Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушылардың білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі -

Оқушылардың білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1688 | Размер: | Автор: гость
. “Оқушылардың білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі”

Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс қоғамда мемлекеттік деңгейіндегі басым бағыттар санатында көрінеді. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. [1] Олар оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін меңгерген, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі әдіс- тәсілдерден тез арыла алуға қабілетті және нақты тәжірибе үстінде өзіндік жаңалық аша алатын шығармашыл, әрі ойшыл маман болуы қажет. [2] Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуге көп көңіл бөліп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне аса көп мән берілуде.[1]
Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр.
Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденциялары мен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек. Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқында ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады»-деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып табылады.
ҚР «Білім туралы» Заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық , коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген еді.Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі педагогикалық зерттеулер (Г.М.Құсайынов, В.Беспалько, В.Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екенін дәлелдеп отыр.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:
• -оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
• -оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап,оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет;
• -іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес. (В.Беспалько) Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Педагогикалық технология-бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдерге жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педагогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов).
Жаңа білім беру технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру, өздегінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дпамытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналып отыр.
Қазіргі кезде әдебиеттерде даму бағытын қамтитын 50-ден астамоқыту технологиялары қолданылып жүр. Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ж.У.Кобдикованың саралап деңгейлеп оқыту технологиясы,Тұлғаны жекелей дамытуға бағытталған оқу технологиясы, М.М.Жанпейісованың Модульдік технологиясы,Ә.Жүнісбековтың жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту), С.Ұзақбаеваның көркемдік тәрбие жұмысы, Н.Н.Нұрахметовтың, Қ.А.Абдығалиевтың Шоғырландырып-қарқындап оқыту технологиясы,Т.Т.Ғалиевтың жүйелілік тұрғысынан оқыту және де тағы да басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда
Қазіргі кездегі оқыту технологияларының түрлері
1.Иллюстрациялы түсіндірмелі оқыту технологиясы.
2.Ірі блокпен оқыту технологиясы.
3.Перспективті дамыта оқыту технологиясы.
4.Проблемалық оқыту технологиясы.
5.Ойын арқылы оқыту технологиясы.
6. Оқу материалын сызбалар мен арнайы таңбалар негізінде қарқынды оқыту технологиясы.
7. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы.
8. Жобалап оқыту технологиясы.
9. Ақпараттық оқыту технологиясы.
10. Модульдік оқыту технологиясы.
11. Ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы.
12. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.Педагогикалық жаңа технологиялардың оқыту үрдісіндегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал-жол екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технологияұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасасап,шәкірттің ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол, сонымен бірге әлеуметтік-рухани жан дүнитесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді.
Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді. Олай болса, оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Информатика негіздері» журналы №6 – 2011 ж Жанар Шажабаева (4 бет).
3. «Информатика негіздері» журналы №3 – 2011 ж Сәулет Есенова (23 бет) .
4. «Информатика негіздері» журналы №4 – 2009 ж Анар Низанова (15,16 бет)
5. «Информатика негіздері» журналы №3 – 2009 ж Айжамал Пернеева (9,10 бет)
6. Медешова А.Б, Мухамбетова Г.Г, Амантурлина Г.К. «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» , БҚМУ баспасы, 2011, (129 бет).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.