Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН «ЕГІНШІ МЕН ҚАСҚЫР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ -

ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН «ЕГІНШІ МЕН ҚАСҚЫР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1488 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Жолдасова Айнур Алибековна
Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы,
Ақбастау ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімі

ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН «ЕГІНШІ МЕН ҚАСҚЫР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

«Шәкірті білімді болу үшін, ұстазы білікті болу шарт».(Назарбаев)Ұстаз заман талабына сай болу үшін, әр уақытта ізденіп, білімін шыңдап тұру қажет. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік - оның сабақты түрлендіріп өтуі, баланың жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атану , оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Қазіргі таңдағы өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл ұстаз болуы тиіс.
Сондықтан да мен педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудағы 3 айлық ІІІ деңгейдегі оқуға келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы бойынша көрсетілген 7 модульді оқып, оны сабақ барысында қалай енгізу керектігін үйреніп , сабақта 7 модульді кіріктіре отырып түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушыларға әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуге болатынын түсіндім. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзін еркін ұстап, дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (нұсқаулық-4-бет), Сондықтан оқушыны жан-жақты дамытып, өздігінен білім алуға үйретуі үшін, мұғалімнің жедел шешім қабылдаушы бола білуі, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті болуы, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - қазіргі заманның талабы. Сапалы оқытудың маңызды факторы- мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады (нұсқаулық-6бет). Яғни құзырлы мұғалім дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы десек болады. Ендеше құзыреттілік дегеніміз қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі- деп түсіндім.
Сабағымда Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» құралындағы үшінші көмекшісінде, яғни кәсіби өнегелілік тұтастықта жазылған «Мұғалім шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар және олар өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар» (МАН. 7 бет) Мен оқушыларды, топтық жұмыстарды бағалаған кезде, жиынтық бағалау шығаруда шыншыл, әділ болып, әрбір істеріне төзімділікпен қарауға тырыстым. Топтық-жұптық жұмыстар барысында, белсенді қатысып атсалысып отырған оқушыларға өз орнымен мадақтаулар айтып, қошеметтеп те отырдым және әрбір оқушыға сенімділікпен қарадым. Осы жағдайлар орын алып жатқан кездерде, оқушылар тарапынан көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабаққа деген қызығушылықтары артқанын, өздеріне деген сенімділіктері жоғарылағандығын білдім.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар:
- Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі (нұсқаулық-6 бет) - деп жазылғандай, оқушылардың оқытуда біріншіден өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет және оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетінімен, нені білмейтіндігіне көңіл бөлуім қажет деп таптым. Сабақта оқушылармен өте тығыз жағымды қарым-қатынас жасап отыруды көздедім.
Сабақ барысында Стронг айтып өткендей: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім» - дегенді өзіме сабақ алдындағы ұстанымым деп алдым. Себебі Пажарес: "Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек- деп түсіндірген. Сол себептен сабағымда өзімнің және оқушыларымның да жоғары деңгейдегі жетістіктерге жеткенін қаладым.
Біліктілікті арттыру курсында оқып, талқылаған 7 модулді кіріктіре отырып өткен тізбектелген 4 тақырып бойынша сабақтарымды 3- сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша алдым.Танымдық оқу-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуды негізге ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жасадым. Соның ішіндегі тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша бірінші сабағыма жеті модульді қалай кіріктірдім, не үшін кіріктіргенім туралы есебімді жазғалы отырмын.
Сабағымның тақырыбы: «Егінші мен қасқыр»
Сабақтың мақсаты: Ертегідегі негізгі ойды анықтау, оқушылардың бойына адалдық пен еңбексүйгіштікті қатар сіңірте отырып, тақырыпты меңгерту.
Сабағымды өтпес бұрын өзімнен бұрын біліктілігін арттырып келген әріптестеріммен кеңестім. Сабаққа бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі және бастауыш сынып мұғалімдері қызығушылық танытып қатысты.
Сабағымды мынадай бөліктерге бөліп қарастырдым:
І . Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ. Бағалау кезеңі
Сабағымның кіріспе бөлімінде оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Комплименттер бұрқасыны» әдісі арқылы, яғни бұл жерде балалар қорапшадан есімдер жазылған парақтарды алып, өз кейіпкерлеріне бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады. М: Сен керемет жансың. Сен ақылды қызсың. т.с.с. осылай сыныпта атмосфералық ынтымақтастық ортаны қалыптастырдым. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күйлерімен сабақты бастады.


Осы шеңбер кезінде оқушыларды «Тұлғаны танып біл» әдісі арқылы үш топқа бөліп алдым. Тұлғалар Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уалиханов Оқушылар тұлғалардың есімдері жазылған парақшалар арқылы бөлінеді. Осы тұлғаларымыздың қандай өлеңдерімен шығармаларын өттік? Бұлай сұрақ қою себебім, өтілген материалдарды еске түсіру болды. Барнс (1971)сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Осы сөздерге сүйене отырып, үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып сұрақтар бердім.Бұл жерде Тулвингтің «Алып шығу тәжірибесінде»Білетін ақпараттарды бірнеше рет қайта тексеру, есте сақтаудың сапасын едәуір жақсартады деген.Осы сөздерді негізге ала отырып, қайталау, еске түсіру баланың жадысын жақсартып, қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатындығын түсіндім. Оқушыға сұрақтар беріледі. Шегіртке мен құмырсқа өлеңінің авторы кім? Шегіртке неге жылады? Ол неге құмырсқаны іздеді? Шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта? Балалардың сұраққа мейлінше толық жауап бергенін қадағаладым. Балалардың жауаптарына қарай смайлик беріп отырдым.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзін еркін ұстап, дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (нұсқаулық-4-бет), Сондықтан оқушыны жан-жақты дамытып, өздігінен білім алуға үйретуі үшін, мұғалімнің жедел шешім қабылдаушы бола білуі, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті болуы, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - қазіргі заманның талабы. Сапалы оқытудың маңызды факторы- мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады (нұсқаулық-6бет). Яғни құзырлы мұғалім дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы десек болады. Ендеше құзыреттілік дегеніміз қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі- деп түсіндім.
Жаңа сабақты ашу мақсатында тақтаға сурет ілдім. Бұл жерде балаларды сыни тұрғыда ойлантқым келді. Мен бұрын төменгі дәрежелі сұрақтар қоятын болсам, бағдарлама аясында жоғары дәрежелі сұрақтарды қоя отырып, сыни тұрғыда ойлауға балаларды жетеледім. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алатындығын ескеріп, оқушыларға сурет бойынша сұрақтар бердім. Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт? Осы тағамдар дастарханға қалай келетіні туралы әңгімеле? Балалар ұннан жасалатын тағам түрлері атады, ал осы нан дастарханға қандай еңбектің арқасында келетінін шамалары келгенше айтты. Сонымен қатар аналарының түрлі дәмді тағам түрлерін әзірлейтіндерін айтып өтті. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон(2007)өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Оқушылардың көбірек білетін адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. (МАН 36бет) Осы сөздерді негізге ала отырып, ертегіні рөлге бөліп диалог арқылы оқыттым. Ертегі бойынша сұрақтар беріп отырдым. Берілген сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Болса қандай? Бұл жерде де балаларды сыни ойлауға тарттым.
Бағалау – ол білімнің нәтижесі болып табылады. Сондықтан мен оқушылардың білімін сабақ барысында, жақсы қатысып, белсенділік танытып отырған балаларға смайлик таратып отырдым. Оқушыларды мақтап, мадақтап қоюды да ұмытқан жоқпын. Жоғары ұпай жинап, көшбасшы болған топқа арнайы қоржындағы сыйлығым бар,- деп оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятып қойдым. Сергіту жаттығуында әр топқа әр түрлі ән айту тапсырылды. Балалар тапсырманы ұйымшылдықпен орындап шықты.

Топпен жұмыс жүргіздім. Себебі сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар: Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінеді; Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі; Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екенін білуге көмектеседі. (Ман36бет) деген дәлелдерді негізге ала отырып үш топқа тапсырма бердім. Бірінші топ нан туралы мақал-мәтелдер , екінші топ ұннан жасалатын тағамның суреттерін салады, үшінші топ ұннан жасалатын тағам түрлерін жазады, жасалу жолын айтып беру керектігін айттым. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшыларымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. (Ман48 бет) Аса қызығушылықпен постерлерін жасап, бояп, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынастар қалыптасып жатты.Топтық жұмыстың арқасында әңгіме жүріп жатты.Топтар арасында «Әдемілеп жасайық», «Жақсы қорғап шығайық», «Тез тез болсай», «Бірінші болайық» деген сияқты сөздерді арасында естіп жүрдім, яғни бұл топтар арасында бәсекелестік екенін түсіндім. Олар бәсекелестікке түсе отырып сабаққа деген ынталары арта түсетінін білдім. Мынандай бәсекелестік заманында оқушы бойында бәсекелестік қабілет орнату ең маңызды іс деп санаймын. Өйткені бұл ХХI ғасыр жастары. Әр топ постерлерін қорғады. Бірінші топ нан туралы мақал-мәтелдерін оқыды. Соның ішінде: Ас атасы-нан, Нан астығын жинаймын, елге астық сыйлаймын. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен. Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ. т.с.с.Осы мақалдардың мағынасын түсіндірді. Нан-тамақтың атасы екенін, нансыз өмір жоқ деп өзінің ойын айта кетті. Екінші топ ұннан жасалатын тағамдардың суретін салып, әр суретке түсініктеме берді. Мысалы: Х-есімді азамат ұннан жасалатын тағамдар түрлерін атап, олардың жасалу жолы туралы әңгімелеп берді. Бір оқушы анасының өте дәмді торт пісіре алатынын мақтанышпен айтты. Үшінші топ ұннан жасалатын тағамдарды топтастыру арқылы жазып шықты. Онда оқушылар тағам түрлерін атаумен қатар, сипаттап берді. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады. (Ман48бет)Оқу сияқты көшбасшылықта та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. (Ман82 бет).Сол сияқты үш топтың да көшбасшылары тобын жетелеп, белсенділік танытты.
Сабақты қорыту барысында оқушыларға сұрақтар қойдым. Қасқыр егіншіге қандай тілек білдірді? Қасқыр егінші кәсібін жасай ала ма? Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде? Сызбадағы сөздерді істің орындалу ретіне қарай ата? Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің? Балалардың сұраққа жүйелі түрде жауап беруін қадағалаймын. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдіс-тәсілдерді лайықтап алдым, ұйымдастыруды жоспарлай білуді, сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере алуды, үйренгенімді сабақ барысында қолданып отырмын.
Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Оқушылар бір – бірімен әңгімелесу, яғни пікірлесу арқылы диалог құрады. Сабақ кезінде оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында бір-бірімен сұхбат жүргізеді. Яғни талқыға салады, ойдан ой туындайды, идеяларын бөліседі, онысын дәлелдеуге тырысады.
Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтып, сұрақтарға жауап беру тапсырылады. «Қандай мамандық иесі болғың келеді» шығарма жазып келу. «Бармақ» әдісі бойынша бағалау. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушыларда белсенді қатысуы керек. Әр топ бір-бірін бағалайды. Талпынғандар ғана білім алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да өзекті.

Оқушылардың сабағымнан алған әсерлерін байқау мақсатында кері байланысты "Сабақ қалай өтті?" деген сұрақ арқылы стикерлерге өз ойларын жазуды тапсырдым. Бірнеше оқушым өз пікірін шынайы жеткізді: «Топпен өткен сабақ маған өте ұнайды.» ,« Маған сабақ қызық өтті, келесіде де осындай сабақ болса екен »-депті. Шынымды айтсам, мен өзім олардың шынайы пікіріне риза болдым. Бақылап отырған апайлардан да жүздеріне күлкі үйірілгенін байқадым. Бұл менің жаңа форматта сабақ өтудегі алғашқы жеңісім еді. Не сәтсіз өтті?
Бұл сабақты жүргізу барысында маған мынадай кедергілер кездесті.Уақыттың жетіспеушілігі, балалардың өз ойын еркін жеткізе алмауы, бағалауда әділетсіздік танытуы. Осындай кедергілерден шығу үшін келесі сабақтарда сәтсіздікке жол бермеуге және оқушыларды уақытты мөлшерлеп жұмыс жасауға дағдыландыру қажет екендігін, өз ойын еркін жеткізуге, сұрақты дұрыс қоюға, балалардың жүйелі, нақты жауап беруге қалыптастыру. Сыныптастарын ,өзін-өзі әділ бағалауға, мұғалімдерге кері байланыс бергенде, сабақты қалай түсінді, түсінбеген жақтарын ашық жазуды ескерттім. Не сәтті өтті, неге қол жеткіздім?
Сабақ нәтижесінде оқушылар сыни тұрғыда ойлауға үйренді, бір-бірімен пікір алмасып, мәселені талқылау арқылы топтық шешім қабылдауды үйренді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары, белсенділіктері артты. Сындарлы оқу теориясында бағдарламаның жеті модулін бір-бірімен ықпалдастыра отырып сабаққа кіріктіру арқылы балаларды сындарлы ойлауға,ішкі ойлары қалыптасқан өздеріне сенімді, ынталы, өз пікірін, көзқарасын шешімін нақты айта алатын тұлға қалыптастыру.
Осы модулдерді қолдану арқылы болашақта оқушылардың арасында үлгермеушілік болмайтынын, балалардың ойлау қабілеттерінің артатынын, сөздік қорлары молая түсетінін және өзін бағалауды үйренетінін түсіндім. Келешекте білімді де, саналы ұрпақ тәрбиелеуді біліктілікті арттыру курсынан алған білімімді үздіксіз жетілдіріп отырамын деген ойдамын.Бұл бағдарламаның әрбір түйінді идеяларының оқушылардың өміріне жеткілікті білім беруде маңызы зор екендігін түсіндім. Болашақта сабақтарымды жеті модулді кіріктіре отырып, жүйелі сабақты өтіп, оқушылардың білімдерін арттыруға бел будым.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.