Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ойын бала үшін өмірлік  тәжірибе» М. Жұмабаев. -

«Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» М. Жұмабаев.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1629 | Размер: | Автор: гость
. Киізбаева Алия,
«№ 22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пән мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Баяндаманың тақырыбы : Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойын түрлерін қолдану

«Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе»
М. Жұмабаев.

Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойынөзімділікті,алғырттықты,тапқырлықты сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыратын педагогикалық әдістердің бірі.
Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныпта орта буын сыныптарда пайдаланатын : ойын сабақ, ойын жаттығу , сергіту ойындары, дидактикалық ойындар.
Осы аталған ойын түрлерінің ішінде дидактикалық ойындардың ағылшын тілін оқытуда қосатын үлесі зор.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты- білім беруді ойынмен ұштастыру . Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқада әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен ол ұжымдық әрекет.
Ойын арқылы оқушының:
1. Сабаққа қызығушылығы артады.
2. Сөздік қоры баийды,тілі дамиды.
3. Зейіні қалыптасады.
4. Ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіпке шақырады.
5. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақ барасында оқушы зейінін сабаққа аудару ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету,жоспар құруға,белгілі бір суретке
тақырып қоя білуге сол суретке қарап сөйлем құрау бұл іс- әрекеттер дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Баланың жас ерекшеліктеріне сабақтың мақсатына сай ұйымдастырылған ойындардың берері мол.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін жеке тұлғаның қасиет- қабілеттерін арттыру, мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажетін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойын әсерін ерте заманның өзінде –ақ атақты ғұлама ойшылдар , педогог, психолог ғалымдар көріп,байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған.
К. Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім үрдісін жеңілдетінін атап көрсетсе, И.Крупская бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін , яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген деген пікір айтады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ жеңіл келеді. Мен өз сабақтарымда мына ойындарды жиі қолданамын.
1. Себеттерге саналатын және саналмайтын заттарды жинау керек. Екі себетке саналатын зат есімдер және саналмайтын зат есімдер деп жазылады оқушылар заттарды себеттерге бөліп салу керек.
2. Араларды гүлдерге қондыру. Бұл ойынды бірнеше грамматикалық тапсырмаларда қолдануға болады. Дұрыс және бұрыс етістіктерді өткенде,” to be“ етістігін өткен кезде, есімдіктерді өткен кезде. Мысалы:араларға I, you, he, she, it, we, they ал гүлдерге my, your, his, her, its, our, their деп жазамыз әр ара өз гүлін табу керек.
3. Ракета ойыны. Бұл ойынды сан есімдерді өткенде қолдануға болады. Санақтық сан есімдерді қону алаңына жазып ал реттік сан есімдерді ракеталарға жазып, сол ракеталарды дұрыс алаңға қондыру керек. One-first, two-second, three-third, four-fourth.
4. Сыңарыңды тап. Бұл ойында жай сөзден күрделі сөз жасағанда, жаңа сөздердің аудармасын тапқанда қолдануға болады. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарын табу керек.
5. Ыстық орындық ойыны. Тақтаның алдына екі орындық қойылады, біреуіне “true”, екіншісіне
“false”деп жазылады, тақтаға 5-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлем оқиды. Оқушылар естісімен 2 орындықтың екеуінің біреуіне отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады.
6. “Compare them” ойыны. Жемістердің суреттерін дайындап оқушыларды 2 топқа бөлемінде 2 суреттен беремін. Тақтаға сын есімдерді жазамын . мысалы: red, orange, sweet, small, good, bad, big Оқушылар суреттегі жеміс пен сын есімдерді қосып неғұрлым көп сөз жазуы тиіс.
Қорытындылай келе дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандырып өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез келген оқу материалдарын қызықты да тартымды қылып оқушылардың көңіл күйін көтеруге, сабаққа қызыға қарауына және өткен материалды жеңіл меңгеруіне ықпал етеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.