Меню
Назад » » »
Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны
загрузка...

загрузка...
Қарағанды қаласының білім бөлімі
Жалпы білім беретін N 77 мектеп - балабақша кешені

Ашық сабақтың тақырыбы:
Нысанбай жыраудың
«Кенесары – Наурызбай» дастаны

Өткізетін: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Копбалина Галия Сериковна

Қарағанды - 2014

Копбалина Галия Сериковна
Жалпы білім беретін № 77
мектеп – балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ұлт-азаттық қозғалысының жыршысы Нысанбай Жаманқұлұлының дастанымен таныстыра отырып, дастан мен Кенесары бейнесіне түрлі көзқараста баға беру арқылы сабақ мақсатына жету.
2. Дамытушылық: ізденіс арқылы логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, шешен сөйлеуін шыңдау, ғылыми еңбектер мен дерек көздерін салыстыра отырып өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Кенесары, Наурызбай бейнесі арқылы ұлтжандылық сезімін дамыту, түйінді шешім қабылдауға баулу.

Сабақтың типі: талдау – жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: кіші ғылыми кеңес

Оқыту технологиясының негізгі тірек көзі:
Қ.О.Бітібаеваның конструкторлық жобалау технологиясы (проблемалық оқыту технологиясы мен жобалап оқыту технологиясы).

Сабақтың әдісі: хабарлама, ғылыми, қосымша материалдармен өзіндік жұмыс, пікір қорғау, проблемалық сұрақтар қоя отырып іздендіру, болжам жасау, оны дәлелдеу, жинақтау, салыстыру, талдау.

Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, қосымша материалдар, сызба, слайд, бейнефильм, технологиялық карталар.

Алдын ала берілген тапсырмалар:
1 - топ: «тарихшылар»
Тапсырмасы: «Кенесары –Наурызбай көтерілісі, Кенесарының тарихи бейнесі
1. Қабулдиевтің «Қазақстан тарихы» оқулығы, 8 – сынып (1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс)
2. Е.Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» (зерттеу еңбегі, Кенесары Қасымовтың 10 жыл бойы жүргізген ұлт – азаттық күресі)

2 – топ: «әдебиетшілер»
Тапсырмасы: Нысанбай кім? Қандай шығармасы бар, зерттелуі, баспа бетінде жариялануы жайлы мәлімет дайындау.
1. Пазылбек Бейсенбаевтың «Кенесары – Наурызбайды» жырлаған Нысанбай жырау жырдағы оқиғалардың куәсі болған» мақаласы. «Аңыз адам» журналы, №21, қараша, 2011 жыл
2. Б.Сәрсенбинаның «Кенесары – Наурызбай – тарихи жыр» мақаласы

3 – топ: «өнер танушылар»
Тапсырмасы: Кенесары бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында.
1. М.Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясын оқу. (төртінші, бесінші перде)
2. І.Есенберлиннің «Қаһар» романынан «Бүліншілік эпилогі» бөлімін оқу.
3. Л.А.Серғазының «Қазақ әдебиетіндегі Кенесары хан бейнесі» мақаласын оқу.


Күтілетін нәтиже:
- Нысанбай жырау, Кенесары, Наурызбай батырлар, тарихи дастан туралы мәлімет алады.
- Туған елі, Отанына деген сүйіспеншіліктері оянады.
- Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интерактивті тақтамен жұмыс жасап, интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.
- Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.

Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ жобасы
Сабақтың негізгі мазмұны, элементі Әдіс-тәсілдер, оқу формалары Оқу жабдығы, қосымша материал
дар
Ι. Ой тастау: Кенесары – Наурызбай көтерілісі жөнінде бейнефильмді тамашалау, Нысанбайдың жоқтауын тыңдау.
Сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен таныстыру:
- Бейнефильмде 1837-1847 жылдар аралығында болған Кенесары ханның патшаның отарлау саясатына қарсы көтерілісі жөнінде айтылды. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жыраудың Кенесары мен Наурызбайды жоқтауын тыңдадық. Нысанбай жырау осы тарихи оқиға жөнінде «Кенесары – Наурызбай» дастанын жазған. Бүгін осы дастанның ерекшелігін, құндылығын талқылау мақсатында ғылыми кеңесте бас қосып отырмыз. Кеңесте тарихшы, әдебиетші, өнер танушы ғалымдар өз пікірлерін ортаға салмақ, олай болса, кеңесімізді бастаймыз.
Сұрақ – жауап, пікірлесу «Кенесары көтерілісі қырғыз жерінде» Марат Қаниевтың бейне-
фильмі,
үнтаспада Нысанбай жыраудың Кенесары
мен Наурызбай
ды жоқтауы
ΙΙ. Проблемалық сипаттағы сұрақ
Кеңесті жүргізуші:
- Құрметті кеңеске қатысушылар, дастанның тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңіздер?
1. «Тарихшылар» Кенесары – Наурызбай көтерілісі туралы мәлімет береді.
Қашан ? Қайда? Қандай оқиға?
1837 ж. қараша Ақтауға шабуыл
1838 ж. 26 мамыр Ақмолаға шабуыл
1843 ж. 27 маусым Көтерілісті басуға Лебедев отряды жіберілді
1845 ж. сәуір Кенесары аулына елшілер кірді
1847ж. Қырғыз жеріне Кенесары әскері басып кірді
Көтерілісшілер қырғыз жерінде
… (сол жердегі көтерілістің барысы бойынша түсінік беру)
Б2 бағытын басшылыққа алу.
2. «Әдебиетшілер» Нысанбай жырау мен оның дастаны жөніндегі деректермен таныстырады.
Нысанбай жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
Өмір сүрген кезеңі мен ортасы Атқарған қызметі
шығармалары

Дастанның жанрлық ерекшелігін, поэтикалық тілін талдау.

