Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өнер бірлестігі бойынша жұмыс жасау әдісін түсіндіру -

Өнер бірлестігі бойынша жұмыс жасау әдісін түсіндіру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1434 | Размер: | Автор: гость
. Сабирова Шынар Асылбековна
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
Желаев мектептен тыс жұмыс орталығы.
қосымша білім беру педагогы
хор үйірмесінің жетекшісі

« Өнер бірлестігі бойынша жұмыс жасау әдісін түсіндіру»
Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс - тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі - мектеп оқушыларының іс - әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын - ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.
Тәрбие берудің кез - келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу - тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеті мол, сондай - ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан - жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет - салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп - тамырында жататыны белгілі.
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие - ауадай қажет.
Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп - тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек - зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу - ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар - намыс, қайрат - жігер деген сезімдері бар рухтың мекені - мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу - тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін - өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік - педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай - ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата - ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой - өрісі мен іс - әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға: ән айту, би билеу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда. Мектептен тыс жұмыс орталығыныңдағы өнер бірлестігінде би үйірмесі,домбырамен ән салу,хор үйірмелері жұмыс атқаруда.Соның ішіндегі хор үйірмесіне тоқтала кетейін.
Ән-хор үйірмесінің мақсаты: Жас талантты оқушыларды әншілік өнерге баулу, ән орындаудың ерекшеліктерін ұғындыру, әнді кәсіби деңгейде орындауға тәрбиелеу. Міндеті: Әншілік өнерді түсіне, оны сүйе білуге үйретуге; - Ән орындау ережелерін бұлжытпай орындау дағдыларын қалыптастыруға; - Халық әндері мен композиторлық әндерді құрметтеп, мақтанышпен сазына келтіре орындауға үйретуге; - Музыка екпіні мен ырғағын түсіне отырып әуен сазды тыңдай білуге; - Ән мазмұнына мән беріп,оны түсіне орындауға үйретуге міндетті
Оқу жылының басында бастауыш және орта буын оқушыларынан ән орындауға қабілетті оқушыларды жинап үйірме жұмысын жалғастырдым. Бұл сабақтарда оқушылар музыка тыңдау, репертуар таңдау,жаттығу распевкалар жасау,хормен ән айту әдістері мен тәсілдерінен дәріс алады. Сонымен қатар музыка жанрларымен танысып, оның кәсіби түрде орындалуына мән береді. Тыныс алу, ән орындау ережелерінің сақталуына баса көңіл аударылады. Оқушылар шығармаларды фортепиано аспабының сүйемелдеуімен үйреніп, минусовка көмегімен орындайды. Музыкалық шығармаларды орындау барысында әннің мәтініне баса назар аударып,оның мағынасын түсіне отырып көпшілікке анық, таза жеткізуге үйретемін.Әндерді музыка ырғағымен бірге үйлесімді орындауға қалыптастырамын.
І жарты жылдықта жеке ән орындайтын оқушылары Кудашева Аяулым мен Бакитжанова Қарақат «Қазақ елі», «Астана» әндерін үйренді.
Сонымен қатар 6 сынып оқушыларынан құрылған хор ұжымымен қалыпты жұмыс жүргізіледі. Хор оқушылары әнді қос дауыста орындауды үйренеді. Мектептегі өткізілетін концерттік іс-шараларда мектеп хоры үнемі хор шығармаларын орындайды. “Егемен елім Қазақстан”,“Туған ел” , “Қазақстан Отаным” әндері қос дауыста орындалып жүрген шығармалар. Қазір наурыз айында Астана қаласында өтетін халықаралық “Ақкөгершін ” балалар конкурсына Жақсылық Диляра мен Кудашева Аяулымды вокал бөлімі бойынша дайындаудамын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.