Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрену -

Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрену

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1413 | Размер: | Автор: гость
. Рахмадиев атындағы Үржар балалар музыка мектебі.
Мемлекеттік мекеме.

Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрету.

Еркеғали Рахмадиев атындағы
музыка мектебінің оқытушысы
Андасова Жанат Заманбекқызы

Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрену

Ән айтуға баулу жолында мынадай жағдайлар кейде ескеріле бермейді:сөзді дұрыс айтқанмен, оның анық жетуіне назар аударылмайды немесе сөзі анық айтылғанымен дұрыс айтылмай жатады.
Орфоэпия грек тілінде orfos – дұрыс, epos сөз, яғни сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Алғашқы әншілікке баулу туралы еңбектердің өзінде ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған. Ю. Барсов өзінің «Әншілікке тәрбилеу тарихынан », Ломакиннің «Ән айту методтары» деген еңбектерінде былай дейді: «Ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе сөзді анық айту. Сөзді дұрыс дауыстай білмеу әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді.» Бұл ескертулер қазір де мәнін жоғалтқан жоқ. Көптеген ұстаздар ән айту барысында дыбыстың күшті де дұрыс шығуына ден қояды да, сөзі назардан тыс қалып қалып қалады.Бұл мүлде жіберуге болмайтын қателік.
Қалай болғанда да, әр халықтың тіліндегі үндердің дыбысталуына, оның сөз құрау ерекшеліктеріне мән беру қажеттігін ән салушылар сезінуі тиіс. Мәселен, қазақ тіліндегі «тамақпен» айтылатын қатаң дауыссыз дыбыстар ән салуда қиындықтар келтіреді деп саналған.Зерттеуші С. Татубаев жұмсақ дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі / а, ә, е, о, ұ, ү, і, ы/ қазақ әндеріндегі сөздің айтылуы үндігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазақ сөздеріндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыбыстарға ауысып айтылатын кездер болады. Мәселен «қ» және «к» жұмсақ «ғ» және «г» дыбыстарына ; мұның бәрі мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады. / А, Е,Ы,І,Ж,З,И,Л,М,Н,Ң,Р,У/
Мысалы:

жазылуы айтылуы
Жаз қандай Жаз ғандай
Төл күтіп Төл гүтіп
Зеңгір көктен Зеңгір гөктен
Мен құсап Мен ғұсап
Құлыншақ ау Құлыншағ ау
Ақ жаңбыр Ағ жаңбыр
Қол қусырып Қол ғусырып

Осындай қатаң дыбыстардың ұяң дыбысқа ауысып айтылуы үннің тартымдылығын, әуезділігін арттырады.
Ұстаз мынадай ерекшеліктерді есте ұстағаны жөн: «б» мен «»п әрлі дауысты А, Е,О,Ө,Ә,У,Ү,Ұ,Ы,І немесе дауыссыз З,Л,И,Р әріптерінен кейін келетін болса «в» әрпіне жақын етіп айтылады. К. Неғалиеаның «Қазақтың орфоэпиялық сөздігі» еңбегінде бұл таңба былай белгілеген «б»v
Жазылуы:

жазылуы айтылуы
Асыр сап ойнадық Асыр сабv ойнадық
Біз бақытты Біз бvақытты
Гүл бақшада Гүл бvақшада

Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа аяқталып , келесі сөз де дауысты дыбыстан басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады.

жазылуы айтылуы
Шилі өзен Шил * өзен
Жерде отыр Жерд *отыр
Қарда орамал Қард * орамал

Кейбір сөздердің «айтылу» және «жазылу» заңдылықтарын мысалға келтірдік. Бұл заңдылықтарды сақтай отырып, жұмыс істеу музыка маманын мектеп оқушыларын ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесуі сөзсіз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.