Меню
Назад » » »
Ою-өрнекпен ұлттық нақышты енгізу.
загрузка...

загрузка...
Нұғман Динара Жасқайратқызы
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
Желаев селолық округі Мектептен тыс жұмыс орталағаның
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Мектеп формасына Ою-өрнекпен ұлттық нақышты енгізу.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі тәлім – тәрбие мүмкіндіктерінің мол екендігі анықталуда. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені, мәдениетті, тілді, өнерді, салт – дәстүрді, әдет – ғұрыптарды насихаттаудың жолы бұл өздерінің күнделікті киіп жүрген киімдерінің элементтерінен көрсете аламыз. Осы орайда жаскелең ұрпаққа ұлттық нақышымызды паш етуде олардың мектеп формасына ұлттық ою – өрнек элементтерін енгізу. Қазіргі таңдағы мектеп формасын біркелкі етіп енгізу баршамыздың бас ауыртар мәселеміз деп айтсақ артық болмас. Оқушыларымызды кейбір кезде педагогтан айыра алмай жататынымыз рас. Егерде біз мектеп формасын біркелкі ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен әшекейлеп көрсете білсек, оқушы мен мұғалімді тани білер едік. Қазіргі таңдағы өзекті сәселе ретінде осы сауал барлығымызды толғандырары сөзсіз.
Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақышқа толы. Ою-өрнек қазақ халқында ертеден-ақ өнердің барлық түріне арқау болып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мұраға , жаңа түрге ие болып отыр.
Мектебімізде жастардың сапалы білім алып, олардың эстетикалық , этикалық мәдениетінің жоғары болуына көп көңіл бөлінеді. Өйткені әдемілік адамның сыртқы мәдениетінің деңгейін көрсетсе, әдептілік адамның ішкі мәдениетін , тәрбиесінен хабар береді. Ал егер осы әдемілікті қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көркемдесе, ол оқушының рухани дамуының белгілі бір дәрежеде өскенін паш етеді десе артық болмайды.
Ұлттық мәдениетіміздің бір саласы болатын қолөнер баға жетпес, өшпес мұра. Қазақтың қолөнерін ою-өрнексіз көз алдымызға елестете алмаймыз. Ою-өрнек әсемдеу, сәндеу деген мағынаны білдіреді. Яғни өрнектердің өзара үйлесімділігін тауып, белгілі бір мағынаны, сұлулықты білдіретін тегіс композицияға ұштастыру деген сөз! Сондықтан еліміздің көптеген дизайнерлері, тігіншілері тек әншілер мен бишілердің, театр, кино актерлерінің ұлттық киімдерін ою-өрнектермен нақыштап қоймай, енді мектеп оқушылардың формаларына, офис қызметкерлерінің киімдеріне ұлттық ою-өрнектер салып , киімнің ажарын аша түсті. Оқушылардың мектеп формасының түріне-безендірілуіне мемлекет тарапынан қойылған ұстаным, ереже жоқ. Әр мектептің ата-аналары өз жағдайына қарай, оқушыларға бірдей мектеп формасын тіктіретініне бәріміз куәміз. Ал осы мектеп формасын ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеуге келгенде көбі белсенділік танытпайды. Ал, шындығында, қазақтың ою-өрнегіне тең келер өрнек жоқ.
Әдемі өсімдік, гүл тектес, немесе геометриялық фигуралар, ғарыш әлеміне байланысты өрнектер сол оюлы киім иесінің қай елдің, қай ұлттың , мемлекеттің адамы екенін паш етіп тұрмай ма?!
Адамның рухани өмірінде, күнделікті еңбегі үстінде, ұжымдағы, қоғамдағы адамдармен қарым-қатынасында мәдениеттілік үлкен орын алады. Ал осы мәдиениеттілікті ұлттық қолөнерді қолдану арқылы дамыту- біздің, ұстаздардың міндеті деп ойлаймын.
Әр бала өзінше сұлу, тартымды. Табиғат берген сүйкімділікті, сұлулықты күту, дамыту арқылы мәдениетті де әдепті жастарды тәрбиелеу ұстаздардың міндеті. Бұл орайда мәдениетіміздің түп қазығы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізде екенін айта кету жөн деп есептеймін. Сондықтан да ұлттық ою-өрнегі бар, жарасымды киім киген әр оқушының бойына ұлтына, халқына, ата-анасына, мектебіне деген құрмет пен ізет қоса тәрбиеленеді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ою-өрнекпен ұлттық нақышты енгізу. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 256 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar