Ою - өрнек қию өнері. (Гротеск)

  • Загрузок: 0
  • Просмотров: 770
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 20/Март/2016
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің технология пәні мұғалімі
Гүлбала Кеңесбекқызы

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде ұлттық қолөнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден – бір құралуына айналуда. Ата – бабаларымыздан келе жатқан ұлттық өнерімізді, ісмерлікті жалғастыру – бүгінгі өтетін сабағымызға тікелей байланысты. Ол балаларды икемділікке баулумен қатар, қолөнер шеберлігінің ұрпақтан – ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Халық педагогикасы жас ұрпақты ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге баулып, олардың жас ерекшелігіне орай ой өрісін, шеберлігін қалыптастыруды көздеген.
Сондықтан да халықтық педагогиканы негізге ала отырып, өскелең ұрпақты сәндік қолданбалы өнерге үйрету бағдарламасын басшылыққа аламын.
Жас ұрпақты бала кезінен бастап өз халқының атадан – балаға мұра етіп келген салт – дәстүрін үйрету арқылы біз олардың бойында еліне, туған жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырамыз.

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек қию өнері. (Гротеск)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушының сауатын, эстетеикалық және рухани ой-өрісін дамыту, ұлттық ою – өрнектерге құрметпен қарап, бабаларымыздан қалған мұраны қорғап-сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік. Тақырып мағынасын түсіндіру арқылы оқушының епті, білімді, дарынды болып өсуін, бабаларымыздан қалған асыл мұра – ою-өрнектің біз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып, олардың бойында ұлтжандылық, патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылық. Қазақ халқының ой – арманының ою - өрнектерде бейнеленуін және оның өмірмен, табиғатпен тығыз байланыстылығын оқушыға түсіндіре отырып, туған елін, салт – дәстүрін құрметтей білетін, танымы дамыған рухани бай, жеке тұлға даярлау.
Сабақтың көрнекілігі: ою - өрнектер, интерактивті тақта, шаблон өрнектер, ой жинақтау сызбасы.
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ - жауап, сызбамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, олардың сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын, оқушыларды түгелдеймін.
ІІ. Үй тапсырмасы. Үйге берілген тапсырманы тексере жүріп, сұрақтар қойып, өткен сабақты пысықтаймын.
1. Қағазға бір бүктеп ою арқылы қандай өрнектер оюымызға болады?
2. Мүйіз тектес оюлардың қандай түрлерін білесіңдер?
(2-3 оқушы тез арада өздері білетін ою - өрнектер ойып көрсетіп, оған қысқаша мағлұмат беріп отырады).
Біз өткен сыныптарда ою - өрнектердің бірнеше түрлерімен танысқан болатынбыз. Қане, мына жерде берілген сызбадағы сұраққа жауап беріп көрейік. Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?
төрт түлік малға құстарға

аспан денесіне құрал саймандарға

геометриялық фигура жан-жануарларға
өсімдерге
ІІІ. Жаңа сабақ:
Енді, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз осы аталған өрнектердің түрлерін аралас түрде бейнелейтін өрнектің түрі – «гротеск» жайында әңгімелейміз.
«Гротеск» дегеніміз бірнеше өрнек түрлерін аралас түрде бейнелеу. Бұл жұмыста өрнектер мотивінің біреуі басты рөл атқарып, қалғандарын өз ретімен орналастыру керек. (Интерактивті тақтада гротесктің ережесі жазылады).
Қазір «Маймыл мен піл» ертегісін еске түсірейік.
Ертеде қалың орманды мекен еткен піл мен маймыл бірін – бірімен өздерінің бойындағы қасиеттері туралы таласып қалады.


Піл: менің күш – қайратым мол, қандай жағдайдада орасан күшімнің арқасында қиналмай жетістіктерге қол жеткіземін. Күшті тұмсығыммен неше түрлі жуан ағаштарды суырып ала беремін, - деп мақтанады.
Сонда маймыл да оңайлықпен жеңілгісі
келмей: мен де өзімнің өте
ептілігімнің арқасында көп
жетістіктерге қиналмай қол жеткіземін, - деп мақтанады. Екеуі біраз таласып, орман қарты үкіге келеді. Үкі олардың әңгімесін тыңдап болған соң, оларға: мен
сендердің бұл таластарыңды істерің арқылы шешіп

беремін. Қазір анау ағып жатқан ағыны күшті
өзеннің арғы бетіндегі үлкен алма ағашының
басынан маған бірнеше алма алып келіңдер. Сонан соң сол алмаға қарап отырып төрелігімді айтамын: - дейді. Бұл екеуі келісіп, өзеннің арғы бетіндегі үлкен алма ағашына бет алады. Келсе, өзеннің ағысы өте күшті екен маймыл қанша ептімін дегенмен арғы бетке өте алмай қиналады. Сонда піл оған саспа менің арқама отыр, мені ағыза алмайды, - деп, маймылды арқасына отырғызып судан өткізеді. Екеуі енді орманның ортасындағы үлкен алма ағашын іздеп тауып, алма алайын десе, пілдің мұрны қанша созса да алмаға жетпей қатты сасады. Сонда маймыл оған саспа досым мен қазір талдың басына шығып алма түсіремін, сен сол алмаларды жинай бер, - дейді. Маймыл айтқанындай – ақ өте ептілікпен ағаш басына өрмелеп шығады да, алмаларды бірінен соң бірін топырлатып түсіре бастайды. Жерге түскен алмаларды піл тұмсығымен жинай бастайды. Екеуі бірнеше алма жинап алған соң маймыл пілдің арқасына отырып, өзеннен өтіп, үкіге келеді.Үкі алмаға қарап отырып олардан өзеннен қалай өткендігін және алманы биік ағаш басынан қалай алғандарын сұрайды. Олар өздерінің қалай өткендерін, алманы қалай алғандарын айтады.
Сонда үкі оларға «Күштен де, ептіліктен де үстем нәрсе –
бір-біріңе тигізетін көмегің. Екеуің бір- біріңе қарайласып
мақсаттарыңа жеттіңдер. Тек қана күштен немесе жалаң
ептіліктен пайда аз. Егер бір-біріңе көмектеспегенде мына алманы алып келе алмас едіңдер. Демек күш пен ептілік біріккенде ғана іс алға басады. “Бірлік бар жерде, тірлік бар” деген сөз осыдан қалған» - деп төрелік айтады.
Яғни « гротеск» деп өрнектердің сөйлеуін немесе, белгілі бір ойды
білдіретін өнердің түрін айтады екенбіз. Олай болса, қазір сондай өрнектердің бірнеше түріне мысал келтірейік.
1. - өрнек. Бұл өрнекте сиыр мен көгершін бейнеленген.
Мұндағы ой – « үстіміздегі сиыр жылы бейбіт
жыл болсын» деген мағынаны білдіреді. Себебі
көгершін «бейбітшіліктің символы».

2 - өрнек. Шаңырақ -, шаңырақтың ішінде молдас құрып отырған
төрт кісі. Бұл өрнек қазақ халқында “Төртеу түгел
болса, төбедегі келер. Алтау ала болса ауыздағы кетер”
деген нақыл бар. «Қазақ халқының әрбір шаңырағының
төрт құбласы түгел болып, шаңырағы шайқалмасын» деген мағынаны білдіреді.
3 - өрнек. Күн айналасындағы шұғыла - халқымыздың ұлттық
ою-өрнектерімен жиектелген. Бұл «өрнек қазақ
халқының күні әрқашан көкте күлімдеп, халқымыз
көктегі қырандай еркін самғасын» деген мағынаны
білдіреді.

4 - өрнек.
«Қос ішектің бірін тарт та, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра»
демекші, бұл өрнекте қазақ халқының ұлттық саз
аспаптарының бірі қасиетті қара домбыраға
құсқанаты өрнегі қосарлана бейнелеген. Яғни
« шанағынан күмбірлеп күй төгілген бабамыздан келе жатқан асыл мұрамыздың әрқашан қанаты кеңге жайылып, қазақ халқын одан әрі әлемге таныта берсін» деген ұғымды білдіреді.
Сонымен гротеск өнерін түсінген болсақ, өздерің күнде көріп жүрген төрт түлік малдың бейнесін өрнек арқылы бейнелейік. Алдымен төрт түлік малды және пірлерін атап көрейік:
Түйе атасы – Ойсыл қара


Жылқы атасы – Қамбар ата


Сиыр атасы – Зеңгі баба


Қой атасы – Шопан ата

(Аталған төрт түліктің суреті мен өрнектерін интерактивті тақтадан көрсетемін).
Енді, осы көріп отырған өрнектерімізді қағаз бетіне түсіріп ойып аламыз.
ІV. Қорытынды:
Тапсырманы орындап болсақ, жалпы ою - өрнек тақырыбына байланысты өздеріңе арнайы берілген сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1-сұрақ.
Мына өрнектердің ішінен су өрнегі оюын тап.

• Дұрыс жауабы
Екінші қатардағы ою “СУ ӨРНЕГІ” деп аталады.

2-сұрақ. Осы өрнекті қай жерде жиі кездестіреміз және бұл
қандай өрнек түріне жатады?
Бұл өрнек Қазақстан Республикасының туында
кездестіреміз. Ол шексіздікке ұласатын өрнектің
түріне жатады.
3 - сұрақ.
Бұл өрнекті қалай атайды?
Дұрыс жауабы

Қошқармүйіз

4 - сұрақ.
Малға, аңға, құсқа байланысты өрнек түрлерін ата.
Дұрыс жауабы.
Қошқармүйіз, түйетабан, арқармүйіз, бұғымүйіз, құсқанаты, құстұмсық.
5 - сұрақ.
Бірнеше өрнек түрлерін аралас түрде бейнелеуді қалай атайды?
Дұрыс жауабы.
Гротеск
V. Үйге тапсырма:
«Тау басындағы ағашқа қонған құс» тақырыбын гротеск өрнегі арқылы құрастыру .
(Тақтадан тақырыпқа байланысты сурет көрсетіледі)
загрузка...
Loading...

Комментарии к записи: 0

avatar