Меню
Назад » » »
Оқушылардың девиантты жүріс – тұрысының алдын алу жоспары.
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Елшібек батыр атындағы мектеп – лицей

Бейсембаева Гүлжамал Керимханқызы

Авторлық бағдарлама.

Тақырыбы:
Оқушылардың девиантты жүріс – тұрысының алдын алу жоспары.

Авторлық бағдарлама.

Түсінік хат.
Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарын бағындап оның алдын алудың, жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіру біздің басты міндеттеріміздің бірінен саналады.
Девиантты мінез – құлық пен біздің мемлекетіміздің ғана емес, әрбір әлеуметтік қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты:
– Девиантты мінез – құлық туралы мағлұмат беру.
– Девиантты мінез – құлықтың туындау себептерін ұғындыру.
– Жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын алу жолдарын анықтау.

Бағдарламаның міндеттері:
– Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газет, журнал, радио т.б) қоғамның назарын аудеру.
– Жастар арасында салауатты өмірсалтын насихаттайтын ақпарат тарату (жарнамалар, аудио - видеоматериалдары);
– Оқу мекемелерінде нашақорлыққа, ішімдікке және т.б қарсы пікірді қалыптастыратындай практикалық сабақтар, ашық тәрбие сағаттар деваттар, тренингтер өткізу.

Бағдарламаға пайдаланылатын құралдар:
Электрондық оқулықтар, психологиялық журналдар, әдістемелік нұсқаулар, видео касеталар, ғаламтор материалдары, әдеби кітаптар.

Бағдарламаны ұйымдастыру формасы.
Лекция, шығармашылық жұмыс, пікірталас, реферат, тәрбие сағаттар, деват т.б.

Авторлық бағдарлама.

Қ/с Орындалатын жұмыстар Ұйымдастыру формасы
1 Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориямен негіздері.
Баяндама
2 Девиантты мінез-құлық туралы түсінің жұмыстарын жүргізу. Психолог
3 Мінез – құлық ауытқушылығының себептері. Психологиялық сауалнама
4 Деватты мінезді балалар кімдер?
Оны қалай білеміз. Пікірталас психолог маманы
5 Қиын бала дегеніміз кім? Дебат
6 Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлықты болдырмау себептері. Тәрбие сағатын өткізу

7
«Балаңызбен байланысыңыз қалай» Ата-аналармен сырттай диагностика
8 «Жүрек түкпіріндегі қорқыныш».
– Сіз мейірімді адамсыз ба?
– Досына сыйлық.
– Оқушының өзін-өзі бағалау т.б.
Психологиялық тест өткізу
9 Девиантты бала кім? Тәрбие сағаты
10 Оқушылармен, ата-аналармен ымыраластық қарым-қатынаста жұмыс істейтін сынып жетекішілер.
Лекция
11 Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс-шараларға қатыстыру. Іс – шараға қатысу
12 Қазіргі таңдағы отбасының ролі. Педагогикалық психологиялық жұмыс жүргізу
13 Ата – аналармен жұмыс жүргізу.



Рефераттар мен баяндама тақырыптары.
1. Оқушылардың девиантты жүріс – тұрысымен алдын алу жоспары.
2. Жастардың девианттық мінез – құлықтық дамуының әсері.
3. Девиантты мінез – құлықтың қалыптасқан жасөспірімдердің тәрбиелейтін орын.
4. «Қиын бала» ұғымының шығу себебі.
5. «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
6. «Қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының ролі.
7. «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары.
8. Жасөспірімдердің бос уақыты дұрыс ұйымдастыру.
9. Девиантты баланы тәрбиеге баулу тәсілдері.
10. «Қиын балалар» дегеніміз кімдер?.
11. Девиантты мінез – құлықтың алдын алу барысындағы мектеп тәжірибесі.
12. Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлықты болуының әлеуметтік – тұрмыстық себептері.

Ұсынылатын әдебиеттер.
Мұғалімдер үшін:
1. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журналдар.
2. С.Б.Бейсебаев «Жастардың девиантты мінез-құлқын дамуының әсері».
3. Мектеп психологтары «Психологиялық сауалнамалары».
4. Абай Құнанбаев «Қара сөздер» жиынтығы.
5. Г.Е.Айымбетов, Р.С.Колонина «Девиантты іс-әрекетті балалар».
6. И.Әбеуова «Мінез – құлқында қиындық бар оқушылар».
7. Т.Р.Нұрмұхамбетова І, ІІ, ІІІ, ІV том. Тәжірибелі психология.
8. Қ.Б.Жарқынбаев «Психология».
9. Ш.М.Бағиева «Интерактивті әдістер-өнірлік дағдыны қалыптастыру тетігі».
10. Көркем - әдеби кітаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер.
Оқушылар үшін:
1. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журналдар.
2. Абай Құнанбаев «Қара сөздер» жиынтығы. 19 қара сөзі.
3. Әдеби кітаптар.
4. Т.Р.Нұрмұхамбетова. Тәжірибелі психология.
5.

Әдетте бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу және даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде отбасындағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып баланың қалыпты жағдайынан ауытқуына себепші болады. Әсіресе отбасында қалыптасқан микроклимат отбасы мүшелерінің бір–бірімен қарым–қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шамасына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадыр–қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, олардың алатын әсерлері мен күнделікті дағдылары баланың мінезінің жақсы не жаман болуына көп ықпал етеді. Өкінішке орай отбасы біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Біраз отбасыларында мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады. Ендеше қиын баланың пайда болуындағы объективті және субъективті факторлар ретінде мынандай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім және мәдени өрісі төмен ата–аналар баланың ішкі жан дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап қояды, әрі оның сөзсіз орындалуын талап етеді. Бұл жердегі қателік баланың қабілетіне, іскерлігіне көңіл бөлінбеуінде. Соның салдарынан баланың отбасы ортасындағы адамгершілік, эстетикалық сезімдер дұрыс өріс ала алмайды.
Педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша ұрыс, жанжал, төбелес, бір–бірін жәбірлеу кездесіп тұратын отбасында өскен балалар, ішімдік орын алған ортада өскен балалар, жезөкшелік пен моралға қайшы әрекеттермен айналысатын отбасында өскен балалар «қиын бала» деп аталады. Оларға тән қасиеттер: дөрекілік, қатыгездік, жалқаулық, ұрлық.
Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор ерекшелігі бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора–жолдастарымен оңаша сөйлесуге, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі болады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп тәртібінен уақыт асқаннан кейін баласын бақыламаған ата–ана баласын уысынан шығарып алуы қиын емес. Бұл мәселе бірден бір ата–анаға байланысты, солардан талап етілетін нәрсе. Мұғалімге қатысты жағына келетін болсақ, әр оқушының өзіне тән табиғи физиологиялық, психологиялық ерекшелігін ескермеуден туады.

Отбасының сәтсіздігі ата–анасының моралға қайшы өмір кешуі, бала тәрбиесі мен болашағына деген жауапкершіліктің жоқ болуы бала тәртібінің нормадан ауытқуына әкеледі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, көбіне отбасындағы тәрбие бала мінез–құлқына қатты әсер етеді. Сондай-ақ отбасы жағдайында баланың күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа әзірленуге мүмкіндік жасамауы да себепші болады. Тағы бір айта кететін нәрсе ата–аналардың ажырасуы. Бала психикасына, әсіресе ұл балаға үлкен әсерін тигізеді. Алдында үлкен өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қасиет, жүріс–тұрыс мәнері мен әдеттерін үйрететін әкенің рөлі ер балаға ауадай қажет. Осының барлығының жоқтығы ер баланың ұжымнан оқшаулануына, тұйыққа әкеп соғады. Сөйтіп барып мектеп тәртібін бұзып қана қоймай теріс жолға түседі.
Ата–аналар көңіл аударатын мәселенің бірі отбасындағы бір немесе көп баланың болуының тәрбие ісіндегі орны. Белгілі кеңес педагогы А.С.Макаренко отбасында жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу әлдеқайда жеңіл деп көрсеткен. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір–бірімен санасу сияқты отбасы дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады. Балалар бір–біріне көмектесіп, сүйеніш болу арқылы бауырмалдылық сезімде өседі. Ал жалғыз бала отбасында өссе, ол өзімшіл, менменшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай балалар алдауға тез түседі, қажет нәрсені үйінен әкеліп беріп жүреді, сөйтіп жүріп, қиын баланың ықпалына түседі.
«Баланы жастан» демекші, әуел бастан балаға дұрыс ықпал, түзу бағдар беруді, тәрбие жұмысын бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың ата аналық және педагогикалық борышымыз екенін ұмытпаған абзал.
Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез–құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық–психологиялық жұмыс жүргізу, оларды девиантты мінез–құлықты болдырмаудың алдын–алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде. Ендеше аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық және т.б ата–аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті.


Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп – жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала, есті болмайды. Естіп көріп ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады» – деп ақыл естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.
Қазіргі уақыттағы көптеген зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, қылмысқа көп баратын жастар ішінде 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны артып отыр. Бұл әрине, қоғамдағы жағдайға, баланың әлеуметтік–тұрмыстық жағдайына, отбасындағы ата–анасымен қарым–қатынасы жағдайына тікелей тәуелді болып келеді. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, девиантты мінез–құлықты жасөспірімдермен жан–жақты жұмыс жүргізіп, педагогикалық–психологиялық міндеттерді алға қоюымыз қажет.
Адамдардың барлығы бірден девиантты мінез–құлықты болып туылмағанына зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ол өмірде әке–шеше мейірімі, қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі, я болмаса оған жаны ашыр нағыз достың да болмауы.
Осы орайда нақты деректерге сүйенер болсақ, қалада жайсыз отбасының, яғни «қиын» ата–ананың көбейюі девиантты мінез–құлықты отбасының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық.
Девиантты мінез–құлықтың пайда болуына отбасындағы түрлі жағдайлар әсер етеді. Олар: әке–шешенің теріс үлгісі, үй ішіндегі еңсені босататын жағдай –отбасында өне бойы болып тұратын ұрыс, жанжал, ата–ананың біреуінің болмауы, ажырасулардың көбейюі. Өкінішке орай отбасындағы теріс қылықтарды түзету қиын.
Девиантты мінез–құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті вакторларға назар аударарлық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеуде. Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез–құлықтың пайда болуына бірден–бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастыларының бірі, баланың күнделікті жүріс–тұрыстарының қадағаламау, оның көзінше арақ–шарап ішу, дау–жанжал, ұрыс–керіс туғызу.

Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң–мұқтажын қамтамассыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, балаға көңіл бөлмеу, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртіншіден, ата–аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән–мағынасын түсінгенімен, олардың күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туындайды. Бесінші себеп – кейбір ата–аналар өмірлік бағдарламасында ала беру жинау, мансапқорлық, менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл–парасатына қарай емес, «байлығына», «қажеттілігіне» қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық–зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады. Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс еркелету, балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы көру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтыққа» дағдыландыру, алдындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау. Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекі ішімдікке, нашаға ұрлыққа икемделе бастайды.
Жастардағы девиантты мінез–құлық әлеуметтік жүріс–тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.
Мәселенің өзектілігі – қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жас өспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдердің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан–жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздың ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық мен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» (34.) деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі.

Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым. Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» (50.) деген дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетіні де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

1. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журнал.
2013 жыл № 1.
2. С.Б.Бейсембаев – «Жастардың девианттық мінез-құлқының дамуының әсері».
3. Л.Ерімбетов – «Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшелігі» Заң газеті 2010 жыл.
4. Е.Сармурзаев – «Психологиялық сауалнамалар» Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей психологы. 2013 жыл.
5. Қызықты психология. Танымдық психологиялық журнал.
2013 жыл. № 5 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Оқушылардың девиантты жүріс – тұрысының алдын алу жоспары. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 611 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar