Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқыту  үшін бағалау- оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілі -

Оқыту үшін бағалау- оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1807 | Размер: | Автор: гость
. Турдалиева Салтанат Абдоновна
БҚО Зеленов ауданы Трекин ауылы
Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

«Оқыту үшін бағалау- оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілі»
тақырыбы бойынша коучинг сессия жоспары

Сессия тақырыбы: Оқыту үшін бағалау- оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілі
Жалпы мақсат: Бағалаудың түрлі нысандары туралы түсінік беру және мұғалімдердің оқыту мен оқу сапасын бағалау арқылы жақсарта алатындығына көз жеткізе алады
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқу нәтижесі Формативтивті және суммативті бағалаумен әріптестер танысады.
Мұғалімдерге бағалаудың жаңа жүйелерін үйрету арқылы дәстүрлі бағалаудан оқыту үшін бағалаудың артықшылықтарын көреді.
Түйінді идеялар: Критерий арқылы бағалау- жиынтық бағалаудың жолы
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, диалог, топтық жұмыс
Сессияда қолданылатын материалдар: Маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.
Коучинг сессияның өту барысы
Сессия кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Психологиялық тренинг 3 мин «Шаттық шеңбері» Шаттық шеңберінде мұғалімдер бір-біріне жылы тілектерін арнайды.
Амандасу
2 мин Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Жаттығу
7 мин «Көршіңді бағала» ойыны
Шеңбер бойымен әрбіреуі көршісінің бойындағы жақсы қасиетті айтады. Бағалау түрін ажыратады.
Топтасу
2 мин Дәстүрлі бағалау жүйесінің журналға қойылатын негізгі бағаларды (3,4,5) атауға байланысты 3 топқа бөлінеді.
Топтық жұмыс
7 мин

Жыл мезгілі.
Жауып жаңбыр, жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Бұл қай кезде болады?
Ахмет Байтұрсынов

Әрбір топ «Күзгі табиғат» суретін салу (6мин)
Топтар бір – бірінің жүмысымен алмастырып дәстүрлі бағамен бағалайды және түсіндіреді (3мин)
Топтар енді жұмыстарын критерий арқылы бағалайды: (4мин) Топта бірлесе отырып талқылайды, пікірлерін постермен қорғайды.
Ақпарлама
5 мин «Күзгі табиғат» суреттерін қорғау Таныстырылымды тыңдайды
Тапсырма
3 мин Критериалды бағалау
Бағалау шкаласымен жұмыс
Топтар өз бағаларын критерийлер арқылы тексереді, сәйкестендіреді
Рефлексия
3 мин Тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз
1 топ: Сабақ барысында формативті бағалаудың
оқушы үшін маңызы...
2 топ: Сабақ барысында формативті бағалаудың
мұғалім үшін маңызы...
3топ: Оқытуды критерий арқылы бағалаудың
тиімділігі... Коучинг сессиядан алған әсерлерін жазады.
Формативті бағалау

Критерий Дескриптор Ұпай
Бейнеленуі Күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер толық бейнеленген 3
Табиғаттағы өзгерістерінің біреуі көрсетілмеген 2
Табиғаттағы өзгерістер толық көрсетілмеген 1
Эстетикалық жағынан безендірілуі Қанық боялған, безендірілуі өте жақсы 3
Қанықтығы орташа боялған, безендірілуі жақсы 2
Қанық емес боялған, безендірілуі орташа деңгейде 1


5-6 -«5»
3-4 -«4»
1-2 -«3»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.