Меню
Назад » » »
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы
загрузка...

загрузка...
Исина Айнаш Екпиновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
№ 6 орта мектеп КММ

Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы

Мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор екенін түсіндіру;

Оқу нәтижесі:
Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал екені түсіндіріледі.
Сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу түрлерін анықталады.
Оқушыларды оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру, алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету жолдары көрсетіледі.

Негізгі идеялар:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, маркерлер, постерлер, оқулық кітаптар,смайликтер,стикерлер
Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

Психология лық ахуал тудыру кезеңі

Қатысушы мұғалімдер шаттық шеңберіне тұрады

3 мин Сәлемдесу, коучинг жұмысына сәттілік тілеу

Жүректер таратып береді.

«Ай да біреу аспанда
Күн де біреу аспанда
Тұратұғын елжіреп
Бәрімізде бір жүрек» дегендей бір бірімізге жүрегімізге ұсына отырып, тілек айтайық.



Қатысушылар бір-біріне тілек айтады
2 Топқа бөлу 2 мин Топқа жыл мезгілдеріне қарай бөлу
«Кімге көктем, кімге күз, кімге қыс ұнайды?»
Топ басшысын белгілеп, бағалау парақшасын беремін. Қатысушылар өздеріне ұнайтын жыл
мезгілдеріне қарай бөлініп,топтарға жайғасады. Топ басшысы сайланады.
3 Коучинг тақырыбы-мен таныстыру
1 мин Коучинг тақырыбымен таныстырамын. Тақырып идеясымен таныстыру туралы бейнежазба көрсетіледі.
4. Тапсырма №1 5мин Кітап таратып беремін. «Астана» өлеңінің мәнін ашу.
«Астананың символы не?» Бәйтеректің суреті көрсетіледі.
Ол туралы мәтін таратып беріп,мұқият оқуды тапсырамын

Мәтінді жинап аламын да, сол мәтіннің азат жолмен қиылған нұсқасын беріп, рет-ретімен орналастыруды тапсырамын. Өлеңмен танысады, берілген сұрақтарға жауап береді,мәтінді оқиды.

Мәтінмен жұмыс жасайды.

Қиылған мәтін бөліктерін рет-ретімен қойып шығады.
5 Көрсетілім 3мин «Кейс- стади»технологиясы туралы мәлімет
«Кейс- стади» технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру құралы екенін айтып өтемін.
6 Сергіту сәті «Шарфты байлау әдістері» 3мин Әр топ мүшелері шарфты байлаудың әртүрлі тәсілдерін көрсетеді.

7. Тапсырма №2 10 мин Айтыс туралы кітап беремін.
1-топ тапсырмасы: айтыс сахнасының суретін салу және ол туралы әңгімелеу;
2-топтың тапсырмасы: қыз бен жігіт айтысын шығармашылықпен жазып көрсету;
3-топтың тапсырмасы: айтыс туралы эссе жазу керек; Берілген айтыс үлгісін оқып шығады

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.
8.Көрсетілім 3мин Интербелсенді тақтадан функционалды сауаттылық туралы мәлімет айта отырып, тапсырманы қорытындылаймын.
9.Бағалау 1мин

3мин Әр топ мүшелеріне көрші топ мүшелерінің жұмысын «Басбармақ», «От шашу», «Үш шапалақ» әдістерімен бағалауды тапсырамын,

Топ басшыларынан бағалау парақшасын толтырып, өз топ мүшелері туралы айтуын сұраймын. Топ мүшелері басқа топтарды бағалайды.

Топ басшылары бағалау парақшасы бойынша өз тобының мүшелеріне баға береді
10. Рефлексия
2 жұлдыз, 1тілек «Тілектер аллеясы» атты алакатты ілемін, стикерлер таратамын. Қатысушылар 2 жұлдыз,1тілек жазылған стикерлерін «Тілектер аллеясындағы» іздерге апарып жапсыру керек.
Дереккөздер:
-Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІ деңгей;
- А.Ш.Орақова,Т.Б.Корнилова,Ж.А Жартынова,А.А.Касымова.
Коуч – мұғалімнің жұмыс кітабы.,2014
-Курс барысындағы таратпа материалдар.
-Көзбен көретін айғақтар негізінде функционалды сауаттылық туралы слайдтар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің маңыздылығы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 339 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar