Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ- ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ -

ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ- ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1545 | Размер: | Автор: гость
. ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ- ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Мамытова Қаламқас
Бәйдібек ауданы,Шаян лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тәуелсіздік алғалы Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, осы салаға барынша назар аударуда. « Қазақстанның адам капиталының сапалық өсімінің басты кепілі- білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек « білім беру үдерісіне замануи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда. Соған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Осы бағытта әлем елдерінің білім беру тәжірибесінің озық үлгілерінің бірі Англияның Кембридж университетінің тәсілдеріне негізделген оқытудың жаңа үлгісі «сындарлы оқыту» елімізде "Өрлеу" Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының мұғалімдерге арналған 3 айлық курстары арқылы бұл мәселені шешуде.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
• Қазақстандық мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігіне ену үшін заман талабына сай үздіксіз білімі мен кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу.Себебі мұғалім-қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы керек.
• Келесі бір мақсаты бүгінгі күннің талабы болып отырған оқытудың иновациялық технологияларының тиімді әдіс - тәсілдерін меңгерту.
Әлем жылдам өзгеруде, бұл қарқынмен мұғалімдер де өзгеріп отыру қажет. Себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өзгертудегі негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да өз құзіреттілігі мен кәсіби дамуы үшін әлемдік желілік байланыста болу шарт. Сонымен қатар мұғалім:
1. Мұғалім өз пәнін жетік білуі керек.
2. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын білуі керек.
3. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игеруі қажет. Себебі сапалы білім беру осы 3 элементке негізделеді.
Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сын тұрғысынан ойлау бақылау,тәжірибе,толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. 1956 жылы Америкалық психолог Бенджамин Блумның ұсынған танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі. Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, талдау, жинақтау, бағалау. Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.
 Білу- деректерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау.
 Түсіну- негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету.
 Қолдану –жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану.
 Талдау –біртұтас объектіні жақсылап зерттеу немесе оның мән –мағынасын түсініп –білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу үдерісі.
 Бағалау – объектінің құндылықтарын, кемшіліктерін, маңыздылығын және басқада сипаттамаларын белгілі бір критерилер мен стандарттар негізінде анықтау үдерісі.
Сын тұрғысынан ойлауды,әдетте, білім берудің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарымен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін орта буын және кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында, білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.
Блум таксономиясына сүйене отырып сабақ жоспарлауда ең бірінші негізге алатыным, сабақтың әр бөліміне назар аудару және оқушы сол бөлімдерге сыни тұрғыдан ойлай отырып жауап беруге бағдарланған тапсырмаларға көңіл бөлу. Іс-тәжірибемде 9 сыныпта Қазақстан тарихы пәні бойынша « ХХ ғ әдебиеттің дамуы» тақырыбында сабақ жоспарладым. Бұл жерде 1 білу дәрежесінде, өткен сабақты «ия немесе жоқ» ойыны арқылы жүргіздім. Бұған дейін оқушының нені білетінін анықтау мақсатында құрылды. 2 Түсіну дәрежесінде, миға шабуыл арқылы тақырыпты ашу, топ бойынша мәтінмен жұмыс, түрткі болу сұрағын слайд арқылы әдебиет саласында өз үлесін қалдырған тұлғалар туралы сұрақ қою және түсінік беру тапсырмасы берілді. Бұл тұста оқушы білген мәліметі мен білмегенін байланыстырады және түсінеді. 3 Қолдану дәрежесінде, тақырып бойынша хронологиялық кесте құру тапсырмасын бердім. Оқушы бұл тапсырманы өздігінен орындап, жете түсінетініне септігін тигізеді. 4 Талдау дәрежесінде «Кубизм әдісі» арқылы кубиктің алты қырына алты түрлі сұрақ қойылды. Мысалы:
1 Алғашқы қазақ романын білесің бе?
2 ХІХ ғ әдебиеті мен ХХғ әдебиетінің ерекшелігі қандай?
3 ХХ ғ алғашқы онжылдығында қазақ әдебиетіне үлес қосқан қайраткерлер туралы не білесің?
4 Аз ғана ғұмырында тарихи, әдеби мұралар арқылы өшпес із қалдырған тұлға....
5 Қазақ және орыс жазушыларының ынтымақтастығы нығая түскені неден көрініс табады?
6 1930 ж Қазақ әдебиетінің дамуына қандай оқиға кедергі келтірді? –деген сұрақтар арқылы оқушы тақырыпты тереңнен түсінеді. 5 Жинақтау дәрежесінде «зерттеушілік әңгіме» арқылы диалогқа түсті. Мысалы: С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» роман, Б.Майлиннің «Азамат Азаматович», С.Мұқановтың «Ботагөз» романы туралы не білесің? - деген сұрақтар қойылды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар топта бірігіп, ойласып, бір-бірінің пікірімен санасып жұмыс істеді. Бұл тұста пән аралық байланыс жасап, романның негізгі мақсаты және басты кейіпкері, тарихи оқиғамен байланысы барын айтып, бір-бірімен пікірлесті.Сабақ тақырып аясында ғана емес, сабақтан тыс өмірмен, тәжірибемен байланыстырылып, оқушының ой-өрісінің сыни тұрғыда дамуына септігін тигізеді. 6 Бағалау дәрежесінде оқушы бірін-бірі әр орындаған тапсырмасына, сұраққа жауап бергеніне, түйінді ой айтқанын бақылап, жасаған дүниесіне баға қояды. Бұл тұста оқушы өзін-өзі бағалауды және өзгені бағалай білуді үйренеді.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» деген еңбегінде былай деп жазған: «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі-білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім ».
Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, сондай-ақ интегративті ойлауға қабілетті ойшыл мұғалім қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастылығында оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті қазіргі кезде алдымызға қойылған мәселелердің бірі болып табылады..
Жалпы қарастыратын болсақ Интеграция дегеніміз-пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Пәндердің өзара байланыс деңгейі оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың жолы- сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.
Демек, бүгінгі мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр. Мұндағы бар салмақ мектеп айнасы болып есептелетін мұғалім иығына түспек. Мектеп, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже береді деп айту артық болады. Баланы дарынды, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса сапалы тәрбие беру- әрбір ұстаздың абыройлы борышы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» «ДББ, 2012»
2.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Қарағанды,2011
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 73 - бет
Дереккөз: Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ.
4.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48 – бет

№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп Сайрам ауданы Ақсукент ауылы

ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ- ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ


Ташкулова Роза Бейбитовна
тарих пәні мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.