыңа! Әумин!
Тәрбиеші: Осымен, қымбатты меймандар, біздің ашық сағатымыз аяқталды! Келіп бізді тыңдағандарыңызға рахмет! Біздің дастарханымыздан дәм татыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.