Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Наурыздағы тілек . -

Наурыздағы тілек .

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1190 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы : Наурыздағы тілек .
Мақсаты : Жыл басы наурыз туралы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже:Наурыз мейрамы туралы білімдері кеңейіп,жақсы тілек айтуға машықтанады.
Көрнекілік. Интерактивті тақта ,плакаттар,стикерлер.

Сабақтың бөлімі Әдіс-тәсілдер Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Білу
7мин
«Ыстық орындық»

Сөзжұмбақпен
жұмыс Ұйымдастыру кезеңі
Сұрақтар қою
-Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
-Ал, наурыз айында қандай мерекелер бар?
-Анамызға қандай сыйлық жасадық?

Наурыз қызды шақыру

Топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Сөзжұмбақтан Наурыз көже деген сөз шығады.

Балалар сұрақтарға жауап береді

Наурыз қыз келеді:
Наурыз - қыз:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір - біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.

Ай аттары арқылы топқа бөлінеді.

«Ыстық орындыққа» отырып үй тапсырмасын айтады
-Сұрақтар қояды

-Шешуін табады.

Түсіну
10 мин
Видео жазба Әр адам отбасы мүшелерін немесе туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді.Наурыз көжеден дәм татады.
Бүгін өтетін тақырыбымыз Наурыздағы тілек.
-Тілек деген сөзді қалай түсінесіндер?
Бағдарлайды.
Тізбектей оқыту

-Балалардың жауабы

Тізбектей оқиды.
Қолдану
8мин «Визуалды айғақтар»


Топтық
Жұмыс

Сергіту сәті -Балалар наурыз мейрамында не істейді?

1-топ:-Қандай ұлттық ойындарды білесіндер?
2-топ:-Наурыз көжеге қандай дәмдер қосылады?
3-топ:-Көктем мезгілінің белгілері?

Наурыз сергіту сәті Балалар сұрақтарға жауап береді.

Флипчарт

Берілген суреттер ішінен тиістісін тауып жабыстырады.

Билейді
Талдау
5мин «Мен айтып көрейін» Қандай мақал-мәтелдер,Бата білесіндер? Білетін мақалдарын,баталарын айтады.

Жинақтау
8мин «Автор орындығы» Дәптерімізді ашып,ата-аналарына,ұстаздарға,достарына тілек жазайықшы Оқушылар тілектер жазып,автор орындығына отырып оқиды.
.

Бағалау
5мин Балалар бүгін не білдік?
Смайлик арқылы бағалау Балалардың жауабы
Үйге тапсырма

Тілек өлең жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.