Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОҚЫТУ САПАСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ -

ОҚЫТУ САПАСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1441 | Размер: | Автор: гость
. Пралиева Назипа, Сайрам ауданы,
Бәйдібек атындағы ЖОМ, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі

ОҚЫТУ САПАСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оны қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде», - деп атап көрсеткендей, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндетін іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.
« Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға мән берсек, табиғи дарындыларды ашу, жас талапкерлердің өмірде биіктерден көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндеттер аз емес. Сол міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдылық белсенділігін, ой – өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Қазір заман тым өзгеруде, әрі адамның ойлауы мен қабылдауында да өзгерістер байқалуда десек болады. Бұрынғы оқушы мен қазіргі оқушы,бұрынғы мұғалім мен қазіргі жаңа форматты мұғалімнің арасында айырмашылықтар айқын көрінуде.
Заманауи жаңа технологияларды, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану - білім сапасын көтеруі хақ.
Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың сәуір - маусым аралығында облыстық білім жетілдіру институтында деңгейлік курстан өттім.
Курстан кейінгі өтіп жатқан іс – тәжірибемдегі негізгі мақсатым - әрбір оқушынының іс – әрекет дағдысын жетілдіру,сыни тұрғыда ойландыру, мазмұнды да қисынды сөйлету, шығармашылығын шыңдау. Курстың мазмұны 7 модульге негізделген :
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни ойлауға үйрету;
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4.Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша өткізілетін сабақтарда өзара қисынды сауалдар қойылып ой қозғалады. Оқушы ойын жеткізу мен өз пікірін білдіру үшін, өз көзқарасын мәдениетті түрде жеткізіп, басқаның көзқарасын сыйлап, дұрыс сұхбаттаса білуге үйренеді. Диалог негізінде білім беру мен білім алу – оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға септігі тиетін әдістердің бірі.
Осы модуль бойынша Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды [Мұғалімге арналған нұсқаулық,б 38. ]. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен нәтижелер бергендігіне байланысты жеткілікті дәлелдер бар.
- Диалог негізінде оқыту -оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
-Өзге адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне септігін тигізеді.
-Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
- Мұғалімдердің оқушыларға білім беру барысында, оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінулеріне көмектеседі.
Тәжірибе алаңында оқушы қате жауап берсе де, мен көбінесе нақты түземеуге тырыстым, себебі жоғары да айтып кеткендей, ең маңызды мақсат, бұл оқушының өз - өзіне деген сенімі. Ал, сабақта «оқушы- оқушы» арасындағы жүзеге асырылған диалогті, көбінесе, бекіту кезеңінде алғанды жөн көремін. Диалог құрғанда оқушылар сұрақтар құрастырып, ой бөліседі, пікір алмасады.
Сыни ойлауға үйрету модулінің мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды үйрету.
Сыни ойлау - әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады.
Сыни ойлауды дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында белсенді шығармашылықты ойлаудың негізі қаланады:
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектеседі.
Бұл жұмыста оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін көрсеткендері білінді. Өз білімдерін дәлелдеуге сынып оқушылары түгелдей дерлік қатысты, орташа оқитын оқушыларда тартылды, түсінгендерін ортаға салады. Яғни оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, тақырыпқа өз бағаларын берді, идеялық құндылығын түсіне және диалогтық әдіс, бір-бірінің ойларын толықтыру арқылы тақырыпты аша білді.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі және өлшем арқылы бағаланады.
Білім беруді, әдістерді және мүмкіндіктердің іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті болып табылады. Бағалаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді ( мұғалімнің бағалауы, өзара бағалауы, өзін –өзі бағалауы т.б). Яғни біз балаларды оқыту үшін бағалаймыз. Негізінде, ағылшындар оқушының қабілеті бар, жоқ демейді, қабілеті жоғары немесе төмен дейді. Бағалау формативті немесе суммативті болып 2-ге бөлінеді.Формативті оқыту үшін бағалау дегеніміз- оқушыны сенімге жетелеу, шынайы түрде бағалау. Бұл бағалаудың түріне "өте жақсы" "жарайсың" сөздері және өлшем (критерий ) арқылы бағалау жатады.Мы-салы, " " тақырыбына эссе жазғанда келесі өлшемдерді пайдаландым :
1) мазмұнының кеңдігі;
2) сауаттылығы , тазалығы;
3) тақырып бойынша сөздерді қолдануы;
4) қосымша мәлметтердің көп болуы;
5) ойын толық жеткізе алуы;
6) тілінің байлығы.
Осы өлшемдер эссе жазуды бастағанда тақтаға ілінеді , сондықтан оқушылар оларға қойылатын талапты біледі және соған сай жазуға тырысады.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімді де маңызды екені белгілі. Оқушыларда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы алған ақпаратты алу, бағалау, өндіру, алмасу, ғаламтор желісінде бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану, интерактивті тақтамен жұмыс,мектептегі технологиялар: бейнебағдарламалар,бейнефильмдер,мультфильмдер, ғаламтор, сайттар, компьютер, ноутбуктар, т.б. үнемі пайдалануға толық мүмкіндіктер бар.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Дарынды оқушы- өзіндік позициясы бар, ойлау ұшқырлығы жоғары, өз бетімен ақпарат алушы, ұлтжанды, рухани бай, жоғары интеллектуалдық деңгейге ие оқушылар. Осындай оқушыларды анықтай отырып, оларды дамытуды негізгі мақсат ретінде ала отырып, сабақ барысында деңгейлік тапсырма беру арқылы, сыныптағы дарынды, талантты оқушыларды анықтадым. Іс жүзіндегі зерттеуімнің барысында:
– дарынды оқушылардың білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтеруге, қиял және шығармашылық, міндетті шешу, дедуктивті және логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, кеңейтілген тапсырмаларды құрастыруға;
– әртүрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін құрастыруды үйрендім.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, мектептегі тәжірибе кезінде дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Талантты оқушым Қ. А. деген оқушым біраз ашылды. Сабаққа ынталы қатысатын болды. Өз еркімен сұрақтарға жауап беріп қызығушылығы артты. Бір сатыға көтеріліп қалды. Мұғалімдер арасында көбінесе «Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы»деген пікір жиі кездеседі. Дарынды бала тумысынан маңдайына жазылған дарындылық пен қабілеттілік белгісі бір бағытқа байланысты,ол тынышсыз, шыдамсыз, кейде көп сөйлемейтін болады
Қазіргі кезде оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі сабақтарында ғаламторды пайдалана отырып, көптеген қосымша ақпараттар аламыз.Сондықтан, сол ақпараттардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын қадағалау, үнемі басты талап болып табылады.
Білім берудегі басқару мен көшбасшылық бойынша қоғамдастықтың бір бөлігі- көшбасшы мұғалім. Мұғалім ретінде кәсіби шеберлігімді мен адамгершілік сенімдерімді қолданып оқушыларға әсер етуге болатынымды сабақ барысында сезіндім.
Жалпы шебер педагог кез келген сабағына өз іс-әрекетін тиімді қолдана алса, қай сабақта да жаңа технологияның жаңа бір ашылған қыр-сырына тең болады деп есептеймін.
Қорыта айтқанда, жаңа форматты сабақ нәтижесінде оқушылар топта жұмыс жасай алады,өз ойын ашық айта алады,достарының қолдауын сезіне отырып, өзін еркін сезінеді,басқа топ мүшелеріне көмектесе біледі, қойылған мақсатқа мұғаліммен бірлесе отырып жетеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.