Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау -

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1419 | Размер: | Автор: гость
. «Бекітемін»
__________________
Күні:
Коуч: Ргебекова Кымбат Аманбековна
Сабақтың тақырыбы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, интернет ресурстары
Жалпы мақсаты Бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына бағыттау, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету
Оқу нәтижелері Бағалау туралы нақты түсінік алады, оны қолдану жолдарын үйренеді, сыни көзқарастары қалыптасады, өз ойларын ортаға салады, өзгенің пікірін тыңдайды
Түйінді идеялар Бағалау түрлерін сабақтарында пайдалану жолдарын іздейді, тиімділігін түсінеді Формативті бағалау, суммативті бағалау
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Ресурстар Маркер, флипчарт, слайд, үлестірмелі материал
Кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Әріптестердің іс-әрекеті
Сәлемдесу
«Көршіңнің суреті» Психологиялық ахуал туғызу
(1,5 мин) Топтағы мұғалімдер жұптасып көршісінің суретін салу үшін ақ қағазды төбелеріне қойып, қарамай суреттерін салуы керек Мұғалімдер тапсырманы орындап, көршісінің суретіне қолын қойып сыйлайды.
Таныстыру
1 мин Коучинг тақырыбы мен мақсатын таныстыру Тыңдайды
Топқа бөлу
2 мин Әр түрлі конфеттер тарату арқылы топқа бөлу Конфеттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді
Ой қозғау
10 мин Бағалау дегеніміз не?
Сізді кезінде мұғалімдер қалай бағалады?
«5», «4», «3», «2» деген бағаларды қалай қоясыздар? Бұл бағаларды қойғанда нені ескересіз? Әр топ ойланып жауап беруі тиіс


Әр топ өз ойларын постер бойынша қорғайды
Білу
Теориялық материал
10 мин Презентация «Бағалау» Таныстырылымды тыңдайды. Үлестірмелі метериалды оқиды, талдайды
Сергіту сәті
3 мин Би: «Көңілді күн» Билеп жаттығу жасайды
Түсіну
Теориялық мәлімет ұсыну
(15 мин) І топқа «Бағалаудың түрлері»
ІІ топқа «Сіз сабақта нені бағалайсыз?»
ІІІ топ «Бағалаудың мұғалімдер үшін маңызы» деген сұрақтар қою, постермен жұмыс Мұғалімдер топпен жұмыс жүргізеді, постер қорғайды.
Қолдану
Жеке, жұптық жұмыс
(20 мин) Пілдің суретін салдыру, критериалды бағалау Пілдің суретін салып өзін-өзі, өзара және критериалды бағалайды
Талдау
Топтық жұмыс
12 мин Бес түрлі түсті қағазды қолдана отырып гүл жасауды ұсынады

Топтық бағалау: коуч бағалау критерийді жасауды ұсынады Әр топ өз қалауы бойынша гүл жасайды

Топтар бірлесе отырып бірінші критерилер құрып. Осы критерилерге сүйене отырып , топтық бағалауды жүзеге асырды.
Жинақтау
Топтық жұмыс
(5 мин) Формативті, суммативті және критериалды бағалауды «Венн диаграммасына» салу. Мұғалімдер ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады, бір-бірімен байланысын анықтайды, сыни ойлау арқылы ойларын жинақтайды.
Рефлексия
3 мин Критерийлерді тексеру Әр топ 2 жұлдызша, 1 тілек әдісі бойынша өзге топтың жұмысына баға беру
Бағалау
Жеке жұмыс
(5 мин) Мұғалімдерге сауалнамаларды толтырту және тақтаға ілгізу
1. Сіздің бұл каучингке қатысудағы мақсатыңыз қандай?
2. Сізге осы коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
3. Бұл коучинг сабағынан қандай жаңалықтарды көрдіңіздер?
4. Сізге бағалаудағы жаңа тәсілдер ұнады ма?
5. Сіздің ойыңызша коуч мұғалімдерге барынша көмек көрсету үшін тағы не істеу керек еді?
6. Каучинг ұнады ма?
7. Ұнаса, өз сабағыңызға қандай өзгерістер енгізер едіңіз? Мұғалімдер берілген сауалнаманы өз ойлары бойынша толтырады, одан соң тақтадағы сатыларға іледі.
Кері байланыс
3мин Формативті мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы неде?

Ақ параққа өз қолдарын салып, әр саусаққа бүгінгі коучинг туралы ойларын жазады
Бүгін мен не білдім?
Не үйрендім?
Ұсыныстар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.