Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту» -

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3060 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі

Тақырыбы : «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

Дайындаған :
Б. Кенжебаев атындағы жалпыорта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы

Жоспар

І. Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісі – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

ІІ. Негізгі бөлім:
a) СТО стратегиясы – үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.
ә)Сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен қолдану арқылы қазақ тілі сабақтарын өткізу тәжірибем.

ІІІ. Қорытынды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «...Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен.
Біздер, ұстаздар, осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпараттты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат міндеттеріне тоқталайық:
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырлғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіргендіргіш арқылы (Ойды қозғау) әсер ету жүзеге асырады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», “Жұпта талқылау”, «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің 2 мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділіктен талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –бірте ойлауға қадам басуға бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырғы біліммен ұштасырады.
Ойлаумен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаны екінші кезеңі мағынанытану (Түсіне білу) бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жатады. Одан көрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегіген өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіге, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады, олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау ойлау бадарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім (Үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3.Әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау;
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7.Ал оқушылардың осыған байланысты:
-Сенімділікпен жұмыс жасау;
-Бар ынтасыман оқуға берілу;
-Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
-Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
-Мен осы мәселе туалы не ойлаймын?
-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
-Маған бұл жаңа ойлар–идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытудағы сабақтың 3 сатысы

Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданып,
қазақ тілі сабақтарын өткізу үлгілері

Сабақтың тақырыбы : Публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедері
Сабақтың мақсаты : а) публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін ұғындыру,тілдік амал-тәсілдерін меңгерту,қоғамдық пікір қалыптастырушы тұлға тәрбиелеу;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,топтық жұмыс,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы т.б.
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар, Кластер және Постер
Пәнаралық байланыс : әдебиет және жаратылыстану пәндер
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі : Қызығушылықты ояту сатысы – оқушылардың оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын арттыру.
Өтілу ережесі: оқушылар мына сөздерді қайталауы керек.
Менің мектепте оқу себебім:
Қызықты болғандықтан.
Ақылды және парасатты болғым келеді.
Кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады.
Қазір барлығы оқиды, сол себептен мен де оқимын.
Мұғалім ұнайды.
Сауатты болғым келеді.
Өз Отаныма пайдалы азамат болғым келеді.
Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді.
Бұл менің парызым.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Мағыныны талдай білу сатысы
Оқушыларды туылған айына қарай төрт топқа бөлу.
Қыс айларында туылғандарды – «Мұзтау» тобы
Көктем айларында туылғандарды – «Бәйшешек» тобы
Жаз айларында туылғандарды - «Күн шуақ» тобы
Күз айында туғандарды - «Жемістер» тобы
1-кезең „Цифрлы сұрау“.
І нұсқа: мұғалім оқушыларға сұрақтар жазылған карточкаларды таратып береді. Әр карточкаға нөмір қойылған. Мұғалім кез-келген нөмірді айтады, сол нөмірлі карточкасы бар оқушы сұраққа жауап береді. Бұл нұсқада оқушы сұрақты біледі, сондықтан оның жауапқа дайындалуға мүмкіндігі бар.
1. Сөйлеу тілінің стильдік бедері дегеніміз не?
2. Сөз қысқалығы мен нұсқалығын қалай жасауға болады?
3. Сөз дұрыстығы дегеніміз не?
4.Публицистикалық стильдің қарым- қатынас мақсаты қандай?
2-кезең «Ия немесе жоқ» «Мұзтау» тобына
Мұғалім үш сөйлемнен оқиды. Егер сөйлем дұрыс болса, оқушы «1» санын, егер дұрыс болмаса, «2» санын жазады. Нәтижесінде үш таңбалы сан шығу керек. Оны мұғалімдегі кілт бойынша тексереді. Мысалы:
1. Газетте, саяси- қоғамдық журналдарда,жазбаша түрі; жиналыстар мен митингілерде ауызша түрі публицистикалық стильде қолданылады.
2. Публицистикалық стильдің тілдік құралдарына мыналар жатады: ғылыми терминдер,ғылыми анықтамалар мен сөздіктер.
3. Мына мәтін публицистикалық стильге жатады.
Сынап – химиялық элементтердің бірі. Суда, спиртте, тұз қышқылдарына ерімейді. Азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттескенде ериді.
1 - Ия;
2 - Жоқ.

«Ия немесе жоқ» «Бәйшешек» тобы

1. Публицистикалық стильдің мақсаты: заттар мен құбыластардың жалпы ерекшелігін ашып, объективті мәлімет беру
2. Хаттама, анықтама, өтініш, сенімхат т.б. құжаттар публицистикалық стильге жатады.
3. Мына мәтін публицистикалық стильге жатады.
Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына ЖолдауындаМектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады.
1 – Ия; 2 – Жоқ.
«Ия немесе жоқ» «Күн шуақ» тобына

1. Шығармалар тілі деп - ресми іс- қағаздар стилін айтамыз.
2. Публицистикалық стильдің тілдік құралдарына мыналар жатады: Мақал- мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздер.
3. Б. Бұлқышевтің «Өмір сүргім келеді», шығармасы көркем әдебиет стиліне жатады.

1 - Ия;
2 - Жоқ.

«Ия немесе жоқ» «Жемістер» тобына

1. Мына мәтін пубицистикалық стильге жатады.
Жаңа ғасырымыз ерекше, көтеріңкі көңіл күймен басталды. Ел мен ел арасындағы елбасшыларының өзара кездесулері, бір-біріне деген ілтипаты, ежелгі көршілік, туыстық жағдайлардың бәрі де осы бір кездесуден айқын көрініп тұрды.
2. Шығарма тілі көркем боуы үшін ең біріншіден ,лексика сауаттылық қажет
3. М. Шахановтың осы өлеңі публицистикалық стильге жатады.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға

1 - Ия;
2 - Жоқ.

б) Жаңа сабақты меңгерту.

“Аббревитуралар”.
Мұғалім оқушыларға аббревитураларды шешуді ұсынады. Мысалы:
П Ш Т С Б. (Публицистикалық шығарма тілінің сөз бедері)
С Қ П Қ Қ Р Ж Т П Ш Т С Б Д.
(Сөздің қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы ретінде жұмсалатын тәсілді публицистикалық шығарма тілінің сөз бедері дейміз.)
К А М Б Т П Ш Т Д.
(Көпшілікке арналған мерзімді басылымдар тілін публицистикалық шығармалар тілі дейміз)
Осы Аббревитураларды оқушылар дұрыс шешіп, тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын, анықтамаларын жазады.
Ой толғаныс сатысы
Француздың белгілі ғалымы, жазушысы әрі философы Блез Паскальдың „Провинция тұрғындарына хат“ шығармасында „Қысқа жазуға уақытым болмағандықтан, хатты ұзыннан - ұзақ жазуға мәжбүр болып отырмын“ деген екен. Ғалымның не себептен хатты қысқа жазуға уақыты болмады.? Төрт топ оқушылары өз ойларын айтады.Шындығында, аз сөзбен көп мағынаны жеткізу – шығармашылық шеберлікті талап етеді.
Олай болса, келесі тапсырма „шығармашыл топ“ деп аталады. 8 наурыз – аналар мерекесіне орай ана-әпкелеріңді құттықтап тілек сөздер жазыңдар Тілек сөздер кемі 10 сөйлем болуы шарт.Қай топ теңеу,мақал мәтел, тұрақты тіркес,қанатты сөздерді көбірек пайдаланса, сол топ шығармашыл топ деп аталады.
Кластерлер-(«жүзімнің шоқтары» деген мағынада) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (плакат) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.Оқушылар кластер жасау үшін тақырыптар беріледі.
«Мұзтау» тобына Сөз таптары
«Бәйшешек» тобына Оқшау сөздер
«Күн шуақ» тобына Сөйлем мүшелері
«Жемістер» тобына Лексика саласы
Төмендегі тек мысал

Кітаппен жұмыс: 136-жаттығу Төрт топқа бір-бір азатжолдан мәтін үлестіріліп беріледі. Әр топ өздеріне берілген мәтінді ауызша оқиды. Қай стильде жазылғанын анықтайды. Мәтіннен бір сөйлемді алып, морфологиялық талдау жасайды.

Графикалық тапсырма

У

Ғылыми стиь

Публицис. стиль

Іс қағазд. стилі

Көркем әдебиет
стилі

Ауызекі стилі

Іс қағаздар
стилі

Публицист. стиль

Көркем әдеб.
стилі

Ауызекі стилі

Х

О

Білімді бекіту : «Қандай газет-журнал оқисыз, қандай әдеби кітаптар оқыдыңыз?» Қоғамдық пікір қалыптастыруда газет-журнал, радио- телевизияның рөлі қандай? ойтолғау айтады.
Бағалау : «Блоб ағашы» суреті бойынша оқушының білімін, сабаққа қатысуын бағалау.

Үйге тапсырма : 138-жаттығу «Тыныс белгіні сауатты қоя аласыз ба?» тест тапсырмалары.

