Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үндістан. -

Үндістан.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1846 | Размер: | Автор: гость
. Бекбергенова Гүлмира Амирхановна,
№ 22 жалпы орта мектебінің тарих, құқық пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Үндістан.

Сабақтың мақсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыс және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың шығу тарихымен таныстыру.
Оқыту нәтижелері: Бірінші дүниежүзілік соғыс және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың шығу тарихымен танысады, соғыс қаупінің туу себептерін деректерді пайдалану арқылы ашуды үйренеді. Топта жұмыс істеу барысында бір-біріне үйретуді, бір-бірін оқытуды жүзеге асырады.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер «Сұрақ-жауап, әдісі, «Тірек сызбалар», картамен жұмыс. «ЖИГСО» әдісі, «Эссе» жазу, «Батпақты жер»
Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті Ресурстар, көрнекіліктер
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аударады.
Психологиялық көңіл күйді реттейді.
Түстерге қарай төрт топқа біріктіремін.
1. Ақ 2. Көк 3. Сары 4. Жасыл
«Ақ» түсті топ сіздер дің әрдайым ниеттеріңіз ақ болсын.
«Көк» түсті топ көк жүзінде туымыз сияқты желбіреңдер.
«Сары» түсті топ күннің бетін бұлт торламасын.
«Жасыл» түсті топ жас шыбықтай желкілдеңдер.
Әр топ топ басшысын сайлайды. Бағалау парақшасын беремін. Мұғаліммен сәлемдесіп, сабаққа дайындалады.
Оқушылар бес-алты оқушыдан топ құрайды.Психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін әр топтан бір оқушы жақсы тілектер айтады.
Түрлі түсті стикерлер, түрлі түсті қағаздар.
Білу Үй тапсырмасын сұрау
5-мин Ой қозғау
Интерактивті тақтадағы «Сұрақ- жауап» арқылы үй тапсырмалары сұралады (Ондағы сұрақтардың дұрыс, бұрыстығын талқылау арқылы анықтатамын). Әр оқушы берілген сұрақтарға тікелей жауап береді.Сұрақтардың жауаптарының дұрыс бұрыстығын қолдарына берілген түстер арқылы анықтайды. АКТ, Оқушылардың жеке жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қағаздар.

Түсіну
Негізгі бөлім
10- мин

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын Үндістан туралы бейне-фильм ұсынамын.
Нұсқау: Бейне-фильмнен қандай көрініс байқадыңыздар? Қазіргі Үндістан мен бұрынғы Үндістаннан айырмашылығы қандай?
Осы бейне-фильммен, оқушылардың пікірінен кейін оқушыларға жаңа сабақпен тереңірек қысқаша түсіндіріп өтемін. Картадан Үндістанның соғыс болған жерлерін көрсетемін. Оқушылар бейне-фильммен танысады. Сұрақтарға байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салады. Картадан сұрақтардағы берілген тапсырмаларды табады. АКТ, плакат, түрлі түсті маркер.

Қолдану Витаминдердің жетспеуінен қандай аурулар пайда балатынын анықтаңдар.
9-мин Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасатамын.
Нұсқау: Тақырыпты әр топқа бөліп беремін. Әр топқа берілген тапсырманы өзара талқылатамын. «ЖИГСО» әдісі арқылы тақырыпты толық меңгертемін. Әр топ берілген тапсырманы өздері талқылап, басқа топтарға түсіндіре отырып, пікір алмасады. Оқулықтан алынған материалдар

Сергіту сәті
2-мин Бір оқушыны сыртқа шығарып, қайта кіргіземін. Оның маңдайына бір сөз жасырамын.
Сырттан келген оқушы сөзді табу үшін оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар сұраққа тек «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді. «МЕКТЕП» сөзіне байланысты нақыл сөзді хормен айтады. Интеракативті тақта.
Талдау Шығармашылық жұмыс
10-мин

Әр топқа жекелей «Үндістан» тақырыбына эссе жазуды тапсырамын. Топтарға жазған эсселерін оқытамын. Әр топ жұмыс дәптерлеріне жазады. Тапсырманы орындаған топ қолды бір рет шапалақ ұру арқылы білдіреді.Топтар өздерінің жазған эсселерін оқып таныстырады. Интерактивті тақтада слайд.

Жинақтау Жаңа сабақта алған білімдері мен керекті ақпараттарды тиянақты түрде жинақтау, еске түсіру
5- мин. Оқушыларға күрделі тест сұрақтарын тарқатамын. Тесттің дұрыс жауаптарын интерактивті тақтаға шағарып қоямын. Оқушылар берілген тесттерге жауап береді. Топ мүшелері өзара ауысу арқылы тест жұмыстарының нәтижесін анықтайды.
Интерактивті тақта, слайд, тест сұрақтары,
Бағалау

2-мин. Оқушыларға бағалау парақтарындағы бағаларын тақтадағы бағалау парақшасына қоюды тапсырамын.
Топтық және жекелей жетістіктерді стикерлермен бағалау. Оқушылардың өзін өзі бағалауы Бағалау парақшалары
Рефлексия 1- мин Muddiest Point «Батпақты жер» бағалау техникасы арқылы кері байланыс бересіздер.
«Екі жұлдыз, бір тілектеріңізді» жазып бересіздер.
Тақырып бойынша екі ұнаған нәрсені, бір тілек немесе ұсыныс жазасыздар. Оқушылар өтілген сабаққа қатысты екі жақсы нәрсе, бір тілектерін және сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жеткізеді. Стикерлер
Үйге тапсырма
Хронологиялық тест құрастыру. Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.