Меню
Назад » » »
О. Асқаров «Туған жер»
загрузка...

загрузка...
Дилдабаева М.М.,
М. Ломоносов атындағы мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан Облысы Түлкібас ауданы

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «Ә»
Мерзімі: 26.11.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: О. Асқаров «Туған жер»
Сабақтың мақсаты: О. Асқаровтың «Туған жер» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды туған жерін,елін қорғай білуге баулып,патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділіктерін арттыру.
Табыс критерийлері: 1.Оқушылардың өлең идеясын талдап, мазмұнын ашуға мүмкіндік беру.
2. Талдау,өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.
Оқыту нәтижесі: 1.Оқушылар өлең мазмұны мен идеясын талдап анықтауға мүмкіндік алады.
2. Талдау,өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялы дамиды.
Дереккөздер: Әдебиеттік оқу 4-сынып; Мұғалімге арналған нұсқаулық; «Бастауыш мектеп» әдістемелік журналы; Ғаламтор.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, кестелер, бағалау парағы, қима қағаздар, суреттер, АКТ, слайдтар.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Бағдаршам»,«серпілмелі сұрақ»,топтастыру, «алтын ереже», «ыстық орындық», ойқозғау, «автор орындығы» «бес жолды өлең», «еркін жазу», «жанды сұрақ».
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
Қызығушылықты ояту кезеңі
Психологиялық дайындық

Топтастыру

Үй тапсырмасын тексеру Өлең жолдары арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Тақырыпқа сай сурет арқылы топқа бөлу:
І топ: «Мөлдір бұлақ»
ІІ топ: «Заңғар тау»
ІІІ топ: «Жасыл желек»
«Алтын ереже»қайталату.

«Серпілмелі сұрақ» сұрақ-жауап барысы арқылы оқушы оқушыға сұрақ қояды.(Қағазға әр оқушы өз сұрағын жазып,көрші топқа лақтырады.)
Өлең шумағын айтып, психологиялық дайындық жасайды:
Айналаға алақанмен ,
Жылылықты шашайық.
Сәттілік тілеп баршамызға,
Сабақты біз бастайық.

Оқушылар суреттің түстері арқылы топ құрайды.

Топтық ережені қайталады:
1.Бір-бірімізді тыңдаймыз.
2. Бір-бірімізді сыйлаймыз.
3. Белсенділік танытамыз.
4.Уақытты үнемдейміз.
5.Пікірімізді ортаға саламыз.

Әр топ сұрақ құрастырып,«серпілмелі сұрақ» әдісімен сұрағын келесі топқа лақтыру,әр топтан бір спикер шығып «ыстық орындықта» отырып сұрақтарға жауап береді. Сол оқушы көшбасшы болады.
Топтар бірін-бірі «Қол шапалақтау», «Бас бармақ» арқылы бағалайды. 1 мин

Мағынаны тану кезеңі
Ойқозғау

Топтық тапсырма

Ақпаратты жинақтау

Сергіту сәті

Топтық жұмыс

Мәнерлеп оқу

Шығармашылық жұмыс

Бейнебаян көру Жаңа сабақ тақырыбын суретті құрастыру арқылы ашу.
-Ал ,балалар өз суреттеріңді жапсырыңдар.
-Не жинақталды?
Сендерге көмекші сұрақтар:
-Қандай?
-Не үшін керек?
- Пайдасы бар ма?
- Ол туралы тағы не айтасыңдар?

-Ал, балалар, Осы үш жұмысты біріктірсек оған қандай тақырып сай келер еді?
-Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз-дың тақырыбы туған жер. Ал оның авторы О.Асқар.
-Өткен сабақта сендерге О.Асқар жайында мәлімет жинап келу тапсырылған болатын.
Ақпаратты жинақтау:
-Әр топ өз мағлұматтарыңды ойласа келе алдарыңдағы қағазға түсіріңдер.
-Балалар, үш топтың жұмысына қарап құнды ақпаратты табайық.

Мұғалім сол ақпаратты қоршайды.

«Көңілді күн»

-Ал, балалар, О.Асқардың шығармасын оқымай тұрып, онда не туралы жазғанын өзіміз шешіп көрейік, ол үшін алдарыңдағы тірек сөздерді пайдаланып, туған жер тақырыбына шығарма жазайық.

-Ендеше біз ақынның шығармасымен салыстырайық.
-Өлеңді оқуға дайындалайық.
Оқулықты ашып, өлеңді іштей жеке оқу мен әр топтан дауыстап оқу ұсынылады.

-Ендеше туған жер туралы ойларыңды өлең арқылы жазып көрсетіңдер.
«Ақсу-Жабағылы табиғаты» бейнебаянын көруді ұсыну:
-Ал, балалар, тасбақаға шөлі, балыққа көлі,шегірткеге шалғынынан асқан құтты мекен жоқ. Ал сендерге өзіміздің құт мекеніміз Түлкібастың керемет жерлерін, табиғатын көрсетейін. Топ мүшелері суретін ортадағы қағазға жапсырып, ортақ тақырып қояды. Өз тобының суретін қорғайды:
І топ: -Өзен-көлдер суреті пайда болды. Су-тіршілік көзі.Мөлдір,тұнық болады.Су өсімдікке,жан-жануарларға керек.Су-тіршіліктің нәрі.Түлкібастың сулары: Құлан,Арыс,Машат,Қызөлген,Ақсу,Жабағылы. Тері жасушаларын қоректендіреді. Су дене температурасын тұрақтандырады.
ІІ топ: -Таулардыңсуреті пайда болды. Үлкен,биік, зеңгір.Үстіңгі
бөлігінде қысы-жазы қаржатады.Тау дауылдан қорғайды,таудан көп су шығады.Аң-құстың мекені,сұлулық ордасы.Қазақстанда Алатау,Қаратау,
Көкшетау таулары бар. Тау жыныстары минералдардан тұрады. Таудың салыстырмалы жасын жәндіктер мен өсімдіктер қалдығы арқылы айырады. Тау суы минералдарға бай.
ІІІ топ: -Көк шалғын суреті пайда болды.Төрттүліктің жайылымы,аң –құстың кең алқабы. Дәнді дақыл қойнауы Кең.жазиралы, жасыл,Жайқалған. Жайлауда балалар асыр салып ойнайды. Шипалы өсімдіктер сырқаттан сауықтырады.

Оқушы жауаптары тыңдалады:
- Атамекен,туған жер,табиғат...

- Болады.

Әр топ мүшелері өз мәліметін ортаға салады.
Ортақ шешімге келіп, топта О.Асқар туралы постер құрып, қағазға түсіреді, тақтаға іледі, қорғайды.

Оқушылар әр топтағы ақпараттарды өздерінің жұмысымен салыстыра келе өзінде жоқ ақпаратты айтады.
Жаттығу жасап, сергиді, белсенділігін арттырады.
«Еркін жазу» әдісімен берілген тірек сөздерді пайдаланып оқушылар шығарма жазады, тақтада жариялайды. «Қол шапалақтау» арқылы формативті бағаланады.

Оқушылар ақынның шығармасымен өз шығармаларымен салыстырыды.
Оқулықтан өлеңді іштей мәнерлеп оқиды.

Әр топ тізбектеп мәнерлеп бір шумақтан оқиды.

Оқушылар «бес жолды өлең» әдісімен шығармашылықпен айналысады, өлеңін жұбына бағалатады, «автор орындығында» жариялайды.
Оқушылар «Ақсу-Жабағылы табиғаты» бейнебаянынан туған жер табиғатының сұлулығы туралы мәлімет алады.

Ойтолғаныс кезеңі «Жанды сұрақ»

Бағалау

Үйге тапсырма
Бейнебаяннан «Туған жер» тақырыбындағы жанды сұрақтар ұсыну.

Формативті және сумативті бағалау.

О. Асқаров «Туған жер» өлеңін оқу, жаттау (72- бет). Жанды сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі алған білімдерін қорытады.

Топ басшы өз топ мүшелерінің бағасымен таныстырады.

Түртіп алу: Өлеңді оқу, жаттау, сұрақтарға дайындалу.
5 мин

2 мин

1 мин
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушылар сабақтан алған әсері мен ұсынысын білдіру арқылы «Жайлау» тақырыбындағы суретті безендіреді.
«Атамекен»әуені ойнап тұрады. 2мин

Бағалау парағы
Аты-жөні Үй тапсырма Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс Шығар-лық жұмыс Топтағы белсенділік Қортынды баға Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему О. Асқаров «Туған жер» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 334 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar