Меню
Назад » » »
Қобыланды батыр жыры.
загрузка...

загрузка...
Халметова Наргиза, «Иқан» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Түркістан қаласы. ОҚО
Тақырыбы: Қобыланды батыр жыры.
(7-«А»сынып)

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7-«А»
17.09.2014 3 күн 5 сабақ
Сабақ тақырыбы: Қобыланды батыр жыры
Сабақтың негізгі мақсаты: Жырдың ырғағына сай таңдап, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Жырдың мазмұнын түсіндіру. Кейіпкерге мінездеме беру. Жырдың негізгі идеясын ашу, талдау. Отанын, туған жерін сүюге халқын құрметтеуге, тарихын, елін, әдебиетін, өнерін қадірлеп, батырлардың ерлігін дәріптеу. Жыр кейіпкері Қобыландының бейнесі арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді ояту барысында батылдыққа, өжеттілікке тәрбилеу.
Күтілетін нәтиже: оқушыларда жырдың мазмұны, негізгі идеясы туралы түсінік қалыптасады.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзбек әдебиеті, география, тарих.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, «асық ойыны», Блум таксономиясы, ойталқы.
Сабақта қолданылатын ресурстар мен көрнекі құралдар: ламинатталған парақ, тақырыпқа сай видеоролик, суреттер, үлестірмелі материалдар, стикер, білім ағашы.

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
2 минут Сәлемдесу, сыныпты ұйымдастыру,оқу құралдарын түгендеу. Оқушылар сәлемдеседі, батырлардың атымен топқа бөлініп отырады
8 минут Өткен сабақты қалай игергендіктерін анықтау мақсатында миға шабуыл жасаттыру үшін сыни тұрғыдан ойлана жауап беретін «Біз нені білеміз?» ойынын ойнаттыру Мұғалім қойған сұрақтарға оқушылар жеке-жеке ламинат параққа жауап жазады.
1. Батырлық туралы жырларда не туралы бейнеленеді? Батырлық
2. Қазақтың батырлары қазақ елінің қандай ұлдары? Ең ардақты
3. Жырлар қандай сөзбен айтылады? Көркем сөзбен
4. Батырлар жыры бізге қалай жеткен? Жатқа айтылу арқылы
5. Қандай жырларды білесіңдер? «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б.

2 минут Психологиялық ойын
«Сиқырлы таяқша» Сиқырлы таяқшаны бір-біріне бір ауыз жылы сөзбен сәттілік тілеп беріп шығады, сиқырлы таяқша соны амалға асырады.
1 минут Білу
Жаңа тақырып
Жаңа тақырыпты мұғалім экрандағы суреттер арқылы қысқа мазмұнымен ашып береді. Экранда көрсетілген суреттер мен мұғалімнің баяндамасын салыстыра тыңдайды.
6 минут Түсіну
Оқушылардан үйде ізденуге берілген тақырыптарын қалай орындап келгенін анықтайды. Оқушылар үйде қосымша ізденіп тауып келген мағлұматтарымен топ-топ болып пікір алмасады.
І топ: Қобыланды батырдың тарихтағы орны.
Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы.
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.
Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді. Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан.Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында.
ІІ топ: Қобыланды батыр жырының негізгі идеясы.
"Қобыланды батыр" жыры - қазақ халқының қаһармандық жыры.Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма.Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған.Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр.
Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі.
ІІІ топ: Қобыланды батыр жырының жинақталып, хатқа түсірілу мәселесі жөнінде.
«Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында,Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Нухридин т.б.) аталған. Суретте «Қобыланды батыр» жырын таратушы жыршы Сеспайтегі Нухридин Жаңаарқа өңірінде жырлаған.

5 минут Қолдану
Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру мақсатында жырдан үзінді оқыттыру. Соған сәйкес видеоролик тамшалау. Оқушылар жыр мәтінінен үзінділерді мәнерлеп оқиды. Тақырыпқа сай видеоролик тамашалайды.
6 минут Талдау
Оқушыларға ой қозғау мақсатында сұрақтар қойылады. Сұрақтарға топтаса отырып пікірлесіп жауап береді. Сұрақтар:
-Арыстан туған Қобыланды деген жолда не аңғардың ?
-Қобыланды не мақсатпен жорыққа аттанды?
-Дұшпанның елге жасаған қиянатын қай жолдардан байқадың?
2 минут Сөздікпен жұмыс жүргізу Сөздік
Шәрі-қала, Қыпшақ-қазақ руы, Қызылбас – парсылардың атауы ,
Қарыс, сүйем деген сөздерді өлшеуіштің орнында пайдаланған.
Қарыс- ортаңғы саусақ пен бас бармақты созып өлшеу.
Сүйем-бас бармақ пен сұқ саусақты керіп ұстаудағы аралық

Қарыс 22-25см Сүйем 17-18
5 минут Жинақтау
Оқушылардың жаңа тақырыпты қалай игергендігін анықтау мақсатында тапсырмалар орындату. 1. Тапсырма: Қобыланды батырға қатысты теңеулерді тауып мінездеме бер.
Қобыланды нар түйедей, ақсұңқар құстай, түлкідей, арыстан туған қаһарман, өжет.

Киімдері
Қару- жарақтары

Дулыға
Сауыт
Жамылғы
Белдік

Садақ, жебе, найза, сүңгі,
Айбалта, қалқан, қанжар, қылыш,
Семсер, мылтық, шоқпар.
2. Тапсырма: екі қатарға тең бөліп, батырдың киімдерін, қару- жарақтарын атау.
3 минут Жалпы сабақты қорыту мақсатында «Асық ойынын» ойнату. Оқушылар асық иіріп, асықтың түсуіне қарай ұяшықтардағы сұрақтарды алып, соған жауап береді. Сұрақтар:
1.Батырдың кеудеге киетін киімі /сауыт/
2.Батырдың бас киімі /дулыға/
3.Алыстан түйрейтін қару /найза/
4.Өткір ,үлкен, пышақ /қанжар/
5.Қобыландының руы /қыпшақ/
6.Қаһарман- өжет адам /батыр/
7. Қобыландының ғашық жары /Құртқа/
8. Қобыландының Найман руынан шыққан досы /Қараман/
9. Қобыландының анасы /Аналық/
10. Сексен жасқа келген Қыпшақ руының байы /Тоқтарбай/
11. Қобыландының қарындасы /Қарлығаш/
12. 12 күнде жеңген жауы /Қазан хан/

2 минут Бағалау
Топ мүшелерін сабақта қатысуларына қарай асықтармен бағалап бару.

Кері байланыс жүргізу Топтар бірін-бірі қошемет көрсету арқылы бағалайды.
Оқушылар «Білім ағашына» бүгінгі сабақтан алған білімдері қандай деңгейде екендігін стикерлерге жазып, жапсырып кетеді.
1 минут Үй тапсырмасын беру, бағалау.
Сабақ соңында оқушылар суммативті түрде бағаланып, журналға түсіріледі. Оқушылар мұғалімнің берген үй тапсырмасын күнделік дәптерлеріне жазып алады. «Қобыланды батыр» жырының ұнаған жерінен үзінді жаттау, мазмұнын өз сөздерімен айтып беру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қобыланды батыр жыры. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 766 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar