Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ойнайық та , ойлайық. -

Ойнайық та , ойлайық.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1839 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
«Гүлдер» орта тобы.
Тәрбиеші: Махатова Г.М
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Бөлім: Математика. Тіл дамыту. Құрастыру.
Тақырыбы: Ойнайық та , ойлайық.
Мақсаты: Балаларды 1 ден 5-ке дейін тура және кері санауды кеңістікті бағдарлауды, тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы білімдерін жетілдіру. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық белсенділігін арттыру, тапсырмаларды орындауда белгілі бір нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Міндеті: 5 көлеміндегі санау дағдыларын үйрету. Бірлесе жұмыс жасауды үйрету,шығармашылықтарын арттыру. Сөздік қорларын байыту.
Сөздік жұмыс: Іргетасы, оң-сол, жоғары-төмен, ұзын-қысқа, қабырғасы,шатыры.
Көрнекіліктер: Сандар,геометриялық пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Әр балаға екі жолақты карточка, 1-5ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер.
Билингвалдық компонент: қоян-заяц, түлкі-лиса, үйшік-домик т.б
Инклюзивтік әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жұмыс.
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жанұяның қатысуы
Моти-лық
Қозғаушы

Іздену ұйымдастыру

Рефлексивті түзету. Шаттық шеңбері!
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда қанша мезгіл бар?
-Бір аптада қанша күн бар?
-Жеті күнді санау. Есік тақылдап сайқымазақ келеді.
Қолында 5 шары, хаты әр шарда тапсырмалар бар.
Балаларға хатты оқып береді.
Құрметті балалар!
Сәлеметсіңдерме! Мен сендерге көмек сұрап хат жазып отырмын. Мен түлкімен дос болдым, үй соғуға көмектесесіңдер ма?
Ол үшін мына тапсырмаларды, орындауларың керек.
Сәлеммен: Қоян.
-Балалар, кім 1-деген шарды көрсетеді:
І-тапсырма: 1-5 ке дейін тура және кері санау. «Қол соғу» -(іргетасы қаланған)
ІІ-тапсырма: «сөздік ойын»
-Күзде жаңбыр жауады, ал қыста ...
-Жазда жеңіл киінеміз ал қыста...
Көктемде ағаштан жапырақ шығады, ал күзде...
-Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы...
-Таңертең біз оянамыз, ал түнде...
Үйдің шатыры үшбұрыш, ал күннің пішіні...
-Көзімізбен көреміз, ао құлағымызбен...(қабырғасы)
Сергіту сәті.
ІІІ-тапсырма: Үлестірмелі құралмен жұмыс:
(үйдің шатыры қаланды).
ІV-тапсырма: «Қай пішін жоқ»
-(үйдің есігі қаланды)
V-тапсырма: Жұмбақ жасыру. (уақытты бағдалау. Таңертең, түс, бесін, кеш, түн).
(Үйдің екі терезесі орнатылды).
Жеке нұсқаулар беру:
Қостілді меңгерту:
Қоян-заяц, түлкі-лиса, үйшік-домик.

-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Біз үйді кімге құрастырдық?
-Балалар сендер нешеге дейін санай аласыңдар? Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнадыма? Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылады. Балалар шеңбер бойына тұрып, қонақтармен амандасады.

-қыс мезгілі

-төрт мезгіл, (атап береді).
-жеті күн бар.

Балалар қай ертегі екенін айтып береді.

Балалар тапсырмаларды орындайды.
1-5ке дейін тура және кері, орысша, ағылшынша санайды. (үйдің іргетасы қаланады). Екінші тапсырма бойынша балалар сөзді жалғастырсады. (үйдің қабырғасы қаланады).

Үлестірмелі құралмен жұмыс жасайды. (үйдің шатыры қаланады).

Балалар қай пішін жоқ екенін анықтайды. (есігі қаланады). Балалар жұмбақтарды шешеді, уақытты бағдарлайды. (Үйдің екі терезесі орнатылады). Балалар үйді құрастырады, тәрбиешінің айтуы бойынша күн, гүл, т,б. Қағаз бетіне орналастырады.
-Сайқымазақ
-Түлкіге

-5ке дейін санай аламыз.
Балалар жасаған жұмысын сайқымазаққа сыйлайды.

Күтілетіннәтиже: Не білді: 1-5 ке дейін санай алады.
Не алды: Кеңістікті бағдарлап, тәулік бөліктерін ажырата алады.
Нені істей алады: Геометриялық пішіндерден үйщік құрастыра алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.