Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқыту үрдісінде сындарлы оқыту теориясын  тиімді қолдану жолдары -

Оқыту үрдісінде сындарлы оқыту теориясын тиімді қолдану жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1781 | Размер: | Автор: гость
. Оқыту үрдісінде сындарлы оқыту теориясын тиімді қолдану жолдары
Тешебаева Маржангуль Жарылкасыновна-Сарыағаш ауданы,№94 Ленин атындағы жом,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахмедова Гулжан Эсаналиевна-Қазығұрт ауданы,Ынталы жом,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шериева Актолкын Мырзабековна-Түркістан қаласы,М.Мұса атындағы жом,математика пәні мұғалімі
Исаева Айгерим Талгатовна -Түркістан қаласы, №6 М.Маметова атындағы жом,бастауыш сынып мұғалімі
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену, білім беруді демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты жетілдіру ісі осы заманның жаңашыл мұғалімдеріне жүктелуде.
Кез - келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғызбаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Жан - жақты білімді, дарынды, талантты оқушыны қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.Тәуелсіз еліміздің келешегіне ие болар жастарымыздың бәсекеге қабілетті болуын көздегендіктен ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі орта білім беру мекемелеріне оқытудың әлемдік жаңа әдіс-тәсілдерін кеңінен ендіріп, сол игі жолда көптеген жобаларды пайдаланып келе жатыр. Соның жарқын дәлеліндей, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасына сәйкес арнайы курстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «Сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан -жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беріліп жатыр. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда оңды өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Бағдарлама мақсаты мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Сындарлы оқыту теориясын жан-жақты игеріп шыққан жаңашыл мұғалімдер білім мекемелерінде жаңа сипатта жұмыс істеп, оңды өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы да ықтимал. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс үдерісі басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны , жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады.
Бұл бағдарлама жаңа заман талабына сай бой көтерген білім ошақтарындағы оқыту жүйесін жетілдіруді мақсат етеді. Ұс¬таздардың ұстанымы мықты болса, онда мек¬тепте білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттеріміздің де көзқарасы кеңейіп, алған білімі сапалы болары анық. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсіл-дерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жәй ғана жатталғындықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін терең-детіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Дайын білімді беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Қорыта айтқанда, білім берудегі сындарлы оқыту тәсілдерінің теориялық негіздері еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 деңгей,4 басылым,2012 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.