Меню
Назад » » »
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы математикадан деңгейлік тапсырмалардың сипаты.
загрузка...

загрузка...
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы математикадан деңгейлік тапсырмалардың сипаты.
Қазіргі таңда берудің әлеуметтік құрылымы маңызды әлеуметтердің біріне айналып отыр.
Білім беру жуйесінің басты міндетті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бығытталған білім алу ушін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Міне осындай маңызды мәселерлері шешуде жас ұрпақты саналы да, сапалы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет.
Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, танымдық қабілетін дамыту, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Мұғалім оқу және тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, тәрбие жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге, өзінің мамандық, саяси- идеялық және мәдени деңгейін үнемі жетілдіруге, ғылым мен озық тәжірибені білуге және пайдалануға, үнемі шығармашылық ізденісте жүруге міндетті. Осы абыройлы да қоғам алдындағы өте жауапты міндетімізді адал ақтау табандылықпен, еңбекқорлықпен өз мамандығымызға деген зор сүйіспеншілікпен ғана жүзеге аспақ. Атақты педогог В.А.Сухомлинский өзімен істес болған математика пәнінің мұғалімі Арищенконы былай деп еске алады:
... Ол кісі тамаша тәрбиеші болғандықтан да, тамаша мұғалім еді. Оның қолында математика нағыз адам тәрбиелеудің құралы болатын. Г.Г.Арищенкоға мынандай сұрақ қойылған,- «Сіз математикамен қалай тәрбиелейсіз? Сіздің пәніңіздің материалы тәрбие идеяларына алшақ жатыр ғой». Ол былай деп жауап береді: «Математика ең алдымен еңбек. Менің шәкірттерім ең алдымен мені еңбекқор адам деп танып өздеріде еңбекқор болу тілегімен тұтануына ұмтыламын. Жан аямай жұмыс істеп, сүйікті жұмысыңа бар күшіңді жұмса, бейнетсіздікке, жалқаулыққа, жеңілтектікке жаның түршіксін».
Меніңде өз шәкірттеріме беретін принциптерім міне осындай. Математиканы оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту белсенділігі мен ынтасын арттырып, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мұғалімнің шеберлігіне, сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді орнымен пайдалана білуіне тікелей байланысты. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі– профессор. Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой- өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар- дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау қабілетін, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып ғана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп даму үстінде болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат- сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім- бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл- ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. Бұл технологияда жұмыс міндетті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
1- деңгей: міндетті, оқушылық;
2- деңгей: алгоритмдік;
3- деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4- деңгей: шығармашылық- өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру;
Қазіргі таңда оқулықта берілетін тапсырмалар да деңгейлеп жасалынған. Оқулықтағы «А» деңгейі міндетті мемлекеттік стандарт деңгейі, бұл деңгейді барлық оқушылар меңгеруі тиіс, «В» деңгейі күрделірек, білімдік дағдыларын жетілдіре түседі, ал «С» деңгейі оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне арналған.Ал 4- деңгейде оқушылар жинаған тәжірибесі мен қалыптастырған ұғымы, белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, мұғалімнің көмегінсіз, оқулыққа сүйенбей тапсырмаларды қорытып шығаруы, олимпиада есептерін шығару, өз бетімен реферат жазып, ғылыми жоба қорғауы жатады. Яғни оқушы өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлға боп қалыптасады. Осы мақсатта 8 «ә» сыныбында «Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдану арқылы төмендегідей сабақ өткіздім.
Бұл әдістің тиімділігі:
- сынып оқушылары жаппай жұмыс жасайды;
- бос отырған оқушы болмайды;
- әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;
- оқушы өз білімін өзі бағалай білуіне дағдыланады;
- сыныпты ұйымшылдыққа, бір-біріне қайырымдылыққа тәрбиелейді;
- оқулықтағы А, В деңгейіндегі есептерді ғана шығарылмай, С деңгейінің есептерін шығаруға үйренеді;
- есеп шығарудың әртүрлі тәсілдерін меңгереді;
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды биквадрат теңдеу анықтамасымен , квадрат теңдеуге келтірілетін басқа да теңдеулер түрімен, теңдеулерді шешу жолдарын есептей білуге бейімділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушылардың ойлау жүйелілігін және сұрақтарға нақты жауап беруге тез шешім қабылдауға үйрету;
Дамытушылық: биквадраттық теңдеулерді шешудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда білім, білік дағдыларын қалыптастырып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: Іскелік дағдыларын жетілдіру;
Сабақтың түрі: практикалық;
Сабақтың әдісі: бекіту, деңгейлеп саралап оқыту;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, анықтамалық формулалар;
Сабақтың құрылымы: Сабақ 4 деңгейлік бөлімнен тұрады:
1.Оқушылық деңгей ( ауызша есептер мен формула тұжырымдау)
2.Алгоритмдік деңгей. 3.Эвристикалық деңгей. 4.Шығармашылық деңгей.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу,сабаққа ынтасын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын № 190 есепті тексеру.
ІІІ.Негізгі бөлім.
І саты:«Міндетті оқушылық саты».
1.Квадрат теңдеудің анықтамасын тұжырымда?
2. Квадрат теңдеуді формуласы бойынша қалай шешеміз?
3.Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
4.Дискриминант дегеніміз не?
5.Д > 0, Д = 0, Д < 0 қанша түбірі бар?
6.Квадраттық үшмүше дегеніміз не?
ІІ саты: «Алгоритмдік саты»
І. Оқулықпен жұмыс.
ІІ.Жеке оқушылармен жұмыс.
А тобы ∆ - жеңіл №191, № 192
В тобы  - орташа №193, №196
С тобы ۩ - күрделі № 197, №199
ІІІ саты: «Эвристикалық деңгей»
Квадрат теңдеулердің шығу тарихы.
ІV саты: «Шығармашылық деңгей»
1.Ф.Виет формуласы:
2 . Логикалық есептер шығару.
V.Үйге тапсырма:
В тобынан - №195 есеп
С тобынан - №200 есеп
VI. Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау
Р.с Оқушының
аты-жөні Үй тапсырмасы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей ІV деңгей Қорытынды




Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабағымда қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:
- жаңа материалды оқып-үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырдым;
- жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім;
- оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым;
- білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдандым;
- оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым.
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді тұлға, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі.Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп, жас ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздардың атқарар ісі болып табылады.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Түгіскен ауылы
ғалімі Мустиярова Алма Елеуқызы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы математикадан деңгейлік тапсырмалардың сипаты. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 342 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar