Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларының қалыптасуы -

Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларының қалыптасуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2128 | Размер: | Автор: гость
. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларының қалыптасуы
Мектеп курсында есептеу дағдысының қалыптасуы маңызды рөл атқарады. Математика, физика, химия есептерін шығаруда элементарлы есеп шығару дағдысы қажет. Оқытуда байқағанымыз оқушылардың көпшілігінде есеп шығару дағдысы төмен. Оның себептері:
- ойлау қабілеттерінің төмендігі;
- үй тапсырмасын орындауда ата-ана тарапынан көмектің бомауы:
- оқушының есте сақтау және зейінінің төмендігі;
- бастауыш сыныпта математика пәніне дайындықтың аздығы (жеткіліксіздігі);
- оқытуда есептеу дағдысын жүйелі түрде қалыптастырудың және оны бақылаудың болмауы.
І. Есептеу дағдысын қалыптастыру үшін 5-9 сыныптарда ең алдымен көбейту, бөлу, қосу, азайту кестесін сұрау керек. Ол үшін кестелер, үлестірмелі қағаздар қолданылады. Екі және одан көп нұсқада болып, оқушылар жеке жауап бергені жөн. Қате жіберген оқушыларға бастауыш сыныптан кестелер беріп қайталату керек. Одан кейін өзіндік жұмыс, ауызша сұрау арқылы тексерген жөн.
ІІ. Есеп шығару дағдысын қалыптастыруда әр сыныпқа берілген тақырыптарға кестелер дайындау қажет. Кестелер көбейтіліп әр оқушыға беріледі. Бұл кезеңде жұмыстың мына түрі қолдану керек:
1. Мұғалім не оқушы үлестірмелі қағаз бойынша (екі нұсқада) фронтальды сұрайды;
2. Дайындалған кесте бойынша жазбаша сұрау;
3. Жазбаша жұмыстарды жазып, талдау және қатемен жұмыс жасау;
4. Тақтада немесе алдыңғы партада отырып шығару;
5. Ұқсас есептерді шығару және шығару алгоритмін құру;
6. Есептеудің тиімді тәсілін қарастыру.

Ол үшін төмендегілерді есте сақтауымыз керек:
- Әр сабақта сыныппен емес әр оқушымен жұмыс істеу маңызды. Ол үшін мұғалім әр оқушы өз ісімен айналысатындай және олардың жұмыстарын бақылап отыруға жұмыстың түрі мен материалды таңдау қажет. Мысалы, бірінші партада отырған әр оқушыға өздерінің кемістіктерін жоюға болатындай тапсырма жазылған карточкалар таратылады. Ал сабаққа дайындалғанда жоспарда кімді және қандай сұрақпен сұрау керектігі көрсетіледі; бұл жағдайда жеке дәптерде әр оқушының есептеу машықтығын меңгеру есебі жүргізіледі;
- Жаңа тақырыпты өту кезінде оқушылар қай тақырыптан көп қате жіберетін материалға көңіл бөлу қажет;
- Жаңа тақырыпты алда өткен таныс материалмен салыстырып оқытқан дұрыс;
- Жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушылардың өздері сол немесе басқа әрекетті орындау алгоритмін құру керек, осыдан кейін оқулықпен салыстырып, өздеріне оңтайлы нұсқасын тандаса дұрыс болады. Мұндай жұмыс оларды айқындыққа және нақтылыққа үйретеді. Әр қарай олар өздері әбігерленбей және асықпай кез-келген есепті шығара алады;
- Оқушыны кез-келген есепті шығаруға жете ұғындырып, көңіл бөлуге тәрбиелеу қажет, яғни оқушы шамаларды байланыстыратын заңдылықтарды анықтап, есептің мағынасын жете ойланып, қиын жағдайларды шешудің жолдарын тауып, содан кейін ғана есепті шығаруға кіріскені дұрыс. Оқушыларды «қадалған көзқарас» тәсілін қолданып жұмыс істеуге үйрету керек (алғашқыда барлық тапсырманы, есеп шығарудың тәсілдерін, амалдарын, шығару жолдарын жалпы бағалайды, және әрі қарай оны шешуге кіріседі);
- Оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету өте қажет, яғни есеп шығаруын, іс-әрекетін бақылау ептілігіне, ал нәтижесінде өздерінің әрекеттерін келесі өз-өзін бағалау критерийлерін қолданып бақылауға үйрету:
а) нәтижені шындықпен байланыстыру;
2) нәтижені есептің шартының көрсеткіштерімен байланыстыру;
б) кері есептеу;
в) әр түрлі тәсілмен шығару;
г) ақырғы жағдайларда нәтижені зерттеу;
- тек қана өз бетімен жұмыс орындағанда ғана оқылатын материал мықты меңгеріледі. Сондықтан оқушылар дайын есептер шығарумен қатар есеп құруға тартылады (әсіресе тиімді тәсілмен есептеуге арналған есептер). Оқушылармен құрылған есептер жүйеленеді;
Тақырыпты терең ұғыну үшін сол есептің жазуы емес оның схемасы ыңғайлы, Мысалы:
(... - ...)2 = (…) – 2(...) (...) + (...);
Тұрақты білімді қалыптастыру үшін лайықты жаттығуларды (психологиялых тренинг) немесе төмендегідей есептерді тандаған дұрыс:
а) есептің шешімінен қатені табыңдар;
ә) дұрыс жауабын тандаңдар;
б) берілген тұжырымның дұрыстығын бағалаңдар және т.с.с.

