Меню
Назад » » »
Оқытуда жаңа технологияларды қолдануда оқушы мен мұғалімнің рөлі
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
Т.Оспанов атындағы №68 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Ташев Усен Мәлікұлы

Оқытуда жаңа технологияларды қолдануда оқушы мен мұғалімнің рөлі
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесі көптеген өзгерістерді бастан өткізуде. Еліміздің әлемдік деңгейде танылып, дамуының басты жолы – бұл жаңашыл көзқарастағы, білімді азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі қоғамда ата – аналардың басым көпшілігі жұмысбасты болғандықтан балаларының білім алуы, тәрбиесі назардан тыс қалуда. Сондықтанда, бұл жағдай мектеп және ұстазға өте үлкен жауапкершілік жүктелуде. Ұстаз баланы барынша өмірге бейімдеуге, өз бетінше шешім қабылдауға, қиындықтарды жеңуге, жаңашыл ойлауға баулуы керек. Жалпы айтқанда, ұстаз оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуы керек.
«Функционалдық сауаттылық» термині алғаш рет ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО қағаздарында пайда болды және кейінірек қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылыққа не жатады?
- Тұлғаның ынталылығы;
- Шығармашылықпен ойлау;
- Дәстүрлі емес шешім қабылдау;
- Кәсіби жол таңдау;
- Өмір бойы білім алуға дайын болу т.б
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп, жетілдіргенде ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігіде жойылады» дейді орыс педагогі К.Д. Ушинский. Білім беру қызметкерлерінің басты міндеті – оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру және жүзеге асыру. Бүгінде өркендеп келе жатқан жаңа бейнедегі жаңа технологияларға: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдық оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» және тағы басқаларды жатқызуға болады. Бұл технологиялардың барлығы әр баланы жан – жақты дамыған тұлға етіп қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Математика пәнінде көптеген жаңа технологияларын қолдану тікілей мұғалімдердің шеберлігіне байланысты. Яғни мұғалім өз сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін қолдана алу. Жаратылыстану пәндерінде жаңа технологиялық әдістерді ендіру қиын деген пікірлер бар. Алайда, біз өз іс тәжірибелерімізді сол технологиялар арқылы оқытып жатқанымызда байқамаймыз. Оқыту үдерістерінде ерекше көрініс тапқан бірнеше технологияларға тоқталдып кетсем.
Математика пәні бойынша оқыту үдерісіне ең көп көрініс тапқан Қараевтың технологиясы. Бұл технологияны математика пәнінде пайдалану оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Үш өлшем бойынша тапсырмаларды құрастыру оңай. Өйткені, оқулықта тапсырмалардың өзі үш деңгейде беріледі. Сонымен қатар бұл технологияны пайдалана отырып, бір сабақ үдерісіне бағалау жүйелерін құрастыруға өте көп мүмкіндік туындайды. Өз іс тәжірибелерінде қолданап жүрген мұғалімдер әр бір өлшемге өзіндік критерийлерін немесе талаптарын құра отырып, шынайы бағалау сатысын құрған. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі бағалау әдістерін ұсынаған. Мысалы, «Бағдаршам» әдісін бастауыш сыныптардан бастап барлық сыныптарда қолдану тәсілін көрсеткен.
Ал ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану математика пәнінде өте тиімділігін көрсеткен. Әсіресе, математиканың геометрия саласы бойынша баланың мнемоникалық және зейіндік есте сақтау, елестету қабілеттеріне өте тиімді әсер етеді. Математика сабағында бұл технологияны пайдалану Ассоциативті оқыту үдерісінде оқушылардың нақты мәліметті жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашқан. Жалпы ақпараттық технологияны математика пәніндерінде есептер шығару барысында және тестік тапсырмаларды орындауда өте тиімділігін көрсеткен.
Математика сабақтарында математика пән мұғалімдері ойын арқылы оқыту технологиясын өте көп пайдаланылған деуге болады. Мысалы, «Бинго», «Поле чудес», «Есепке толы қораптар» т.с.с. Жәнеде кейбір ұялы телефонда кездесетін ойын ережелерін тағи карта ойын ережелерін пайдаланып, оқыту үдерістерінде тиімді жолдарын көрсеткен. Ойын арқылы оқыту технологиясы математика сабақтарында оқушылардың есеп шығаруға қызығушылықтары мен мотивацияларының арттатындықтарын байқатады. Мұндай оқыту әдістерін қолданғанда оқушылардың арасында бәсекелестік туындап, жарыс атмосферасы байқалады. Және бұл технологияны пайдалану біздің математика сабақтарында тиімділігін көрсетеді.
Дамыта оқыту технологиясына (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов) тоқталсақ. Жалпы оқыту үдерісінде оқушыға даму аймағын ұйымдастыру өте маңызды. Выготскийдің ЖАДА іліміне сүйенсек, математика пәнінде бірін-бірі оқыту ең тиімді тәсілдердің бірі. Математика пәні бойынша оқушылардың үлгерімі бойынша деңгейлері анық көрінеді. Сондықтан мұғалімдердің басым бөлігі өз іс тәжірибелерінде оқушыларды бірін-бірі оқыту немесе бірінің көмегіне жүгіне отырып оқу жолдарын қарастырған. Әрине бұл даму аймағын шағын топтық немесе жұптық тапсырмалар беру арқылы ұйымдастырғанын көрсеткен. Сонымен бірге АКТ-сын пайдалана отырып, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатын түрлі әдістерді пайдалана отырып, даму аймақтарын көрсеткен. Қысқаша тоқталып кететін болсақ, қызықты логикалық тапсырмалар, жұмбақ түріндегі есептер және видео арқылы берілген есептерді пайдаланып оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту жолдарын қарастырған. Математика сабағында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырып, интербелсенді оқыту үдерісін орнату күрделі мәселе. Алайда қазіргі таңда математика сабақтарында топтық жұмыстардың тиімділігін байқауға болады. Әрине мұғалім өз шеберліктерін көрсете отырып, тақырыбына байланыстыра «Джигсо» немесе «Мозайка» әдістерінің ережелерін өте түрліше пайдалану жолдарын көрсеткен. Мұнда олар топтық жұмыстарда диалогты оқыту әдісін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін дамыту жолдарын көрсетеді. Кез келген топтық жұмыс барысында ашық сұрақтар түрлері туындайтыны айқын. Сондықтанда бұдан байқайтынымыз математика сабақтарында баланың ойлау қабілетін дамыту жолдары міндетті түрде жүргізіліп жатқандарын көруге борлады. Жоғарыда айтып кеткендей АКТ және Выготскийдің даму технологиясында айтып кеткендей, логикалык немесе жұмбақ есептер, сонымен бірге кесте, ереже сканворд, тест және ең керемет фотосуреттер арқылы берілген есептерді берілгендерін байқауға болады. Мұндай есептерді бере отырып оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты берілген тапсырмалар деп тусінуге болады. Сонымен математика пәні бойынша мұғалімдердің іс тәжірибелерінде сыни тұрғыда ойлау технологиясына байланысты әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланатындығын көруге болады. Тағи бір қоса кететін нәрсе, математика сабақтарында ойын арқылы оқыту технологиясы жиі пайдаланылады. Бұл өте қызықты әрі тиімді. Математика сабақтарында математика пән мұғалімдері ойын арқылы оқыту технологиясын өте көп пайдаланылған деуге болады. Мысалы, «Бинго», «Поле чудес», «Есепке толы қораптар» т.с.с.
Сонымен, қорыта келе дамыта оқыту технологияларында оқушымен мұғалімнің рөлдеріне тоқталғым келеді. Дамыта оқытуда оқушының өз бетінше ізденуі ең басты назарда болады. Себебі, оқушы егер өз бетінше проблеманы шеше алатындығына көз жеткізген жағдайда ғана, білім алуға деген қызығушылығы артады. Ал енді дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыра қарасақ. Мен төмендегі сызбанұсқада дамыта оқытудың артықшылықтарын реттеп көрсетуге тырыстым:

Қорыта айтатын болсам, өзіміздің қалыптасқан білім беру қалыбымыз бар. Бірақта ол жетілдіруді талап етеді. Бой салыстыратын емес ой салыстыратын осынау ғасырда ойы ұшқыр, пайым-парасаты дамыған, дербес іс-әрекет жасай алатын, өзіндік көзқарасы қалыптасқан қоғамда болып жатқан өзгерістерге бейім азамат тәрбиелеу барша ұстаздар қауымының міндеті. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Оқытуда жаңа технологияларды қолдануда оқушы мен мұғалімнің рөлі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 301 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar