Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушылардың дене тәрбиесіндегі икемділігін шыңдай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау -

Оқушылардың дене тәрбиесіндегі икемділігін шыңдай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2954 | Размер: | Автор: гость
. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығармашылық жұмыс


Оқушылардың дене тәрбиесіндегі икемділігін шыңдай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау
Дайындаған:
Дене тәрбиесі мұғалімі:
Сисенғалиев Ренат АйталыұлЫ

Атырау қаласы 2015жыл

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Дене тәрбиесі сабағына деген оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары
2. Оқушылардың оқу – танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық – педагогикалық мәселелер
3. Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды салауатты өмір салтына насихаттау
4. Оқушылардың субьектілігін қалыптастырудағы спорттық ойындарының рөлі
ІІІ. Қорытынды.



Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге
бұрынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатына
тікелей байланысты.
Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі заманғы қоғам дамуына әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктері, оқушылардың даму ерекшіліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеленіп жинақталған тәжірибе, оқушының пәндік білім, білік дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсатын алға қояды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» атты халыққа жолдауында Республика дамуының басты бағыттарының бірі ретінде денсаулығы мен дене шынықтыру мәселесі көрсетілген.
Менің шығармашылық тақырыбым: «Оқушылардың дене тәрбиесіндегі икемділігін шыңдай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.»
Жалпы алдыма қойған мақсатым : 1) Спорттық ойындарды пайдалану, оқушылардың ой-өрісінің дамуының алғашқы сатысына талдау жасау 2) Спорттық дағдыларды қалыптастыру. 3) Мектептегі cпорттық ойындардың салауатты өмір салтының басты негізі екендігін насихаттау.
Жеке тұлғаның пәнге қызығушылығын арттыру мақсасатында оқушы ұйымшылдыққа үйренеді, өмір танымын кеңейтеді, қызығушылығын арттырады, ұйымшылдыққа үйренеді, тынығады.
Алдыма қойған міндетім :
• денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керек гигиеналық талаптарды білу
• негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап,
балалардың жалпы икемділігін арттыру;

• қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрылысын қалыптастыру
• өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез,әдемі, тиімді жасауға үйрету
• өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез,әдемі, тиімді жасауға үйрету;
Тақырыбымның маңыздылығы: 1) Менің мақсатым талабына сай оқушылардың дене сабағына деген ынта-ықыласы оянды. 2) Шыныққан шымыр, өз Отанын сүйетін, Отанын қорғауға әзір жас ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстың тиімділігі артты 3) Балаларға сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты мәліметтер келтірілді.
Сабағымның тақырыбы: «Допты қабылдап, шабуылдап соғудың түрлері».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу. Волейбол ойыны допты меңгерудің белгілі бір техникасы мен ойынның тактикасын меңгеруді үйрету .
Дайындық бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақ формасын тексеру. Кезекшіден рапорт алу.
Негізгі бөлім: Сабақтың барысын түсіндіру. Жай жүгіріс, саптық жаттығулар, жүру жаттығулары. Допты қабылдап, шабуылдап соғудың түрлерін түсіндіру.
Қорытынды бөлім: Сабақты қорытындылау , оқушыларды бағалау.
Тақырыптың маңыздылығы : 1)Менің мақсатым талабына сай оқушылардың дене сабағына деген ынта-ықыласын оянды. Шыныққан шымыр, өз Отанын сүйетін, Отанын қорғауға әзір жас ұрпақ тәрбиелеу
бағытындағы жұмыстың тиімділігі артты 2) Шыныққан шымыр, өз Отанын
сүйетін, Отанын қорғауға әзір жас ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстың тиімділігі артты 3) Балаларға сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға байланысты мәліметтер келтірілді.
Қойған мақсатқа жету әдістері м: 1.Теориялық білім мен практиканы
ұштастыра отырып , жұмыс жасадым.2. Теориялық білім мен практиканы
ұштастыра отырып , жұмыс жасадым 3. Теориялық білім
мен практиканы ұштастыра отырып , жұмыс жасадым.
Жалпы жұмысының қорытындысы. Дене шынықтыру сабағында оқушылардың спорттық ойындарға бейімділігін арттыру, шығармашылық
ой-өрісін дамытып, салауатты өмір салтына қалыптастыру жетілдіре түсу бағытында іс-әрекеттер арқылы білім сапасының өркендеуіне өзіндік үлесімді қостым. 2012-жылы мектепшілік жыл мұғалімінде ІІІ- орын. 2011- жылы қалалық мұғалімдер арасындағы І- орын.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі- оқу.
Ол алдын- ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырады. Сондықтан, оқу басқа әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте- бірте қалыптастырады. Оқу баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.
Ғалым педагог Л. В. Занко: (Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет,) – дейді. Көрнекті психолог Л.С Веготский «жақсы оқыту деп, ол баланын дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады,» деп тұжырымдайды.
Оқушының жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыру, оның танымдық белсенділігін арттыру- қазіргі кезде уақыт талабы қойып отырған мәселелердің бірі.
Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген: «Танымдық ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын таным. Байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде практикада қолдануға қарай жүріп отырады.»
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім оқушының жан- жақты қабілетін зерттеу керек. Оқушылардың өзіндік ойлауға ынтасы болмаса, ол сол мадтериалды жан- жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындылығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Мемлекетіміздің 2030- шы жылға дейнгі стратегиясы халқымыздың рухани ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межелеген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді.
Адамзат дамуының жаңа кезеңінде жаңа білім беру жүйесі жаңа оқыту жүйесі, жаңа білім беру философиясы және жаңа білім үлгісі сай келуі керек .
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық басқа да көптеген адами келбетін қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі психолог Виготский: «дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады.» , -дейді.
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Педагогикалық технология оқу үрдісінің яғни мұғалім мен оқушының әс- әрекетімен тығыз байланысты.
Педагогикалық технологиялардың негізіне мыналарды жатқыза отырып еңбектенемін:
• Әрбір оқушының жеке және дара ерекшіліктерін ескеру
• Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру ;
• шылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Педагогикалық технология ынтымақтастық педагогика негізінде қалыптастыруы қажет.
Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Жан- жақты дамыған , ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси , экономикалық және идеологиялық болашығы тәуелді болып келеді. Сондықтанда жастардың дене б, ітімімінің дамуы дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің президенті Н.Ә Назарбаевтың , үкіметімізбен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызыды құжаттар қабылданған: «білім туралы» , «дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының заңдары қазақстан республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқада құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдаламасына 3- сыныптан бастап енгізілген.
Сыныптағы оқушылардың саны аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі жұмыс түрлері топтық сабақтар мен жарыстарға қатысуы сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық сабақтар мен жарыстар ұйыдастыруда көмек көрсету болып табылады.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшіліктерін ескере отырып осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар : жан- жақтылық , саналық пен белсенділік , бірте- бірте жасалатын әрекет , қайталамақ , көрнекілік , жеке даралық. Оқу үрдісінің үздіксіздігі үш қағидалалда көрініс тапқан:
