Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОҚЫТУДЫҢ  ИНТЕРБЕЛСЕНДІ  ӘДІСІН  ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ  БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТІН  АРТТЫРУ -

ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3639 | Размер: | Автор: гость
. ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Г.Н. Медетбаева,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, "Таң" бастауыш мектебі, бастауыш сынып мұғалімі А.А.Кенжегулова.

Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді, бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі- өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады.
Жоғары оқу орындарының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталықтары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өңірлік орталықтарының базасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының мазмұны жаңартылып, іске асырылатын болады.
Мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық құзыреттілігін диагностикалау жүйесі әзірленетін болады. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайлануы қолдау табатын болады. Мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып ең үздік оқытушылардың сабақтарына қатысу қолжетімділігі ұсынылатын болады.
Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады.
Бұл ретте оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық білім мен тапсырмалар беру жойылады. Ол оқу процесін неғұрлым икемді етіп, практикалық бағыттауға мүмкіндік береді. Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ететін болады.
Қоғамның дамуы, әсіресе демократиялық қоғам осы шеберліктердің болуын қажет етеді, ал білімді қолдану және идеяларды талдау мен бағалау аса маңызды. Заманауи қарқынды дамып келе жатқан қоғамда «сауаттылық» түсінігінің мазмұны анағұрлым кеңейді. Адамның оқу, жазу және арифметикалық есептерді шығару қабілетін сипаттайтын сауаттылықтың дәстүрлі түсіндірілуімен қатар, «функционалды сауаттылық» түсінігі белсенді пайдалана бастады. Ол салыстырмалы тұрғыда жаңа бо-лып келеді: өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда бол-ды. Функционалды сауаттылық – алған білімді өмірлік міндеттерді шешу үшін қолдана алу қабілеті (1958 ж.). Анағұрлым кең мағынадағы функционалды сауаттылық білімнің (бірінші кезекте жалпының) көпжақты адами әрекеттілікпен байланысын ықпалдастыратын, тұлғаның әлеуметтік бағыттылығының тәсілін білдіреді.
«Баршаға бірдей білім туралы» Дүниежүзілік Декларациясының ережелеріне сәйкес білім беру ең маңызды білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Олар, өз кезегінде, өзіне білім берудің негізгі дағдыларын (сауаттылық, есептерді шығара алу қабілеті, өз ойын ауызша жеткізе алу, күрделі жағдайларды шеше алу қабілеті) және білім берудің негізгі мазмұнын (білімді, құндылықтар мен түсініктерді қосқанда) игеруді қосады, осының барлығы төмендегілерді іске асыруға қабілетті болу үшін қажет:
- өміршендік, тіршілікке қабілеттілік,
- жеке қабілеттерін дамыту,
- лайықты өмір салтын жүргізу,
- қоғам дамуына белсенді қатысу,
- жеке өмірінің жағдайын жақсарту,
- ерекше шешімдерді қабылдау,
- білім алуды жалғастыру.
Оқытудың интербелсенді жұмыс істеу әдісінің мақсаты: Оқушылар дағды мен білімге қол жеткізеді. Сипаттамасы: Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды және орындайды, дағдыларын қалыптастырады, мұғалім пікірталас кезінде көмектеседі, бақылайды, сұрақтар қояды. Мұғалім– бағыттаушы, оқушылардың өмірлік тәжірибесінің маңызы зор, өзара қатынас, оқытудың басым бөлігінде оқушы сұраққа жауап іздейді.
- Жұппен және топпен жұмыс. Оқушылар бір – біріне қарама – қарсы отырады,бағалаудың жаңа түрлері.
- Мұғалім үнемі сыныпты аралап жүреді. Кезеңдері:
- Оқушылар үшін күрделі теориялық сұрақтар талқыланады.
- Мұғалім жұмысты тапсырманың орындалуына қарай ұйымдастырады, оқушыларды танымдық белсенділікке ынталандырады.
Мұғалім оқушыларды өз пікірлеріне сүйене отырып қорытынды жасауға үйретеді.Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін арттырудың негізгі факторы болып олардың білімі мен қағидаларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды рөл атқарады. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген проблеманы шешуге үйренеді.
Интербелсенді оқыту әдісі – оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Интербелсенді оқытудың тиімділігі оқушы өзбетінше немесе мұғалімнің көмегімен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Интербелсенді оқыту сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін: оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызба нұсқалар, суреттер, технологиялық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады. Интербелсенді оқыту сабақтарында тасырманы орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әртүрлі бақылаулар қолданылады. Олар: өзін-өзі тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. осылар арқылы білім олқылықтары, материалды игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз қабілетінше білім алады.
Интербелсенді оқытуда ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып, оқу мазмұнын жіктеп меңгереді. Сабақ үдерісіне интербелсенді оқытуды біртіндеп енгізген дұрыс. Оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: жеке, жұптасып немесе топтасып жұмыс істеу арқылы оқытудың сапасын, тиімділігін арттыруға болады.
Интербелсенді оқыту сабағын әзірлеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, тиісті бағдарламаны құрастыру керек. Содан соң мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақыттты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін іріктелген мақсаттары айқындалады.
Оқу қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады. Әр оқыту кезеңінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты тиімді екені кейбір тәжірибелерде көрсетілген.
Интербелсенді оқыту ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөлімдерге қосымша сағат беріледі, қалған уақыт сөйлесу бөліміне тиісті. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу кезеңінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.
Сонан соң мұғалім осы оқу кезеңінің қалған уақытында есептелген оқу материалын, қысқаша сызба, кесте және т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым бірлікпен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қолдану, сөйлесу бөлімі сабақтарында тексеруге болады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білікпен дағды қалыптастыру мақсатында, кейінен алынған білімді талдау, жинақтау, бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Сондықтан мемлекеттік стандарт талаптарына сай үш дейгейлік тапсырмалар беріледі. Оқу кезеңінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі – оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолданып оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралып жұмыс істеуі. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру барысы бойынша әр оқушы өзінің қалай, немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады. Оқу кезеңінің сөйлесу бөлімін құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға ерекше ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен эксперименттік жұмыстарда көз жеткізілген. Оқу кезеңінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көзқарастарды пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде мәтіндік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма, диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу кезеңінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Сонымен, интербелсенді оқыту технологиясында оқушылардың ойлау деңгейін дамытуға баса көңіл аударылады.
Бұл әдісте:
- оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
- танымдық үдерістерді дамытуға;
- белсенді әрекет етуге;
- оқуға деген талпынысты қалыптастыруға және т.б. ықпал етеді.
Сонымен интербелсенді оқыту білім үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.
Мұндай қарым –қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін – бірі құптау, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым – қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.
Интербелсенді оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен роблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру және олардың жан – жақты білімін дамытып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау мақсатында сабақта және тәрбие сағаттарында түрлі тапсырмалар, проблемалық сұрақтар дайындап, оларды жиі пайдаланып отырамын.
Енді бір «әттеген - айы », интербелсенді тақтадағы кітапханадан сабақтарда мысалдар келтіру үшін адамдарды немесе салт - дәстүрден бір нәрсе көрсете қояйын десеңіз, американдық адамдар немесе сол континенттің салт – дәстүрлері шыға келеді. Өркениетті елдер қатарына қосылған мына заманымызда өз дәстүріміз, өз менталитетімізді көрсететіндей бағдарламалар жасайтын уақыт та жетті емес пе?
Кейінгі ұстаздық жолды таңдаған жастарға да үнемі ізденіс үстінде , заман ағымына ілесе еңбек етіңіздер деп тілеймін.

Әдебиеттер тізімі
1. Г.Байғазиева. Педагогикалық технологияларды меңгеру – міндет. //Қазақстан мектебі. 2006ж, №1.
2. Р.Құдиярова. Оқытудың интерактивті әдісін қолдану арқылы сабақты жоспарлау және басқару. //Мектеп. 2006ж, №4.
3. Г.Өсерова. Мұғалім іс–тәжірибесінен. //Бастауыш мектеп 2008ж, №6
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.