Меню
Назад » » »
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
загрузка...

загрузка...

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің

Тарих пәні мұғалімі Бекишева А.

Пәні: тарих

6-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

Мақсаты: Сынып оқушыларына Ғұндардың тарихымен таныстыру. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы туралы жан-жақты мәліметтер беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау шығармашы-лық әзденіске ұмтылуын дамыту.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, өз елінің тарихын оқып білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау сратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек сызба, суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сыныпта тыныштық орнату.
  2. Оқушыларды түгелдей. Сәлемдесу.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

1. Үй тапсырмасын пысықтау.

«Ой қозғау», «Кім жылдам»

2. Ойлан тап.

 

 

4 тапсырма:       Тарихи диктант

І қатар: Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорға хабарында «Қаңлылар өркөкірек өжет келеді». Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады делінеді.

ІІ қатар: Қазба жұмыстары кезінде Пұшық Мардан қаласы маңындағы Қастөбе қоныстары зерттелді. Бұл жерден б.з. І-мыңжылдығының алғашқы жартысындағы қала орны табылды. Қала ортасынан бекіністің қираған үйіндісі аршылды, құрылыстың бірінші қабатынада күмбез тәрізді тар дәліз болған. Құрылыстың екінші қабатының 1-1,2 метр биіктік қабырғалары табылған.

ІІІ қатар: Жерлеу құрылыстары әр аймақта әр түрлі болып келеді. Қауыншы мәдениетіне жататын аймақта қайтыс болған адамдар киімімен жерленген. Олардың қасына тамақ салатын, су құятын ыдысы мен қажет заттары қойылған. Ер адамдардың жанына семсер, қанжар, садақ сенімді қарулар, ал әйелдерге моншақ, айна, сырға сияқты әшекей заттар қойылған.

5-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу.

Үй тапсырмасын қорытындылау. Қаңлылар.

  1. Қаңлылар туралы деректер қай елдің деректерінде кездеседі?
  2. Қаңлылар астықты қайда сақтайды?
  3. Қытайдың қол айналары қай қырымнан табылды?
  4. Аудан 50 га, жерді алып жатқан ірі метал өндіру орталығын ата?
  5. Шыршық өзенінің сол жағалауынан қазылған арық?
  6. Қаңлы қоғамында тұтқындар қалай аталады?
  7. Қаңлы теңгелері көп табылған аймақ?
  8. Ханның орынбасарлары қалай аталады?

 

 

 

Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің тарихы былай жазылған: Мөде өз әкесімен болған күресте билікті қолына алады. Өз ара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері бұл жағдайды пайдаланып, соғыс жариялауға бел байлайды. Бір күні көрші ел Дунхудың елшілері Мөдеге келіп, одан өзінің ең жақсы атын беруді талап етті. Бұған ақсақалдар қорланып, Дунхуды жазалау үшін соғыс бастауды өтінді. Алайда Мөде «Көрші отырған адамдар мен бір ғана атты аяудың қажеті не?» деп, өзінің сүйікті атын беруді бұйырады. Біраз уақыт өткеннен кейін елшілер қайта келіп, патшалықтағы ең сұлу әйелді – Мөденің әйелін беруді талап етеді. Ақсақалдар бұл қорлыққа шыдай алмай, құтырған көршлерді жазалау үшін соғыс ашуды талап етеді. Ал бірақ Мөде әйелін беріп жібереді. Дунху үшінші рет шекаралық біраз жерді беруін талап етеді. Ол мал жаюға қолайсыз, ешкім тұрмайтын шағын ғана бос жатқан жер болатын. Жер иесіз болатын, оны екі жағынан: бір жағынан – Хунну, екінші жағынан – Дунхулар қорғап тұратын еді. Хунну ақсақалдарды мұндай қолайсыз жатқан жер үшін араздасудың қажеті жоқ шығар деп шешіп: «Жерді беруге де бермеуге де болады – десті». Мөде ашуланып «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» деді. Әскерін жинап, Дунхуге шабуыл жасап, оны талқандап, олардың аумағын өзіне қосып алды. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы осылай пайда болды. Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 ж. болған дейді.

Ғұндар Енесейдің жағалауларында іле Алтай тауларында мекендеген көрші тайпаларды бағындырған. Қытайды алым – салық төлеуге мәжбүр еткен. Ол жыл сайын Жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп отырған.

Ғұндар бірлестігі шыққан тегі әртүрлі тайпалар мен этикалық – саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылған.

 

 

Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындары мен қоса белгілі бір аймақ белгіленген. Ер азаматтардың барлығы белгілі бір жасаққа тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулар мен шұғылданып, қару-жарақ, найза, қылыш, жебелі садақ алып жүруге тиіс болған.

Имерияның басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралды. Барлық бекзадалар «Аспанғағ жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге құрбандық шалу үшін жылына 3 рет шаньюйдің алдына жиналды». Олар мемлекеттік істерді талқылады.

Қытай дерегінде ғұндардың күш қуаты туралы былай дейді: «Ғұндардың құдыреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барып, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, ақыз-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» деп жазады.

Қытай жылнамаларында айтылғандай б.з.б. 4 немесе 3 ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықта мекендеген Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Олар көрші жатқан тайпаларды басып алумен қатар Қытай жеріне шабуыл жасады. Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары 300 жылдан астам уақытқа созылған.

Б.з.б. 3 ғасыр аяғында Цин патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 4000 шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр салым күзет мұнарасы қойылған.

Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген уақыты Мөде шаньюйдің билік құрған кезі. Мөденің жасаған әскери реофрмалары ғұндарды қуатты мемлекетке айландырды. Ғұндар Қытайдың хань әулиетінің негізін қалаған Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты еткен, сонымен Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдыретті ғұн мемлекеті пайда болды.

Ғұн мемлекеті б.з.б. І ғасырдың ортасында яғни б.з.б. 55 жылы Оңтүстік және Солтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді.

 

Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпасының жеріне жетеді, олармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің Шығыс жағында көшіп-қонуға мүмкіндік алады.

Қазақстанның Оңтсүтік – батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екіншісі толқыны б.з.б. 1 ғасырда басталды. Олардың көрсетілген жерге келуі ондағы алан ас тайпаларын батысқа Каспий теңізіне қарай ығысуына мәжбүр болды. Ғұндар бұл жерде де тұрақтап қала алмады. Олар жылжи отырып Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Сонымен, ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып б.з.б. 4 ғасырына дейін созылды.

 

ІІІ Қорытындылау.

Жаңа сабақтарды бекіту сұрақтары:

 

І.         1. Дунхулардың ғұндарға жиі елші жіберудің мақсаты?

           2. Ғұндарға кімдер алым салық төлеп тұрды?

           3. Ғұндар туралы деректер қай елдің жазба деректерінде

кездеседі?

4. Бекзадалар аспанға, жерге, ата-баба аруағына құрбандық шалу

үшін қайда жиналды?

5. Жиында не талқыланды?

6. Екіге бөлінген ғұндар қандай жағдайға ұшырады?

 

ІІ.

ІІІ Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.

Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 487 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar