Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қобыз үнін тербеткен Ықылас -

Қобыз үнін тербеткен Ықылас

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1444 | Размер: | Автор: гость
. Ашық сабақ
Тақырыбы: Қобыз үнін тербеткен Ықылас
Сыныбы: 5
Пән мұғалімі: Ақыбаева М.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ықылас Дүкенұлының өз өмімен байланысы туралы айту, оқушылардың күй тыңдау дағдысын қалыптастыру, ұлттық сана сезімін ояту.
Дамытушылық:Оқушылардың күйді дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну, музыканы тыңдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушы бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру, күйге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: музыкалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ықыластың портреті, тірек сигналдары, сөзжұмбақ, оқулық.
Сабақта қолданылатын әдәс-тәсілдер: ішнара іздену, музыка тыңдау, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру сұрақтар бойынша:
1.Дәулеткерей кім?
2.Дәулеткерейдің күлерін ата.
3.Тәттімбет қайда туылды?
4.Тәтімбеттің атасы кім?
5.Абылай кім?
6.Қазанғаптың көңіл күйі кімге арналды?
7.Дыбыстар ұзақтығының аталуын айт
Дүкенұлы Ықылас (1843-1916) –қазақтың әйгілі күйші қобызшысы. Туып өскен жері Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Мұңлы Қулы тауларының етегі. Топырақ бұйырған жері Жаимбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Шу өзенінің бойындағы Қуарал деген жер. Шыққан тегі Кіші жүз Жетіру ішіндегі Тама руынан, оның ішіндегі Жөгі бұтағынан. Ықыластың өскен ортасында күйшілік өнер айрықша әспеттелетін дәстүрге айналып, дәулескер күйшілердің қалын шоғыры қалыптасқан. Тәтімбет, Тоқа,Дайрабай, қыздарбек, Итаяқ, Әбди сияқты күйшілердің Ықылас бірінің даңқын естіп, күйін құлағына құып өссе, келесісінің көзін көріп, қадірлес сыйлас болған. Бұл ортада бағзыдан жеткен теріс бұрау күйлері ұшталып, өрісін ұзартқан. Ықылас әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтын да қобызшы болған. Алтын қобызға әуестеніп жүрген бозбала шағында түс көріп, түсінде бір ақсақалды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа дарып, желеп жебейтін болады!» деп аян береді деген шежіре сөз бар. Ықыластың, Дүйсебай, Түсіпбек, Ақынбай атты үш баласы да көшелі қобызшылар болған.Олардың балалары мен немере шөберелері қазір Жамбыл облысының Сарысу ауданында тұрады.Ықыластың қара қобызы бұл күнде Ақынбайдың баласы Дәулеттің қолында сақтаулы. Ықыластың тырнақалды туындылары «Қасар», «Ықылас» деп аталады. Оның «Кертолғау», «Ерден», «Жалғызаяқ», «Жарым патша», «Жезкиік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қабар Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлеріне ел арасына кеңінен тараған аңыз әңгімелер, қиял ғажайып оқиғаларға арқау болған. Осы күйлердің қай қайсы да Ықыластың адамға денген, қоғамға деген, табиғатқа деген азаматтық тұлғасын, адамгершілік үнін айқын аңғартады.Ықыластың күйшілік дәстүрінің жығасын қисайтпай жалғастыратын төл шәкірттері Бекмағамбетұлы Ашай, Тоқтамысұлы Әбікей,Әлиев Сүгір және өзінің бел баласы Түсіпбек болған. Бұлардан тікелей тәлім алған белгілі қобызшы домбырашылар Мықтыбаев Дәулет пен Қаламбаев Жаппас. Ал, Дәулет пен Жантастың төл шәкірттері Үмбетбаев Сматай, Қосбасаров Базархан. Көшпелі елдің көшінен түсіп қала жаздап, қашау-қадау өнерпаздардың қол жалғауы арқылы көнеден бүгінге жеткен қобыз өнері қазір арнасынан кеңейтіліп, өрісін ұзартып, өрісін биіктетіп, халқын қоңыр үніне ұйытуда.
Сергіту сәті
Қандай аспан?
Кел балалар ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Қандай аспан тембірі
Ажыратып алайық
Ықылас
Қобызшы,сазгер, сәуекей, философ
Ықыластың күйлері : «Асанқайғы», «Бозторғай», «Ерден» ,«Аққу»,«Жезкиік»
Дидактикалық ойын (сәйкесін тап)
Асатаяқ ұрмалы
Дауылпаз сілтіме
Сыбызғы үрмелі
Домбыра ысып
Қобыз шертіп
Ықыластың күйін таратушы қобызшыларымыз:
Ашай, Айкен, Сүгір, Ж. Қаламбаев , Р. Оразбаев, Д. Мықтыбаев
Сабақты бекіту:Ықыластың күйін тыңдай отырып қандай әсер алғандарын ортаға салып әңгімелеу.
Ықыластың шыққан тегі:
Кіші жүз→Жетіру→Тама→Шора→Шақа→Жарық→Ерназар→
Алтынбек→Дүкен→Ықылас
Үйге тапсырма: Ықыластың «Аққу» күйін тыңдап, алған әсерлерін ойтолғау ретінде жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.