Пәні: қазақ тілі 20.11.2014. 1-сағат
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың есімдік туралы жалпы түсінігін орнықтырып, оны жетік біліп, еркін қолдануын қалыптастыру.
Міндеттері: а) Оқушылардың есімдіктердің түрленуі бойынша алған білімдерін қайталау арқылы пысықтау, еске түсіру, бекіту ; ә) оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, қызығушылығын ояту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, сөздік қорын дамыту ; б) түрлі жаттығу жұмыстарын орындату арқылы ізеттілікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Типі: қайталау
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, жинақтау,СТО стратегиясы т.б
Көрнекілік: слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, сызба-кестелер, перфокарта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын тілі, орыс тілі
Қолданылған әдебиеттер: Оқыту әдістемесі; Дидактикалық материалдар;

Сабақтың жүрісі. І.Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
1 Сан есім дегеніміз не?
2 Сан есімдер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
3 Сан есімдерге қандай жалғаулар жалғанады?
Семантикалық карта №1 І топқа
Сан есімдер Көптелуі Септелуі Тәуелденуі Жіктелуі
миллион миллиондар миллионның миллионы миллионбыз
үшеу үшеулері үшеуден үшеуіміз үшеуміз
екінің бірі -------------- екінің біріне ------------ екінің бірісің

Семантикалық карта№2 ІІ топқа
қ/с Сан есімге байланысты сөйлемдер сұрағы Сөйлемдегі қызметі
1
Жиырма бірде жасым бар
Қаншада жасым?
Анықтауыш

2 Біреу тойып секіреді
Біреу тоңып секіреді. Кім тойып секіреді?
Кім тоңып секіреді? Бастауыш
3 Біреуге ор қазба, өзің түсесің. Кімге ор қазба? Толықтауыш
4 Атадан – алтау, анадан – төртеу,
Жалғыздық көрер жайым жоқ. Нешеуміз? Баяндауыш
5 Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар Кімді жығар? Толықтауыш
6 Кездесіп жетпіс үште іздегенім Қашан кездесіп? Пысықтауыш
7 Жеті – киелі сан Не киелі сан? Бастауыш
ІІ кезең. Жаңа сабақ. Есімдіктің түрленуі
Ой қозғау
Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Қайда оқыса да мен оған хат жазып тұрамын.

Тұрам ерте,
Шығам ерте үйімнен...
Не қоям мен
Мынақарқын, түріммен?
Анау-мынау...
Белгіліғойбәрі де.
Қалатұғын не бар дейсіңбүгіннен?
Күндегі осы...
Күндегі осы тіршілік,
Жеңсыбанып, кірісемінқұлшынып.
Анау-мынау... бітіпедіәлгіде,
Тағы да бір «анау-мынау» ... тұршығып.
Есімдіктердітаптырып, ескетүсіру.

септеледі
жіктеледі
көптеледі

тәуелденеді
септеледі
көптеледі

тәуелденеді
септеледі
жіктеледі
көптеледі

септеледі жіктеледі тәуелденеді көптеледі.

ІІІ. Кім тапқыр?
Енді, бәріміз тақтаға қарайық. Мұнда өлеңдер берілген, сол өлеңдерден есімдікті тауып, олардың орысша, ағылшынша баламасын айту керек.
І топқа
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?! (кто? who? ) сұрау е
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, (самому? самого; yourself) өздік е
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. (Абай)
ІІ топқа
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, ( ...) жіктеу есімдігі
Ұранға “Алаш” деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім қазақ, (....) өздікесімдігі
Мен неге қазақтықтан сақтанамын. (почему ,why) сұрауесімдігі С. Торайғыров

Сен құрметте оны! ( ....) жіктеу есімд.
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ, (....) жіктеу есімд.
Тізеден кесіп аяғын. Ә. Сәрсенбаев
Үлестірмелі тапсырма.

І топ
1. Сөйлемдерден болымсыздық есімдікті тауып, оның қандай сөздердің орнына қолданылып тұрғанын айту.

Сәден ешбір жұмысты ойламай, білмей, істемейтін. (қиын - сын есім)
Сөзін ешкім тыңдамаған Сарыбас аңырап тұрып қалды. (достары - зат есім)
Ермек ешқайсысына жауап қайтарған жоқ. (қыздарға – зат есім)
Бұл мәселенің ешқандайына келісуге болмайды.
Ол ешкіммен сөйлеспейді, ешкімнің қасына бармайды. (адамдармен, адамдардың – зат есім)
Біз жеңеміз. Оған ешкімнің де күмәны болмасын. (оқушылар – зат есім)
Әне, әлдеқайдан ұшып бара жатқан қараша қаздардың даусы естіледі. (аспаннан – зат есім)

ІІ топ

Қарамен жазылған есімдіктердің мағынасын айқындап, оларды тұлғасына қарай талдаңдар.
Осының бәрін мен Нүркеден сұрағым, білгім келді. (сілтеу есім.+ілік сеп.) (жалп. есім.+ табыс сеп.)
Мен одан мәселені ашусыз шешуді өтінгім келді. (жіктеу есім.) (жіктеу есім+шығыс сеп.)
Қобалжу, жүрексіну – бәрімізде бар. (жалп. есім.+ жіктік жалғ.+жатыс сеп.)
Көзімді ашып, айналама қарап едім, - ештеңе көрінбейді. (күрд болымсызд. есімд)
Бетімді әлдекім әлсін - әлсін желпіп отиырған сияқты, бір салқын жел тиеді. (күрд. белгісіз. есімд.)
Олардың түрінде ерліктің ешқандай белгісі жоқ, тек үрей ғана бар. (күрд болымсызд. есімд)
Ол үй ішінде өзінен басқа жан жоғын білді. (өздік есімд.+шығыс сеп.)

IY.Бекіту «Перфокарта» көмегімен есімдіктерді мағынасына қарай топтау. І топ
№ Мысалдар Жіктеу есімдігі Сілтеу есімдігі Сұрау есімдігі Өздік есімдігі Белгісіздік есімдігі Болымсыздық есімдігі Жалпылау есімдігі

А
Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

1 Барлық
2 Кейбіреу
3 Олар
4 Мыналар
5 Өздері
6 Ешқашан
7 Біздің
8 Мынау
9 Баршасы
10 Қайда?
11 Ешкім
12 Әркім
13 Қайсыбір
14 Әлдеқашан
15 Қашаннан

ІІ топ
№ Мысалдар Жіктеу есімдігі Сілтеу есімдігі Сұрау есімдігі Өздік есімдігі Белгісіздік есімдігі Болымсыздық есімдігі Жалпылау есімдігі

А
Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

1 Өзіміздің
2 Осынау
3 Біреуге
4 Кімде-кім
5 Әрқайсысы
6 Әлдекім
7 Ешқайда
8 Әрқашан
9 Дәнеңе
10 Өзді-өзіне
11 Ештеңе
12 Түгел
13 Әне
14 Қалай
15 Тегіс

Y. Қорытынды
Жүсіп Баласағұн: «Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле» .
V + ?
Бұрыннанбілемін
Не білемін?
Жаңа ақпарат
Не білдім?

Маған түсініксіз
Не білгім келеді?

Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс –пікірлерін, көңіл-күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

YI.Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан – менің болашағым» атты тақырыпқа ойтолғау жазып келу.
YII.Бағалау

Қорыта айтқанда, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары көп әрі қолдануға ыңғайлы, жеңіл, тиімді. Іс – тәжірибеде көрсеткендей СТО технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады. Өзін ортада еркін ұстайды, жеке тұлға ретінде сезінеді . Ең бастысы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, өзіндік «мені» қалыптасады. Оқушының ойлау қабілеттері дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі. Жекеден – жалпыға, дифференциалдықтан – сенімділікке, интуициядан – логикаға, бір перспективадан - көп перспективаға қарай дамиды.

Пайдаланылғанәдебиеттер

1. ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың « Жаңаонжылдық – жаңаэкономикалықөрлеу - Қазақстанныңжаңамүмкіндіктері» Қазақстанхалқынажолдауы. Астана. 2010.
2. Тұрғынбаева Б.А. Дамытаоқытутехнологиялары. Алматы .2000.
3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудыңжаңапедагогикалықтехнологиясы: //Оқуқұралы.// – Алматы: РБК, 1999.
4. Қабдешова Ә. Сын тұрғысынанойлау //Қазақтілі мен әдебиеті// журналы № 107 35-45 беттер.
5. Ешанова Г. «СұлтанбекҚожахметовтыңжекетұлғаныңдамуынабағытталған ой-пікірлері.»
6. Ташенова А. Сын тұрғысынанойлаудыоқу мен жазуарқылыдамыту // Білім – Образование.// 2006. № 2 15-18 бет.
7. Тілдіктұлғақалыптастыруда сын тұрғысынанойлаудыңмаңызы //Білім – Образование.// – 2007. № 57 12-15 бет.
8. Панова АйгүлНабижанқызы « Оқушылардыңфункционалдықсауаттылығындамытужөніндегі 2012-2016 жылдарғаарналғанұлттықіс-қимылжоспарын» жүзегеасыружолдары.
9. 10-сынып. Қазақтілі (Сөзмәдениеті) Н. Уәли. Ө.Қыдырбаев. «Мектеп» баспасы, 2010.
10. 9-сынып. Қазақтілі (Публицистикалық стиль) Б. Хасанов. А.А. Қасымбек. «Арман» баспасы, 2013.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.