Мұғалімен осы кезеңде өткізілген ағымды бақылау төмендегі белгілеулерден тұрады:
а) әр оқушының 1-минутта, 2-минутта, т.с.с дұрыс орындалған мысалдарының санынан (нәтижелер бағалардың жиынтық тізімдемесінде жазылады);
ә) мысалдардың белгілі санын қатесіз шығару үшін уақыт аралығынан;
б) әр оқушының жіберетін қателер санынан.
Бақылауды өткізудің әр түрі тәсілдері қолданылады. Соның ішінде ең ерекшесі – мұғалімнің өзінің жоспарымен өткізілетін өзіндік және бақылау жұмыстары. Өзіндік жұмысты жиі өткізіп отырса білімнің ерте кезеңінде кемістіктерді, меңгерудің мықтылығын анықтауға болады және әрі қарай әрекетті түзетуге болады. Бұл кезеңдегі білімнің маңызды бөлігі болып қатемен түзету жұмысы болып табылады. Біз оны келесі үлгіде өткіземіз:
- Бақылау шарасын өткізген соң мұғалім оқушылардың жұмысындағы техникалық қателерін көрсетеді, ал әр оқушы ол қателерді өз дәптерлерінен іздейді. Осыдан кейін мұғалім оқушылармен қосылып есеп шығарудың тәсілдерін қорытады, есеп шығарудың үлгілерін келтіреді (көп жағдайда – кодоскоп не интерактивті тақта арқылы), шарттың өзгеруіне байланысты есеп шығарудың нұсқаларын қарастырады, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Шамалы уақыттан соң оқушылар қате жіберген мысалдарын қайтадан орындайды.
- Тексерілген дәптерлерін қайтарып берген соң оқушыларға бір-бірімен немесе өзінің тобында қателерін анықтауға уақыт беріледі (уақыт материалдың қиындығына және жіберілген қателердің санына байланысты беріледі) немесе мұғалімнен кеңес сұрауға уақыт беріледі. Бұл жұмыс қажет болған жағдайда сабақта немесе үйде өздігінен орындалады. Осыдан кейін тағы да өздік жұмыс өткізіледі. Мұғалім есептеу мәдениеті машығы дәптеріне оқушылардың тиісті бағаларын қояды (басқа түспен);
- Сыныпта бақылау жұмысын өткізгеннен кейін (тақтада екі нұсқада 16-20 есептерден тұратын тапсырмалар жазылады) тексеру кезінде мұғалім егер есеп дұрыс шешілсе, сол жолға «+» белгісін қояды, егер есепте кемшіліктер болса, онда «±» белгісін қояды, ал егер есеп дұрыс шешілмеген болса, онда «-» белгісін қояды. Келесі сабақта осы есептер тақтаға жазылады. Оқушылар қате жіберген тапсырмаларын орындайды. Мұғалім тексеру кезінде әр оқушының нәтижелерін және қате жіберілген есептеріне назар аударады. Әрі қарай мұғалім ұқсас есептер бар карточкалар жиынтығын қолданып, әр оқушымен жеке дара жұмыс істейді. Жұмыстың мұндай түрінде бірде бір оқушы мұғалімнің назарынан тыс қалмайды.

Қорытынды бақылау кезеңі

Қорытынды бақылау бақылау жұмысы түрінде немесе ауызша-жазбаша сынақ түрінде өткізіледі. Сабақ-сынаққа мұғалім тақырып бойынша есеп-карточкалар жүйесін дайындайды. Сынақта оқушылар карточкада көрсетілген теорияға жауап береді, есептер шығарады, кейде есептеуге берілген орындалған және құрастырылған есептері бар дәптерлерін көрсетеді. Мұндай сабақ-сынақта оқушылар бір мезгілде мұғалімнің де, сынаққа қатысып отырған жоғары сынып оқушыларының да кеңесін алады. Қорытынды бағалар журналға қойылады.

Ж.Б.Тлеулесова, математика пәнінің мүғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.