Жырдың жанрлық ерекшелігі, поэтикалық тілі Дәлелдеме
1. Тарихи жыр
2. Тарихи-реалистік сипаттағы жыр
3. Батырлық эпос үлгісінде жырланған
4. Эпикалық оқиғаға лирикалық сипат берген
5.Батырларды психологиялық жағынан айқын айшықтаған


«Нысанбайдың бұл поэмасының бір зор қасиеті – эпикалық оқиғаға ақын лирика дәнін тамаша еге білген. Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивтер көп. Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.»
Сәбит Мұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жыл
Б1, Б3, Б5 бағыттарын басшылыққа алу. Оқушы хабарламасы

Оқушы хабарламасы

Слайд, кесте, карта, суреттер

Слайд, кесте
Тарихшылар мен әдебиетшілердің пікірін тыңдағаннан кейін, дастанның тарихи негізділігі, көтерген басты мәселелерін ашу мақсатында кеңес басқарушысы проблемалық сұрақтар қояды.
1.Дастан неге «Кенесары – Наурызбай» деп аталған? («Қырғыздағы қырғын», «Қазақтың соңғы ханы», «Көтерілістің күйреуі» емес ...)
2.Осы дастанды жырлаудағы ақынның басты мақсаты не деп ойлайсың?
3.Кенесарының қырғызға қарсы соғысына автордың көзқарасы қандай?

Тарихи мәлімет Ортақ мәлімет Дастанның өзгешелігі


(кеңес мүшелері тарихшылар мен әдебиетшілердің хабарламаларын тыңдай отырып, кестені толтырады, сұрақтар қойылғанда өзінің түйінді шешімін айтады.)

Кеңесті жүргізушінің қорытынды сөзі: «Кенесары– Наурызбай» - тарихи жыр.
Алайда әдебиет – тарих емес, тарихи күрестің, оқиғалардың сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығуын талап етуге болмайды. Кейде дәл келсе, кейде тарихи шындықтан ауытқып жатуы мүмкін. Олай болуы заңды.
Түйінді ой: «Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.»
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл
а) проблема-
лық сипаттағы сұрақ
ә) оқушының салыстыру жұмысы мен хабарламасы
б) әңгіме – лекция

Кесте
ΙΙΙ. Кеңесті басқарушының проблемалы баяндауы: дастанда Кенесары бейнесі, көбінесе тіке, тура суреттелмей, қасындағы батырлар ерлігін, тапқырлығын көрсете отырып сомдалады. Ақын дастанда соғыс барысын баяндай отырып, Наурызбайдың батырлығын, қайратын айрықша сипаттайды.
- Сонда дастанның басты кейіпкері кім?
«Әдебиетшілер» дастаннан дәлелді мысалдар келтіреді.
Дастандағы кейіпкерлер
Лирикалық кейіпкер Нысанбай Кенесары Наурызбай

Тарихшылар: «Кенесары Қасымұлы – аса көрнекті мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы» деген тақырыпта ой қосады.
Б2 бағытын басшылыққа алу.
Өнер танушылар: «Кенесары бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында» тақырыбында зерттеулерінің нәтижесімен таныстырады.

№ Кенесары мен Наурызбай әдебиет пен өнер туындыларында Шығармалардағы Кенесары бейнесі

Ұлылар үндестігі.
Нысанбай жыры мен Әуезов пьесасы бір тақырыпқа жазылған шығарма …
Б6, Б7 бағыттарын басшылыққа алу.
Осы жұмыстардың қорытындысы ретінде кеңеске қатысушылар интервью – сұхбатқа жауап береді.
Б8 бағытты басшылыққа алу.
№ сұрақтары Оқушының жауабы
1.

2.

3.

4.

5. Бір оқиғаны суреттеген үш шығармадағы Кенесарының бейнесі қандай?
Дастан мен трагедиядағы Наурызбай бейнесін сомдаудағы айырмашылық неде?
Дастанның басты кейіпкерлері кімдер?
Ұлт-азаттық көтерілісін жырлаған жырау мен жазған жазушылар неге Кенесары мен Наурызбайды басты кейіпкер ретінде алған?
Бұл шығарма бізге несімен құнды?

Түйінді ой: «Кенесарының қайғы - өкінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе – Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әлдеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады.»
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл

а)Проблемалы баяндау
ә) проблема
лық сипаттағы сұрақ
б) оқушы хабарламасы
в) интервью – сұхбат

г) салыстыру

Кесте, слайд,
суреттер
Сабақты қорытындылау.
Кеңесті жүргізуші: әр топ жоба-болжам бойынша жұмыс жасады, қорғады. Ғылыми кеңес алдына қойылған проблемалы сұрақтардың жауабын іздеу барысында мақсатына жетті. Қорытындылай келсек, М.Әуезов «Кенесары – Наурызбай» жорығы туралы кейінгі талай ақын талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысанбай жеткен өріске жеткен емес» деген еді.
Хан Кененің қалдырған іздері – шайқас болған жерлер, жер атаулары, жырлар. Сондай жырдың біреуі - Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» тарихи дастаны. Бұл – тарихи таным тұрғысынан да, көркемдік тұрғыдан да құнды туынды.
Түйінді пікірді шығару Жоба – болжам кестесі

Бағалау. Топ басшыларының бағасына мұғалім сыни көзбен қарай отырып қорытынды бағасын шығарады.

№ аты- жө
ні сұрақтар Оқушының ойын жеткізуі
1 2 3 Ой жүйе. Нақты. Айқын, таза.


Бағалау парағы

Үйге тапсырма. «Жырау сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында ойтолғау жазу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастаны можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 275 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar