Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКА МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЖИНАҚТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ -

ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКА МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЖИНАҚТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1549 | Размер: | Автор: гость
. ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКА МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ЖИНАҚТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Болашақ» колледжі
Информатика пәнінің оқытушысы Серикбаева Сандугаш Курманбековна

Компьютерлік техниканы мектепте оқу-тәрбие үдерісінде қолдану көпке дейін пікір-талас тудырып келген мәселелердің бірі және ол жөнінде бір-біріне қайшы келетін екі көзқарасты ерекше атап кетуге болады :
- бірінші бағыттағылардың айтуынша, компьютер өзінің программалық қамтамасыздандыруымен нәтижесі белгілі есептен тең, яғны бір тетігін бассаң - жауап дайын. Сондықтан да компьютер оқушылардың ақыл-ойын тежеп, жалқаулыққа беріліп және болашақта олардың кездесетін қиындықтарға мойыуларына душар етеді.
- екіншілердің пікірінше, оқытуда компьютерді қолдану оқушыларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілеттердің дамып, көрінуіне көмектеседі және жаңа техникаға деген қызығушылықтарын арттырады.
Академик А.П.Ершовтың пайымдауынша, компьютер оқушының интеллектісінің дамуында аса зор көмекші бола алады.
Л.Н.Проколиенко оқу процесінде ЭЕМ-ны (компьютерді) қолдануға қойылатын білім мен іскерлік талаптарындағы екі қарама-қарсы ағымға тоқталады:
1) дәстүрлі оқытуда керекті көптеген дағдылар (Мысалы: ауызша есептеу) ЭЕМ-ны қолдану барысында қажет болмай қалуы мүмкін;
2) машиналық жазу дағдысы жаңа жағдайға байланысты үлкен мәнге ие бола бастайды,
Компьютермен жұмыс істеу жаңалығы Е.И.Машбицтің пікірінше, мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын күшейтіп, қызығушылықтарын арттыра түседі. Бұнда ол шетел зерттеулеріне, соның ішінде О. Пейперттің тәжірибесіне сүйенеді.
О.К.Тихомиров оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қажеттігін оның орасан зор мүмкіндіктерімен және оқушыға берерлік көмегімен түсіндіреді. Автордың пікірінше, аталған мәселені шешуде компьютерлік ойындардың нашар жазылған программаларға қарағанда тиімділігі басымырақ болады.
Компьютер біз үшін әлі де толықтай зерттеліп болмаған техника болғандықтан және соның ішінде, әсіресе мектеп оқушылары үшін тіпті бұл мәселе тек қана педагогтардың ғана емес, сонымен бірге психологтар мен социологтардың, дәрігерлердің, программистердің де қатысуын талап етті. Сондықтан да ғылыми - зерттеу институттарының мектеп лабораториясы жанынан арнайы комиссиялар құрылып, компьютердің мектеп оқушыларына әсері қандай, оның оқушының денсаулығына зиянды жақтары бар ма? сияқты мәселелермен айналысқан еді. Мектептерде жүргізілген гигиеналық зерттеулер компьютермен өткізілген сабақтардың оқушылардың көзінің шаршауына байланысты ауруларды туғызуы мүмкін деген пікірге келді. Соның ішінде бұндай өтініш айтатындар көбінесе көру қабілеті нашар оқушылар екені анықталды. Оқушылар үздіксіз даму үстінде болатындықтан олар ортаның әсерлерін ерекше сезімталдықпен қабылдайды және оқушының көру қабілеті толықтай қалыптасып, оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ететін негізгі ми қабаттарының қызметтері де жоғары дәрежеде болады. Сондықтан сабақтардың оқушының денсаулығына зиян келтірмеуі кажет. Оқушылар мен жасөспірімдердің арасындағы аурудың алдын алу мен гигиенасы ғылыми-зерттеу институтының кызметкерлері оқушыларымен оқу-тәрбие процесінде компьютерлік ойын комплексін қолдану кезіндегі денсаулығы мен оқуға белсенділініне әсерін зерттейді. Зерттеу нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:
1) 6-жасқа дейінгі оқушылардың ЭЕМ-да жұмыс істеу ұзақтығы 10 минуттан аспау керек, себебі сабақтың одан әрі ұзартылуында оқушылардың қозғалыстары көбейіп, ойын кезінде қателіктер жіберуі көбейе түсті.
2) Денсаулықтарына зиян келтірмеу мақсатында оқушылар ЭЕМ-мен аптасына 1-2 рет қана жұмыс істей алады. Ал сабақтың жиі болуы кезінде оқушылардың шаршағандықтары байқалды. Сонымен бірге оқушының жұмыс істеуге белсенділігін және денсаулығын сақтау үшін компьютермен сабақ болатын жердің санитарлық-гигеналық жағдайы да үлкен әсер ететіндігі байқалды.
3) 1-Ү сынып оқушылары үшін – 10 минут;
4) ҮІ-ҮІІ сынып оқушылары үшін – 20 минут;
5) ҮІІІ – ІХ сынып оқушылары үшін – 25 минут;
6) Х-ХІ сынып оқушылары үшін сабақтың бірінші бөлігінде 30 минут, екіншісінде – 20 минут.
Сондықтан да бұндай сабақтарды өткізу үшін темендегі талаптарды сақтау міндетті деп табылды :
а) бір орынға 6 м (кв) есептелген арнайы бөлменің болуы;
ә) оқушының отыратын үстелінің сүйеніші болу керек;
б) оқушы компьютер алдында көзі мен перденің ортасына перпендикуляр болатындай етіп отыру керек;
в) көз бен экранның ара қашықтығы 55-65 см. болу керек;
г) оқушының көзінің шаршағандығын азайту үшін компьютердегі берілетін обьект,бейне анық болу қажет;
д) кабинетті сабақка дейін және сабақтан кейін таза ауамен желдетіп, бөлмені тазалап тұру;
е) үстел мен клавиатураның жарықтылығы 200 лк -дан кем болмауы тиіс;
Сонымен қатар, компьютердің оқушы денсаулығына келтіретін зияндылығын зерттеу нәтижесінде, келесідей тұжырымдар жасалған:
1) компьютер қолдану арқылы өткізілетін сабақтар нерв жүйесіне, сезім, тері органдарына жағымсыз әсер етпейді;
2) сабақ кезінде оқушы организмінің қалыптасу мүмкіндіктері жоғары болады;
3) компьютермен берілген сабақтар оқушылар үшін өте қызықты;
4) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ойындарды таңдап алудың үлкен мәні бар;
5) алдын-ала өткізілетін жұмыс (белгілі сұрақ бойынша білімдерін кеңейту. кейбір белгілермен таныстыру);
6) ойынның тез меңгерілуі үшін ойын мақсатының дұрыс қойылуының үлкен мәні бар;
7) компьютерлік ойындарды ұйымдастырудың негізгі шарты-шығармашылық ойындардың оқушы қалыптасуына жоғары деңгейде әсер етеді;
8) компьютерде оқушылар екеулеп жұмыс істесе берілген тапсырманы жақсы орындайтындары байқалды.
Біздің республикамызда компьютерді мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесінде қолдану меселесі соңғы 10-15 жылдарда ғана қолға алынып келе жатса шет елдерде, сондай-ақ Ресейде жоғарыдағы мәселе бойынша жинақталған бай тәжірибе Шет елдерде жүргізілген алғашқы зерттеулер қатарына Марвин Мински мен Сеймур Пейперттің басшылығымен құрылған топтың жүргізген зерттеу жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Олар 70-жылдардың өзінде-ақ бұл мәселемен тереңірек айналысты.
Жалпы шет елдерде мектептерде жүргізілген барлық зерттеулерді үш бағытта бөліп қарастыруға болады :
1) оқушы компьютерлік оқыту ортасы арқылы өз бетінше дами алатын субьект;
2) компьютер - оқыту құралы;
3) компьютерлік ойындар-дидактикалық құрал.
Бірінші бағыт бойынша жүргізілген зерттеулер АҚШ -та Массачут технологиялық институтында, Франциядағы Халықаралық информатика және адам ресурстары орталығында және Болгарияның мектептерінде жүргізілген.
Пейперттің пікірінше, оқушыны компьютер емес, "оқушы компьютерді программалайды". Осының нәтижесінде ол тек жаңа техниканың бөліктерін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге математика, және интеллектуалды модельдеу өнерінен білім алып, терең ойлауға дағдыланады .
Компьютерлік ойындарды қолдану ерекшеліктерін зерттеу жөніндегі негізгі зерттеулер Купертинодағы оқушылар даму орталығында, Делавар университетінің қолданбалы өнер мектебінде, Мериланд универститетінің оқушылар орталығында және Канаданың көптеген мектептерд өткізілген еді. Зерттеу қорытындысы оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарының зор екендігін және компьютермен жұмыс істей отырып оқушылардың өзара бірлесуге, кейін жұптасып жұмыс істеуге (әсіресе, киналып, көмек керек кезде) итермелейді деген пікірге келді. Сонымен қатар оқушы ойын үстінде сөйлеу, бейнелеу, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз бетімен жаңа бір нәрсені қарастыруға мүмкіндік беруі.
Ж.Хебенштайт пен Аллс Уойт және т. б ғалымдардың пайымдауынша компьютер барлық деңгейдегі адамдардың қолдануы үшін жасалған. Сондықтан да олар әсіресе, нашар үлгеретін оқушылар үшін зор құрал бола алады. Бұл пікірге Е.Брек Д.Нелингтон да қосыла отырып, нашар үлгеретін оқушылардың ауызша жауап бергенде оларды қорқыныш сезімі билеп, беретін жауаптарының қателігіне жолдастарының алдында намыстанып, ұялатындықтарын айтады. Сол себептен, олардың мұғалімнің сұрағына қысқаша, қысыла жауап беретіндігін осылайша түсіндіреді. Осыған орай авторлардың айтуынша, компьютер әсіресе, нашар үлгеретін оқушылар үшін өте қажетті, тиімді құрал деген қорытынды пікірге келеді.
Қазіргі кезде компьютерлік техниканы мектепте қолдануға байланысты үш негізгі көзқарас қалыптасқан. Атап айтсақ,
1) компьютерлік оқу-ойын ортасын оқу процесіне ендіруге және құрастыруға - (Б. Г. Болтянский, В. Б. Рубцов, Москва қаласы; А. М. Довгилло. Э. Л. Ивахненко, Е.Д.Маргулис және т.б.) бағыттылған.
2) Компьютерді оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған және калъкуляторды, графиктік, музыкалық факторларды кең қолдануды (Я.М.Маргулис, А.М.Иванов, Э.С.Баранкина, Самара қаласы) көздейді.
3) Компьютерді оқушылардың танымдық дамуының құралы ретінде қарастырады.
Зерттеуші компьютерді қолданудың негізгі мақсатын күнделікті сабақта алған білімдерін, дағды іскерліктерін бекітуге бағытталган компьютерлік оқу бағдарламаларын қолданудан көрді. Ойын элементтерімен берілген программаларды кеңінен қолдау қажеттігін айта отырып, оны компьютерлік ойындардың оқушылардың қызығушылығын тудырып, шаршағандықтарын болдырмаумен түсіндіреді. Алынған нәтижелерді талдай келе кез-келген пәнді меңгерту мақсатында және оқытудың дәстүрлік әдістерімен салыстырғанда компьютерлік техниканы-пайдаланып оқыту едәуір тиімдірек етеді деген тұжырымға келеді.
Мектеп оқушыларына тән негізгі ерекшелік - қызығушылық. Компьютер пердесіндегі қозғалыс, дыбыс, бояу кез-келген пәннен берілетін материалдың түсінікті және қызықты формада берілуіне көмектеседі. Сондықтан да біз мектепте компьютерлердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оны күнделікті дидактикалық құрал ретінде толықтай пайдалана алатын мұғалімге компьютердің тигізер пайдасы орасан зор деп толықтай айта аламыз. Сөйтіп, компьютерлік техниканы мектептің оқу-тәрбие процесінде қолдану бойынша шетелдерде, біздің елімізде жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдай отырып және өз тәжірибемізге сүйене отырып, сондай-ақ ақыл-ойдың, шығармашылық қабілеттердің дамуына қатысты теориялық материалдарды қорытындылай келе біз төмендегідей қорытынды жасай аламыз:
- компьютерлік техниканы мектепте қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады;
- оқушылардың компьютерде бірлесіп жұмыс істеулері оларды өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірімен ақылдасып барып әрекет жасауға үйретеді.
-компьютерде оқушылардың өзбетімен жұмыс жасауы олардың шы-ғармашылық, реттеушілік сияқты ең қажетті қабілеттерінің көрініп, шыңдала түсуіне көмектеседі;
- компьютер оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады;
- компьютерлік ойындар оқушыларда компьютермен қарым-қатынас жасауға қажетті дағды-машықтарды, іскерліктерді қалыптастыруға көмектеседі;
- компьютерлік ойындар оқушылардың ақыл-ойын дамытып, көрнекі-бейнелік ойлауының қалыптасуына әсері мол;
- программалау тілдерін қолдану оқушылардың компьютерге
деген қызығушылықтарын арттырып, өздеріне "жаңалық" аша отырып программалау ұғымдарын меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге компьютерлік техниканы қолдануда байқалған жағымсыз жақтарын да атап өткен жөн:
- оқушылардың компьютерде жұмыс істеуі белгіленген санитарлык, гигиеналық нормадан асып кеткен кезде оқушылардың көз аурулары көбейіп, шаршағандықтары байқалады;
- мектеп оқушыларына берілетін ойын-программалардың олардың жас шамасына сәйкес келмеуі олардың оқуға деген қызығушылықтарын төмендетеді;
Бұдан біз компьютерлік технологияны мектептің оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану бізден оның жағымды, жағымсыз жақтарын және сонымен қатар мектеп оқушыларының психологиялық педагогикалық ерекшеліктерін есепке алуды талап ететіндігін байқаймыз.
Республикамызда компьютерді мектептің оқу процесіне ендіру жұмысы шет елдермен және басқа республикалармен салыстырғанда кешеуілдетіп іске асуы әрине, біз үшін бір жағынан, өкінішті болса, ал екінші жағынан, бізге олардың озат тәжірибелеріне сүйенуге мүмкіндік туғызып отыр. Сондықтан да біздіңше, республикамызда компьютерлерді мектептің оқу процесінде қолдануда біз осы уақытқа дейін жинақталған дүние жүзілік озат тәжірибелерді негізге ала отырып және олардың, жіберген қателіктерін, жетістіктерін ескере отырып қана үлкен жетістіктерге жететініміз сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. –М.: Педагогика, 1988. -192с.
2. Тихомиров О.К. Понятия и принципы общей психологии. -М., 1992
3. Электрондық ресурс www.mz.gov.kz
4. Болтянский В. Г., Рубцов В.В. Игровые компьютерные среда учебного назначения // Информатика и образование. - 1990 .-С. 10-15
5. Ляудис В. Я. Проблемы и задачи психологии компьютерного обучения. // Психологические проблемы создания и использования ЭВМ.-М.: МГУ, 1985.- С. 26-28.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.