Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқу үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер. -

Оқу үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1331 | Размер: | Автор: гость
. Оңүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
педагог-психолог
Досанова Жанат Смановна

Сабақтың тақырыбы: Оқу үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер.
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушыларды түзету жолдарын қарастыру.
Ата-ана, ұстаз болып бірігіп сапалы білімді,саналы да
тәжірибелі салауатты ұрпақ тәрбиелеу және бала тұлғасының
қалыптасуындағы педагогикалық – психологиялық танымдық
қабілеттерін дамыту және қызығушылығын арттыру
Міндеттері: Оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастық қарым-
қатынаста болуына ықпал ету. Оқушы мен ата-анаға мұғалім
сапалы білім,саналы тәрбие бере отырып, салауатты ұрпақ
тәрбиелеуге педагогикалық- психологиялық
құзыреттіліктерді дамыту бойынша мәліметтендіру.

Қатысушылар: педагог-психологтар
Сабақтың түрі: Дебат - топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: Слайд, плакат, маркер, стикер

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі.Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып,бүгінгі семинардағы дебаттың тақырыбын: «Оқушының үлгерімін тежейтін қиындықтар мен кедергілер» - деп атадық.

Жоспар:
1. Амандасу
2.Слайд көрсету
3.Ұжымды топқа бөлу
4.Бейне ролик көрсету, осы көрген роликке дебат ұйымдастыру
5.Дебатты қорытындылау
6.Сергіту сәті

І.Үлгермеуші оқушыларды түзету жолдары. Слайд.
ІІ.Ұжымды топқа бөлу (өлең шумақтарын тарату арқылы, өлеңнің ұйқасын
келістіріп айтып береді)
ІІІ. І топ. «Ата-ана»
ІІ топ. «Сынып жетекші»
ІІІ топ. «Психолог» - болып үш топқа бөлеміз.

Ата-ана

Сынып жетекші Психолог

ІV. Бейнеролик көрсету арқылы , осы көріністегі жағдаятты - ата-ана ,
сынып жетекші мен психолог болып мына алдарыңызға берілген үлгермеуші оқушының бейнесіне қандай көзқараста екендіктеріңізді ,
не түйгендеріңіздің барын жағдайдың туындау себебін бірінші қатарға жазыңыздар. Туындаған жағдайды шешу жолдарын екінші қатарға жазыңыздар. Енді осы жазған ойларыңыздан үлгермеуші оқушыны болдырмау үшін ортақ нәтиже шығарыңыздар .
1. Туындаған жағдайға әр топтың ата-ана ретінде, сынып жетекшісі және психолог ретінде көзқарасы.
2. Оны шешу жолдары.
3.Ортақ нәтиже шығару.
Қорытынды
Болашақ ұрпақтың білікті азамат болып өсіп-өнуі мектептен, ең алдымен, бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Сондықтан да бастауыш сыныпта оқу үлгермеуін болдырмау жолында білім сапасын арттыру қажет. Мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасыдағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне байланысты.
Сол үшін:
1.Ата-ана үнемі сынып жетекшісімен қарым –қатынаста болуы керек.
2.Үлгермеуші оқушыларды болдырмау үшін мұғалім жаңа инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жекелей тапсырмалар бере отырып дамыта оқыту керек.
Қорыта келгенде, «Бала - келер болашақтың жалғасы» екенін таныта отырып, ата-ана мен мұғалімдер тарапынан болатын қажеттіліктер дер кезінде орындалып отырылуы тиіс.
V.Сергіту сәті
1. Жаттығу (бейне ролик)
2.Жаттығу. Балалардың зейінін шоғырландыру үшін есте сақтау
қабілетін арттыру.
1.Ұйықтадық (алақанды жабу)
2.Ұқыдан тұрдық (алақанды тік ұстау)
3.Жиналдық (жұдырықты түю)
4.Тауға шықтық (жұдырықты жоғары көтеру)
5.Таудан түстік (жұдырықты айқастыру)
6.Үйге қайттық (бас бармақпен окейді көрсету)
7.Жақсы көңіл күймен (бас бармақты көрсету)

3.Жаттығу. «Импульс»
Топқа бөлініп, шеңбер болып тұрамыз ,бірінші бір оқушы бастайды оң алақанды жайып бір-бірімізге жан жылуымызды, жақсы энергиямызды беру арқылы жылдам шеңбер бойы айналып шығу керек,бастаған оқушыға келгенде «У» деген дауыс шығарып айқайлау қажет.Енді керісінше сол қолмен шеңбер бойымен айналдыру керек. Қай топ бірінші «У»деп айқайласа сол топ жеңімпаз болады.
Рефлексия. Стикерлерге пікірлерін жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.