Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ою- өрнек -

Ою- өрнек

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1862 | Размер: | Автор: гость
. Сабақ даярламасы
«Балқаша қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернаты» КММ
Даярлаған: Абенова Б.Т.
Тақырыбы: «Ою- өрнек»
Мақсат: 1) Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шыдамдылық, көрегендік
қасиеттерін дамыту.
2) Оқушыларды ою- өрнекпен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды
жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
3) Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу. Суретті салу барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үлгі суреттері
Сабақ типі: Аралас
Сабақ жоспары: I Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
II Жаңа сабақ түсіндіру (8 минут)
III Өзіндік жұмыс (20 минут)
IV Қорытынды (10 минут)
V Үй жұмысы (2 минут)
VI Жұмыс орнын жинау (3 минут)
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі: Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, « Ою- өрнекткр». Сабағымызды бастамас бұрын сабақта жоқ балаларды белгілеп алайық, жақсы. Құрал – жабдықтарынды партаның шетіне қойып қойындар.
II Жаңа сабақ түсіндіру: Ал енді балалар жалпы ою-өрнек дегеніміз не?! өте жақсы отыра ғой. Ою- өрнек ертеден келе жатқан қазақ халқының төл өнері. Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері үлгілері болған. Соған қарамастан барлық оюлардың бастапқы элнменттерінің негізі- «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою- өрнектерінің, әзірше 230- дай түрі ғана анықталған.
«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою- өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: қошқармуйіз, арқамүйіз,бұғымүйіз, қырықмүйіз, қосмүйіз,сыңармүйіз, сынықмүйіз,төртқұлақ, түйетабан, сыңарөкше, қосалқы, құсқанатты, қағазтабан.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер- су, көшіп қону коріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақта сол заттың бетінде түрлі нұсқада бейнеленген мүйіз элементін байқаймыз.
Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден- ақ барлық түрде арқау болып, ғасырлар бойы халықпен жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болады.
Жаңадан көркем- кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою- өрнек безендірілуде.
III Өзіндік жұмыс: Балалар міне мен сендерге ою-өрнек жайында қысқаша мағлұмат беріп өттім. Бір бүгін ою- өрнектің суретін саламыз, тақтадағы суреттерге қарап та салуға болады. Ойымыздан да салуға болады. Қарындашты қатты бастырмаймыз, жай ғана ұшымен саламыз. Анық қылып бояймыз. Ал қанекей кірісеміз балалар.
IV Қорытынды: Балалар бүгін біз не өттік?! Ою-өрнектің қазіргі кезде неше түрі бар екен?! Не үйрендік?
V Үй жұмысы: Балалар үйге тапсырма сендерге, аяқтамағандарын аяқтап келесіндер. Құрал- жабдықтарды толық әкеліндер келесі жолы.
VI Жұмыс орнын жинау: Балалар жұмыс орнымызды жинаймыз, сабақ аяқталды сау болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.