А)оқу-тәрбие үрдісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс,
Ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет,
Б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте- бірте және жоғарғы деңгейге арттыру ұстанымды олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушы дайындауға қойылатын талаптардың бірте- бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір- бірте күрделендіру оқушы даярлаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп , олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дене жүктемелердің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алған.
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы. Мемлекеттің ертеңгі күн тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін, халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеп қалыптастыру-әрбір ата-ананың және дене тәрбиесі мұғалімдерінің қолында.
Кез-келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды.
Қазақстанның болашағы қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарын, салауатты өмір салтын тұрмысқа толық енгізу көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» атты халыққа жолдауында Республика дамуының басты бағыттарының бірі ретінде халық денсаулығы мен дене шынықтыру мәселесі көрсетілген.
Спорттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының күрмеу жалғасы. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы менмазмүны үлкенадамның түрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қоғамдағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.
Балалардың дене тәрбиесінің түрлері сан қилы. Күштілік, төзімділік, жылдамдық, секемділік, сергектік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен спорт арқылы орнығып қалыптасады.
Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңы Ата Заңның 24-29 баптарында азаматтардың дем алуға және ден саулығын сақтауға құқығы бар екендігі айтылған.
Еліміздегі дене тәрбиесі жүйесінің негізін қазіргі уақытта дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамаларын құрап отыр. Мектептегі дене тәрбесімен айналысудың негізгі түрі дене тәрбиесі сабақтары екендігі белгілі. Осы сабақтар арқылы сыныптан және мектептен тыс сабақтар мен тапсырмалар және көпшілікті қамтитын сауықтыру шаралары арқылы жас ұрпақтың дене тәрбиесінің негізі қаланды. Жоғарғыдағы құрайтын білімдер, дағдылар қалыптасады. Осы білімдер мен дене тәрбиесі сабағы оқушыларды патриотизмге, еңбексүйгіштікке, ұйымшьл, шыншыл болуға тәрбиелейді. Мұнымен бірге оқушыларды батылдыққа, ерлік, төзімділік, табандылық қасиеттерге үйретеді.
Мектептегі дене тәрбиесінің міндеті төмендегідей: оқушылардың ден саулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, оқушыларды спорттық негізгі түрлеріне гимнастикаға үйрету және үйрету кезінде олардың ептілігін, жылдамдығын, төзімділігін, күшін дамыту және жаттығулармен саналы түрде үзбей шұғылдану үшін қажетті гигиеналық дағдыларды меңгерту.
Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп жетілуі балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен және тағы басқа спорт ойындарымен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын балалар дені сау боп өсетінін ғылым мен өмір тәжірибесі толық дәлелдеп отыр.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектеседі. Сондықтан да барлық қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы Республикамызда Ел басының халыққа жолдауы осы міндеттерді шешуге бағыттайды. Дағдылардың негізін өмірлік маңызы бар икемділік, күш, жылдамдық, төзімділік сияқты қабілеттердің дамуына жәрдемдесетін қимыл-қозғалыстар құрайды.
Қимыл-қозғалысты меңгеру барысында қажетті теориялық мәліметтер алуға және нақты жаттығу үйренуге болады. Теориялық мәліметтер әрбір сабақтың барысында беріледі. Адамның үйлесімді өсіп-жетілуі үшін дене тәрбиесінің үлкен маңызы зор. Ал дене құрылысы жақсарып, ақыл-ойын, жұмыс қабілетін арттыруға болады. Дене жаттығуларымен айналысу, қарапайым ғана қозғалыстарды орны елеусіз нәрсе сияқты болып көрінгенмен ол ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер етеді. Сабақта және одан тыс кездері дене тәрбиесіне қызығушылық таныту, дене жаттығуларымен үздіксіз айналысу біртіндеп саналы қажеттілікке, тұрақты дағдыға айналысатын болады. Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиеге де әсерін тигізеді. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысатын балалардың денесі дұрыс, түзу, мүсіні сымбатты болып өседі. Қорыта келгенде, дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелер мен тікелей ұштасып жатады.
Халықтағы «бала ойынмен өседі» деген сөздің шығу себебі соған байланысты.
Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты өсіп отырады.
Олардың пайдалы екенін түсініп, бос уақытта өздері қалаған спорт түрлерімен айналысуы керек. Оған бағыт-бағдар беріп отыратын пән мұғалімі мен ата-ана болып табылады. Сондықтанда спорт түрімен жүйелі түрде айналысуы қажет екенін айту педагогтың алдына қойған мақсаты. Спортпен үнемі шұғылданатын бала күшті де батыл, икемді де, төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі.
Болашақта еліміздің намысын қорғап, әлемге атын шығаратын спортшы да ауыл балаларының арасынан шығады. Дене тәрбиесі сабағы оқушылардың жан-жақты жетілдіріп, денсаулықты нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, олардың өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Жалпы сыныптарда жүргізілетін дене шынықтыру тәрбиесі сабағының алдына қойған міндеттері:
• денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
• жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керек гигиеналық талаптарды білу;
• негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру;
• қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрылысын қалыптастыру;
• өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету;
• сабақтан тыс уақытта жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.
Бұл мақсаттарға жетуде дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады, олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары және сабақтан тыс уақытта ойындарды қолдану болып табылады. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Бұл сабақтарда оқушылар әр түрлі қимылдар жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шапшаң, төзімді болуға жаттығады.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бірі. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбек тану барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Балалар білімді ойын арқылы да алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой -өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез - құлық, ерік - жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой – өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.
Қазақтың ұлттық спорт және ұлттық ойындары арқылы оқушыны субьект ретінде дамыту.
1. Қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгеру
2. Дене қуаты қасиеттерін зерттеу
3. Дене қуаты қасиеттерін дамытудың әдіс- тәсілдерін жетілдіру
4. Ұлттық ойындарды оқу- тәрбие үрдісінде пайдаланып, тиімділігін арттыру.
Ұлттық ойынның субьекті қалыптастырудағы рөлі.
Болжам:
1. Дене қуаты қасиеттері дамыған тұлға қалыптасады.
2. Таңдау еркіндігі бір тұлға қалыптасады
3. Субьектінің белсенділігі артады
Ұлттық ойындар: «Ақ серек, көк серек», «Айгөлек », «Соқыр теке», «Белбеу тастау» т.б ойындары кең таралып көп ойналған.
Дене тәрбиесіндегі сабағында ұлттық ойындарының ішінде «Ақ серек, көк серек»
Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктеріне ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылғын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткіздеуге пайдасы мол.
Мен ұлттық ойындарды дене тәрбиесін сабағында пайдалану кезінде мына жайттарды есепке аламын:
1. Өз белсенділігін ұғыну
2. Таңдау еркіндігі
3. Еркін таңдау жауапкершілік
4. Өздігінен дамуға талпынау
5. Рефлексияға қабілеттілік
6. Дене қуаты қасиеттері (жылдамдылық, төзімділік, ептілік, икемділік күш)
Субьектінің бойында қалыптасатын қабілеттер мен қасиеттер
Бақылау және психологиялық зерттеу нәтижесінде анықтауға болады.
Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижесінде сынып бойынша негізгі көрсеткіштер анықталып оқушылардың субьектілігін қалыптастырудағы ұлттық спорт ойындарын пайдалану деңгейін жоғарлату мақсатында төмендегідей жоспар жасалынды.
1. Оқушылар шығармашылығын, субьектісін арттыру үшін сабақта ойын технологияларын тиімді пайдалану.(жыл көлемінде)
2. Қала, облыс көлемінде іс- тәжірибе алмастыру
3. Оқушылардың дене қасиеттерін жетілдіру үшін ұлттық ойындар бойынша шағын үйірмелер ашу.
4. Оқушылардың мүмкіндігіне, ерекшілігіне қарай дене қуаты қасиеттерін дамытуға арналған деңгейлік жаттығулар жинағын шығару.
5. Оқушының күн тәртібін дұрыс ұстануға арналған кеңес беру күндерін жүргізу.
Ұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі, халқының фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ұлттық ойындары әлеуметтік – экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізі – жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту, жаңарту болып табылады. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшіліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне , сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келлген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймын.
Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет- журналдарды , көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.
Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б. Элькониннің сөзімен айтсақ “ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара- қатынас, практикалық білімдері және қызметім”. Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналар жатқызады.
• Ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді.
• Ойындар ойын басшының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
• Ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеметтік мінез- құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға , тәуекелге бел байлауға үйретеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын шығармашылығын ашу.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай шебер ұстаздың еңбегінің жемісі оқушының сол пәнге деген қызығуын арттырып, толық білімді игерте білуінде.
Сабақтың әрбір бөлімінде оқушы баяндау, сұрақ- жауап беру, топтық жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық құрылымының нақтылы жетістігіне қол жеткізеді.
Осы әдіс-тәсілдерді үзбей қолданып, оқыту процесінің барлық формасына қолдану керек деп тұжырымдаймын. Себебі оқыту іс- әрекетінің негізгі міндеті танымдық іс- әрекетті дамыту, ойлауды дамыту болып табылатындығы әрбір педагог үшін кәсіби парыз.



ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мұқышова М, Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар. Алматы, №3, 2009-6б
2. Дене тәрбиесі Б. Болатбек . Алматы: Атамұра 2004 112б
3. Дене тәрбиесі М. Тұрыскелдина Алматы Атамұра 2003 112б
4. Қазақ энциклопедиясы. Алматы Рауан 2005 680б
5. Е. Сағындықов Қазақстан ұлттық ойындары Алматы, Рауан 1991
6. С. Тайжанов , С. І Қасымбекова. Қазақтың ұлттық ойындары.Алматы 2004
7. Л.И Орехов, Е.Л Қараваева , М.З Есқалиев. Инновационный поход к обучению и укреплению здоровя на начальном этапе подготовки юных баскетболистов
8. М.З Есқалиев (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі) 2010-№1- Б206-210
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.