Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Өнерлі қыз, өнегелі Ана» -

«Өнерлі қыз, өнегелі Ана»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2535 | Размер: | Автор: гость
. БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

«Балдәурен» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Ф.Ж. Қожантаева

Тақырыбы: «Өнерлі қыз, өнегелі Ана»
Мақсаты: Балалардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Безендіру: Зал іші көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар.
Жүргізуші: Құрметті, аналар, қыз - келіншектер және қонақтар! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз. Бүгін мерекеге орай бөбекжайымызда өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен Аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер деп мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Құттықтау сөз кезегі бөбекжай меңгерушісі Мәнзия Мұқасқызы Халимуллинаға беріледі.
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән жырымды қабыл ал аналарым!
Ән: «Аяулы анашым»
Жүргізуші:
- Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды қыздарымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.
1-ші қызымыз Садыр Айкөркем анасымен
2-ші қызымыз Батырбек Айсана анасымен
3-ші қызымыз Галимова Құралай жеңгесімен


Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. М.М.Халиммулина (меңгеруші)
2.С.Ш.Мукаева (әдіскер)
3.Г.К.Каюбалиева (орыс тілі мұғалімі)
Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады.
1. бөлім «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру
2. бөлім «Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады» сұрақ- жауап сайысы
3. бөлім «Дәм думан» тағамдар сайысы
4. бөлім. Өнер сайысы
5. бөлім «Сымбатына сән киім жарасады» сән сайысы
6. бөлім «Оң саусағың майысып,шебер болар ма екенсің» үй тапсырмасы
Өнер қуып аналар өтер деймін Бір басына өнерлері жетер деймін. Бәсекеге түскен анасы мен қыздары кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін, –деп бірінші сайысымыз «Тегін білмеген тектілік» анасы мен қызы өздерін таныстырып өтсе.
Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік- деп сайысымыздың екінші бөлімі «Сұрақ- жауап» сайысы салт- дәстүрге байланысты болмақ.
Әділ қазылар мүшелерінен сұрақ жауап сайысының бағасын тыңдасақ.

Жүргізуші: Сайыскерлеріміз келесі бөлімге дайындаламын дегенше балаларымыздың сахналық қойылымын тамашалаңыздар!
Сахналау. «Анамды жақсы көремін»
Сырт жақтан: Мама мама деген үн шығады.
Жүргізуші: бұл не дыбыс? Кім мамасын жоғалтқан. Қоян залға кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын.
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрінде алдаймын. Қоянның қасына келіп : Әй қоян сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі
Түлкі: Өтірік айтпа менің мамам бәрінен әдемі. Нанбасаң қара (артына қарайды мамасы жоқ?)
Ой менің мамам қайда (басын ұстайды)
Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой
Екеуі: Біз мамамыздан адастық.
Аю: Мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп-сұлу, әп-әдемі
Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі, жоқ менің мамам әдемі-деп үшеуі дауласады.
Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға: қарқ-қарқ бұл не айқай шу. Сендер мында екенсіңдер ғой. Сендерді мамаларың іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет қарға. Біз мамаларымызға кеттік алақай!
Қарға: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе тағы да жоғалтып аласыңдар.
Жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды.
Жүргізуші: «Дәм- думан» тағамдар сайысы аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік.
- Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ - қазыларымыз өз бағаларын бергенше би ұсынамыз.
Би: Әділ қазылар кезек сіздерде тағамдардың бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші:
Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші депте айталық.
Талаптарың таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді -дей отырып біздің сайыскерлеріміздің өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасынан сайыскерлердің өз өнерлеріне қойған бағасын тыңдайық
Жүргізуші: «Сымбатына сән киім жарасады» деп аналарымызбен қыздарымызды ортаға өздерінің дайындаған сән үлгі киімдерімен қошеметтеп шақырайық.

Жүргізуші: Сән үлгісінің бағасын әділқазы алқаларынан сұрайық.

Жүргізуші:Сонғы сайысымыз «Он саусағың майысып,шебер болар ма екенсің»үй тапсырмасы
- Ал, құрметті көрермендер осымен «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты байқауымыздың барлық бөлімдері аяқталды. Әділқазы мүшелері өздерінің шешімдерін шығарғанша балалардың биін тамашалаңыздар.
Би: «Вальс»
Әділқазыларға сөз кезегін берейік
Жүргізуші:
Міне сайыстың соңына жеттік
Қызығы мен қуанышына бөлендік
Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.