Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Негізгі және туынды сын есім -

Негізгі және туынды сын есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4353 | Размер: | Автор: Публикатор
. Мамекова Гульмира Сагуовна
Астана қаласы
№ 48 мектеп –лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні:қазақ тілі
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты: оқушыларға негізгі және туынды сын есім туралы білімдерін жинақтауға қолайлы орта құру
Сабақтың міндеттері:
1. Негізгі және туынды сын есімді ажырата алуға үйрену;
2. Тақырыпқа байланысты топтастыру білімдерін жүйелеуге жағдай жасау
3. Топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінен үйренуге дағдылану
Күтілетін нәтижелер:
1. Сабақ барысында оқушылар сын есім туралы өз білетіндерін өзгелермен бөлісе алады;
2. Еркін сөйлеуге, ойын тиянақты жеткізе алады;
3. Жеке ойларын ортаға салып, топқа ойын жеткізе алады. Өзгенің пікірін тыңдау жауапкершіліген сезінеді.
Бағалау: «Топтастыру», «Семантикалық карта»,«Дөңгелек үстел»стратегиялары
бойынша бағалайды
Сабаққа қажетті материалдар: әртүрлі тақырыптағы сюжетті суреттер, үлестірмелі материалдар, маркерлер, плакаттар, интерактивті тақта
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: жеке, жұпта және топта жұмыс,«Топтастыру», «Семантикалық карта»,«Дөңгелек үстел»стратегиялары
І. Қызығушылықты ояту сатысы
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Бүгінгі біздің қызықты
Сабағымызды бастаймыз.

Ой қозғау. Топтастыру
Сұрақтар:
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің қандай түрлерін білесіңдер?
Мысал келтір
«Көршіңді тап» ойыны
Шарты: әр топқа қима қағазда жазылған зат есім мен сын есім беріледі. Сын есім өзінің зат есімнің қасына тұрады.
Сын есімдер: әдепті, қызыл, қышқыл, таза
Зат есімдер: қымыз, қыздар, алма, ауа

ІІ. Мағынаны тану сатысы
Семантикалық картамен жұмыс(Топтық жұмыс)
Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
сауыншы
қорғады
көше
қалың
елуінші
тұнық
өсіреді

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
жүргізуші
қызыл
келе жатыр
жиырма
аппақ
ойнады
достар

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
қасқыр
секірді
жұқа
көжек
отыз
көкшіл
ұйықтады

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
жаңбыр
шығарды
дымқыл
мөлдір
жасады
қымыз
көреді

Сергіту сәті (би қимылдары)
Тақтамен жұмыс
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырату.
(Әр топ 1 сөйлемнен жазады.)

Кітаппен жұмыс. 2-жаттығу
Қосымша мәлімет
Мақта (Cossypіum) көп жылдық өсімдік. Мақтадан мақта майы, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады. Жылына 2 рет суарады.
Жұмыс түрі:
1. Жеке ойлау.
2. Жұппен бөлісу.
3. Топпенжұмыс.
4. Ортаға салу. (Жауаптарын тыңдау).

Өзіндік жұмыс. 4-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып, сұрақ қой.

ІІІ. Ой толғаныс
«Дөңгелек үстел» стратегиясы
Әр топқа сурет беріледі. Сол сурет арқылы әр оқушы 2 сөйлемнен жазып, келесі оқушыға беріп, мәтін құрастырады. Сын есімдері тауып, түрлеріне ажырату.
І топ – Ұяны бұзып жатқан оқушылар
ІІ топ – Ағашты сындырып жатқан оқушылар
ІІІ топ – Ұя салып жатқан оқушылар
ІV топ – Ағаш егіп жатқан оқушылар
Бағалау
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз, дей отыра сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:5-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Ереже жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.