Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқымысты бала. Буын -

Оқымысты бала. Буын

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1924 | Размер: | Автор: гость
. Ашық сабақ
Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы
А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Бибигуль Толегенова
Сыныбы-1
Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Оқымысты бала. Буын
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Мәтінмен таныстырып, мазмұнын меңгерту.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру. Сөз қорын байыту.
3. Тәрбиелігі: алған білімін өмірде қолдануға, адамгершілікке, еңбек-сүйгіштікке, ұқыптылыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, кеспелер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты топтастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың құрал-жабдықтарын алғызып дайындау.
Психологиялық дайындық.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп.
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Смайликтерден көңіл-күйді білдіреді.
Өткен тақырыптарды қайталау;
Балалар дыбыс, әріп, дауысты және дауыссыз дыбыстар, жуан-жіңішке дыбыстар, буын туралы сұрақтарды бір-біріне қояды.
ІІ Үй тапсрымасын тексеру.
64-жаттығу. Ерт-те, ұрт-та, айт-па;
Құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа, ше-гірт-ке.
«Төзім» әңгімесінің мазмұнын сұраймыз.
 Бұл әңгімеден қандай үлгі алдық? Әжесінің Аяулымға айтқан сөзін кім тауып оқып береді.
 Төзіммен тыңдасаң, сен де ұғар едің. Ықылас болса, төзім де болады.
ІІІ Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу:
1. И дыбысының қай әрібі дауысты дыбыстың жанында кездеседі? Й
2. «Сең» дегенде,
«Кең» дегенде
«Тең» дегенде,
«Ең» дегенде
Тұратын соңғы әріп –
Қай әріп? (ң)
3. Әрі дауысты, әрі дауыссыз.
Кездеседі барлық сөзде.
Бұл қай әріп? (у).
– Осы й, ң, у дыбыстар сөздің ортасында кездескенде қалай буынға бөлуге болатынын үйренеміз.
Й, у, ң дыбыстары екі дауысты дыбыстың ортасында кезедсіп тұрса, онда екінші буынның басында айтылады.
Тақтаға сөздер жазылады, оларды буынға бөлу қажет.
О-йын-шық жа-ңа-лық а-уа
Қа-йың қо-ңы-рау а-уыл
Мо-йын жа-ңылт-паш да-уыс
Же-ңіс
Те-ңіз қа-уын
Же-ңіл ба-уыр
Дәптермен жұмыс.
Дүниетанумен байланыс (қазір қай мезгіл және нешінші ай мен күн епкендігін сұраймыз. Күннің ауа-райын бақылайды. Яғни, күн ашық немесе күн бұлтты).
Көркем жазу: Нн. Нан.
О-йын-шық, қа-йың, қо-ңы-рау, а-уыл, ба-уыр.
Ережені айтқызу. Және «көбейеді» сөзінде ғана үшінші буыннан басталатынын аңғарту.
66-жаттығу. Төмендегі бір буынды сөздерді оқиды. Бір буныды сөздер буынға бөлінбейтіні байқату.
Ай, ақ, ат, ән, ас, ін, оң, он, сүт, қаз, жаз, көл, көз, сөз, доп, шөп.
Математикамен байланыс: мәні он болатын өрнектерді құру (5+5, 6+4, 7+3, 8+2, 9+1)
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам.
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Мәтінмен жұмыс. «Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқу.
Мәтіннің авторымен таныстыру. Міржақып Дулатов (1885-1935) ақын, жазушы, қоғам қайраткері. Торғай уезі, Сарқопа ауылдық округінде дүниеге келген. Әкесі Дулат – шебер кісі, етік тіккен. Шешесі Дәмеш – әнші кісі.
1. Сөздік жұмысы:
жазғытұрым-көктемнің аяқталып жазудың келуі;
тырма-еңбек құрал-сайманы
ғылымдар-білім негіздері
2. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып береді.
- Балалар, мәтіннен баланың оқымысты не оқымысты емес екендігін байқап тыңдап, отырамыз.
3. Балалар мәтінді оқиды.
4. Сұрақ-жауап:
- Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
- Тырманы алып, шапқан шөпті жинау.
- Баласы не деп жауап берді?
- қазақ сөздерін ұмытып, «тырма» деген сөздің не екенін білмейтінін айтты.
- Бала қандай жағдайға душар болды?
- Сол сәтте, тырманың басын байқамай басып кетіп, сабы тақ етіп маңдайына келіп тиеді.
- Оқымсыты баланың бұл қылығын қалай түсінесің?
Оқымысты балаға мінездеме береміз:

4. Сабақты қорыту;
- Бүгінгі сабақта буынға қатысты не үйрендік? Й, у, ң екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, екінші буынның басында айтылатынын.
- «Оқымысты бала» мәтіннің авторы кім? М.Дулатов
- Мәтіннен қандай үлгі аламыз? Жат қылықтан аулақ болуға

5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма беру: «Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқу. Ереже жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.