Меню
Назад » » »
Қой.
загрузка...

загрузка...
\Тургумбаева Гулжахан Есенхановна,
№ 90 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қой.

Сабақтың мақсаты:
1. Төрт түлік туралы білімді тереңдету, қойдың қасиетін, пайдасын білу.
2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, өз ойларын еркін айтуға, дәлелдеуге дағдылану.
3. Төрт түлік малдың қадір-қасиетін түсіну.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, СТО, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: Постер, стикер, маркер, флипчарт, видеопроектор, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Қара жорға.
ІІ. Топтарға болу. Әр топқа конверт қойылады. Оның ішінде төрт түлік малдардың атаулары жазылған. Әр топтағы алты оқушы таңдағанын алады да, өзінің (қой, сиыр,т үйе, жылқы) тобына отырады.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1.Блиц-кездесу ойыны. Жұптық жұмыс. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас ертегісін мазмұндау. 2. Жадын дамыту. «Мақалды жалғастыр» ойыны. Топтық жұмыс.
Сиыр сүті-------------------------------------
Мал өсірсең қой өсір,----------------------
Қойдың сүті корғасын,--------------------
Сиырлының үйі-айран--------------------
Тұлпар - ер-----------------------------------
Тұяқ тайға жеткізер-----------------------
Нар жолында-------------------------------
Бақырауық демесең----------------------
ІV. Топтық жұмыс. «Бірге ойлаймыз»
1. Әр топ қойдың суретін салады.
2. Тірек сызба арқылы толтырады.
3. Топпен қорғап шығады.
4. Мақал-мәтелдер айтып жарысады.
5.Төрт түлік туралы ән айту. «Қошақаным» әнін орындау.
V.Оқулықпен жұмыс. Жырды мәнерлеп оқу, түсіндіру.
VІ.Сергіту сәті. Кел, билейік!
VІІ.Ойын. Крестик пен нөлдіктер. Бұл ойында 12 ұяшықта сұрақтар жасырынған. Әр топ қалаған ұяшықтағы сұрақты таңдайды, жауап береді.

VІІІ.Рөлдік ойын жүргізу. Әр топ ойласа отырып, қойдың қимыл-әрекеттерін ойын арқылы жеткізеді.
ІX.Сабақты қорыту. Венн диаграммасы арқылы төрт түлік малдардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайды, мысалдар келтіреді.
X.1.Оқушыларды бағалау. Бағалау парақшасы арқылы топ басшысы әр бір оқушының жинаған ұпайларымен таныстырып, бағалайды.
2.Үйге тапсырма беру.Жырды жаттап келу. 3.Сабақтан алған әсерім. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қой. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 250 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar