Меню
Назад » » »
Оқушының физика пәніне қызығушылығын арттыру.
загрузка...

загрузка...
Жаңақорған ауданы
Байкенже ауылы
№193 қазақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Шынар Шайдарова
Оқушының физика пәніне қызығушылығын арттыру.
Оқу тәрбие процесін ұйымшылдықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, өз мамандығын барынша жетілдіріп , озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметінің жемісі бүгінгі күннің талабына сай болады.Мұғалімнің басты мақсаты сабағын тартымды, әрі қызықты етіп өткізу.Сабақтың сапасын арттыру үшін оқушылардың пәнге деген қызығуын дамыту мақсатында олармен жүргізілетін жекелей зерттеу жұмыстарының маңызы зор.Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беру мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты.Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Сабақты қызықты тартымды өткізу мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне, дарындылығына тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс – тәсілдерін орынды қолдана білуінде.Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады.Оқушылардың физикадан білімін көтерудің ең басты шарты оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында 8-ші сыныпта жүргізілген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру және белсенділігін қызығушылығын оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге ынтасы мен қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс:Информатика, математика
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу ,оқушылардың көңіл-күйін байқау, түгендеу.
Жаңа сабақтың өтілу жоспары:
1.Кім жүйрік
2.Тіл өнер.
3.Ғажайып үштік
4. Көкпар.
5. Жорға.
6.Қорытынды.
Біздің күнделікті өміріміздегі іс әрекетіміз білімге, оқуға үйренуге бағытталған.Бірақ осы қасиеттермен қоса адамдарға шапшаңдық та қажет.Сайысымызды Кім жүйрік ? деп аталатын I-ші бөлімнен бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайысқа қатысушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
I-тур. Кім жүйрік?
1Электрлену барысында пайда болатын күштерді не деп атайды?
2.Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап.
3.Өткізгіштер дегеніміз не?
4.Диэлектриктерге қандай заттар жатады?
5. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек.
6. Тәжірибе жүзінде электрон зарядының бар екенін кім анықтады?
7.Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек.
8. Электр зарядының өлшем бірлігі.
9. Электр тұрақтысының мәні нешеге тең?
10. Электр тогы дегеніміз не?
Келесі сайысымыздың түрі:» Тіл өнері» Бұл бөлімде жұмбақтар жасырылады және бұл жұмбақтардың жауабы 3 тілде айтылуы керек. Әрбір толық дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
II-тур. Тіл-өнер.
1.Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
2.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.
3.Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.
III-тур. Ғажайып үштік.
Бұл бөлімде мына тақтадағы кесте ішінде ұпайы көрсетілген сандар бар оның астында сұрақтар берілген, оны бір оқушы таңдайды, соған барлығы жауап береді.
20 20 20
30 30 30
40 40 40
20 ұпайлық сұрақтар:
1.Алғаш рет « электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы кім?
2. Тұрақты токтағы өткізгіш кедергісін өлшейтін құрал.
3. Ом заңының өрнегі және кедергінің өлшем бірлігі.
30 ұпайлық сұрақтар:
1. Токтың қуатын табу үшін қандай өрнек қолданылады?
2. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі.
3. Электр қозғаушы күшінің өрнегі.
40 ұпайлық сұрақтар
1.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күшінің, кернеудің және кедергілердің өрнектерін жаз.
2.Өткізгіштерді параллель жалғағанда ток күшінің, кернеудің және кедергілердің өрнектерін жаз.
3.Джоуль-Ленц заңының өрнегін жаз.
IV –тур.»Көкпар»
Бұл бөлімде оқушылар тақтаға есептер шығарады. Әрбір дұрыс есепке 10 ұпай беріледі.
1.Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?
2. Бір сағатта 25 кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болуы керек?
3. Тізбектегі ток күші 0,50А, двигатель клеммаларындағы кернеу 12В болса, электр тогы 30 мин ішінде электродвигательде қандай жұмыс атқарады?
4.Электрбұрғы орамының кедергісі 20Ом. Егер электрбұрғы 19А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?
5.Өткізгіштен 0,40А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8 В болды.Өткізгіштің кедергісі неге тең?
V-тур. Жорға.
1-оқушыға:
1.Ток күшін өлшейтін құрал.
2.Амперметрді тізбекке қалай қосады?
3.Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім және қай жылы ашты?
4.Тізбектегі кедергіні өзгертуге қандай құралдар қолданады?
5.Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы не деп атаймыз?
6. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншісінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды не деп атаймыз?
7.Реостаттың екі түрін ата.
8. Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872ж Санк-Петербургте кім ойлап тапты?
9.Ток күші деп нені атайды? Ол нені сипаттайды?
10.Кернеуді қалай өлшейді?

2-оқушыға:
1.Вольтметрді тізбекке қалай қосады?
2.Бұл ғалым қайнау температурасы 4,1К болатын сұйық гелийді пайдаланып және әр түрлі материалдарды тоңазыта отырып олардың кедергісін өлшеген.
3.Ток көздеріне жататын құрылғыларды ата?
4.Ток көздерінде неше полюс болады?
5.Егер өткізгіштің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды не деп атаймыз?
6.Тұрмысқа қажетті электр знергиясын тұтыну құралдары қанша вольтқа есептелінген?
7.Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдарды ата?
8. Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ата?
9.Өткізгіштің температуралық коэффициентінің SI жүйесіндегі өлшем бірлігі.
10.Электр тогын үйде өлшейтін құрал?
VI Cабақты қорытындылау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Оқушының физика пәніне қызығушылығын арттыру. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 303 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar