Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқыту мен оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі пәнінде қолдануы -

Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі пәнінде қолдануы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1442 | Размер: | Автор: гость
. А.С.Абдиева,
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Тақырыбы: Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі пәнінде қолдануы

«Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген аталы сөзді алға ұстаған еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деп, мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабақта дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай кәзіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болу керек.
Мен үш деңгейлік курсының үшінші (негізгі) деңгейін бітірдім. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну , қабілетін дамыту , алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету [МАН 6 бет]. Кембридж Бағдарламасының негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектеседі [МАН 12 бет]. Мұғалім бүкіл оқу барысында білім берудегі жаңа тәсілді қолдана отырып, балалардың өздерінің оқуына мүмкіндік беру керек. Оқу бағдарламасы барысында мен 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіруге тырыстым. Оқушыларға жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, жан-жақты білім беру арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын арттыруды алдыма мақсат етіп қойдым. Сабақты бір модульмен өте алмайсыз, модульдер бір-бірімен тығы байланысты.
Оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері модулін қолдана отырып, бір сабағымды мысалы ретінде көрсетейін.
Сабақтың тақырыбы: «Music».
Сабақтың мақсаты: 1.Сөйлеу тілін дамыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға
қалыптастыру;
2. Өздігінен мәтінді оқып отыра, толық түсіндіруді
дамыту;
3. Present Perfect шағын қолдануын анықтау.
Сабақтың нәтижесі: 1.Сөйлеу тілін дамыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға
қалыптасады;
2. Өздігінен мәтінді оқып, толық түсінеді;
3. Present Perfect шағын қолдана біледі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Джигсо әдісі, INSERT әдісі, топтық, жұптық жұмысы,
сұрақ-жауап.
Негізгі дерек көздер: кесінді қағаздар, стикерлер, флипчарт, АКТ.
Сабақ басталар алдында оқушылар ағылшын тілде алдымен бір-бірімен амандасып, ынтымақтастық атмосфераны құру үшін бір-біріне жылы лебіз айтып, сәттілік тіледі: - Good afternoon, children! Good afternoon, teacher! How are you? We are fine thanks, and you? I’m fine, thanks. Before the beginning of our lesson, let’s wish to each other good things! Good luck! Have a nice lesson! Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері модулін қолдана отырып, Джигсо әдісі арқылы оқушыларды топтарға бөліп отырдым. Топқа бөлген себебім үлгерімі жоғары және үлгерімі төмен оқушылар бірге отырып, топтық жұмыста бір-бірімен пікір алмасады, идеяларымен бөліседі деген ойға келдім. Топты дөңгелек, әр түсті қиынды сандар жазылған қағаздар және алма, алмұрт, жапырақ суреттер арқылы бөліп отырдым. Топтық жұмыс арқылы тұжырымдама жасаған кезде, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілеті қалыптасады. Менің байқағаным өзара диалогтік әлеуметтік әрекеттестіктің арқасында сыни ойлауын дамыту үшін, оларға өз деңгейіне қарай сұрақтар мен тапсырмалар беру керек екен. Оқушы тапсырманы орындау үшін алдымен жеке ойланады, содан соң топтағы сыныптастарымен ой бөлісіп, пікір алмасады. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. And now, students, look at the board. You see pictures. Can you name to me types of music!Бұл әдісте оқушылар интербелсенді тақтадағы слайдта, музыка түрлерін тез арада атап береді. Содан кейін бірінші топқа «Classic music» , екінші топқа «Jazz», үшіншісіне «Light music» туралы постер қорғаттым, берілген тапсырма бойынша оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, тұжырымдама жасады. Рефлексия арқылы оқушылар қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергенін білдім және келесі сабағымды жоспарлағанда оқушылардың пікірлерін ескеріп отырдым. Балалар өз бетімен білім алуға дағдыланады, алған білімдерін талдап өмірде пайдалана алады деп ойлаймын. ХХІ ғасыр білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық Коммуникациялық Технология оқушыларға өте тиімді, өйткені үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырып өткенде және оны қабылдауына, түсінуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдерге сабақ беруде көмегі маңызды құрал болып саналады. Сабағымның негізгі бөлімінде оқушыларға U-2 тобы туралы қысқаша мәлімет бердім. Кітаптағы мәтінді электронды оқулық арқылы тыңдаттым, оқыттым. Жүптық жұмыс арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді.Бұл модулді әр сабағымда ағылшын тілінде мәтін, диалог, жаттығуларды тыңдатып, оны тексертіп отырдым. Әр берілген тапсырманы оқушылар қызығушылығымен орындағанын және сыни тұрғыдан ойлау әрекеттерін байқадым. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Бұл модульді барлық сабағымда кіріктіре отырдым. Балалардың жас ерекшкліктерін ескере отырып, әр-түрлі деңгейлік тапсырма бердім. Тапсырмаларды бере отырып оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін жүзеге асырдым. Александр айтқандай сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды [МАН 56 бет]. Бұл модульді әрбір әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда қолдандуға тырыстым. Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін қолданып, оқушыларға оқыту үдерісінде бағыт-бағдар беріп отырдым. Сабақ барысында мұғалім көшбасшы ролін атқарады. Сабағымда көшбасшы топ мүшелеріне өз міндеттерін бөліп берді және оларды критерий парағы бойынша бағалап отырды. Ал мұғалім тарапынан бағалау парағы бойынша оқушының іс-әрекеттері арқылы бір балдан қосып отырдым. Өйткені оқушылар өздерін жоғары бағаламау үшін. Сабақ кезінде оқушыларды мадақтап, мақтап отырдым. Көшбасшының бағалуын ескере отырып, жиынтық бағаларын шығардым. Менің сабағымдағы кездескен қиындықтар: 1. Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
2.Оқушылар ағылшын тілінде дұрыс оқи алмауы.
3.Оқушылардың сөздік қорының аздығы.
Қиындықтардың жою жолдары: 1. Ағылшын тілінде өз ойын жеткізеді.
2.АКТ-ны қолданып, электрондық оқулық арқылы
оқушыларға дұрыс оқуды үйрету.
3. Эссе, диалог,сөздікпен жұмыс жасау арқылы
сөздік қорын молайту.
Нәтижесі: 7 модульді сабақтарымда қолданудың тиімділігіне көзім жетті.
Оқушылардың өздігінен оқып, білім алуы, еркін қарым-қатынасы,
олардың сабаққа қызығушылығы артты.
Болашақта: Оқушылардың өздігінен білім алуына үлес қосамын.
7 модульді сабағыма жаңа әдіс-тәсілдер арқылы кіріктіре отырып,
нәтижелі сабақ өтуімді жетілдіремін деген сенімдемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық .
2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. А.Қ..Әлімов
3. Ғаламтор желісіндегі ақпараттар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.