Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ -

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2157 | Размер: | Автор: гость
. ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жұмабаева Ділбар Нұржанқызы
ОҚО, Қазығұрт ауданы,
Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде, үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады. Бастауыш сыныптарда ана тілі, қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау, бастауыш сыныптарда тіл сабақтарында жүргізілетін ойын түрлерінің мазмұнына талдау жасау, тіл сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасау, дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімділігін, анықтау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыруды басшылыққа алдым. Ойын технологиялары – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. Дидактикалық ойындардың түрлері: ойын-саяхаттар, ойын-тапсырмалар, ойын-болжамдар, ойын-жұмбақтар, ойын-әңгімелер, ойын-өлеңдер. Ойынды өткізу түрлері: жалпы, топтық, жекелей. Ойынның атқаратын қызметтері: коммуникативтік немесе қарым-қатынастық, ойын-сауық, диагностика (өзін-өзі тану), әлеуметтендіру, коррекциялық (өзін-өзі түзету). Ойын арқылы іске асатын дағдылар: бірлесе оқу және жеке ерекшеліктерді мойындау, сыныптағы, ұжымдағы басқаның үлесін бақылау, жолдастары, сыныптастары алдындағы жауапкершілік, қалыптан тыс ойлар, барлық ойыншы жеңімпаз, шешім қабылдау дағдысы, көзқарастарды бөлісу дағдысы, түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру, өзара тәуелділіктің өмірлік тәжірибесі, ұжымның құрылуы және сезімнің дамуы, өзінің бағасын көтеру, өзін-өзі және басқаларды сыйлау. Дидактикалық ойындардың үш топқа бөлінуі: заттық, үстел үстінде ойналатын, сөздік. Дидактикалық ойынның маңызы.
Ойынға қойылатын талаптар: көрнекіліктер, материалдар, балалардың ойынға түгел қатысуы, ойын тәртібінің түсіндірілуі, шешім қабылдауға, ойлана білуге жетелеу. 1-сыныпта сауат ашу бойынша грамматикалық ұғымдарды меңгеру мақсатында дидактикалық ойындарды топтарға жіктеу. Ойындарды іс-тәжірибемде пайдалану жолдары. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану оқушының белсенділігі мен сабаққа қызығушылығын арттырып, білім сапасының көтерілуіне ықпалын тигізеді. Мұның бәрі дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттігін дәлелдейді.

Ойын технологиялары – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. Бала сөздігіне жаңа сөздер енгізуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың ақыл-ой қызметтері де ерекше дамитындығын байқадым. Әсіресе, қазақша сөздердің құрылымдарын байқататын лексикалық жаттығулары бар дидактикалық ойындар барысында балалардың ойлау, еске сақта қабілеттері жетіле түсті. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес төмендегідей түрлерін қолданып отырдым.
Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді. Ойындардың ішінде беріліп отыратын сәттік ойын-тапсырмаларды әр түрлі вариантта оңтайлы ұйымдастыру балалардың сөздік мөлшерін бекітіп отырады, әрі оларды сөйлегенде еркін қолдануына бағыт бере түседі. Сөздің құрылымдық жағын аударуға үйретені жаттығулар қолдану да тиімді екенін көрсетті. Мысалы: «Сөзді қысқартып айт» (үйшік-үй, балақай-бала, құлыншақ-құлын) «Екі сөзден бір сөз құра» (су құй – суқұйғыш, шаң сор - шаңсорғыш), «Сөзге не қосылған» (қала–қалашық, бота–ботақан, ән-әнші, дәрі-дәрігер), «Сөз сыңарын қысқартып айт» (жылқы бағатын адам – жылқышы, көйлек тігетін адам – тігінші).
Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарында болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсету.
Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді?», «Мен не істер едім, егер» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді.
Ойын – әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойынмазмұнында ерекше сипатқа ие. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Ойын – өлеңдер. Ойын барысында өзгеріссіз жиі кездесетін ұсақ өлең түрі. Олар ойынның бір шарттарына байланысты орындалады. Мысалы, «қаламақ» ойнаушының қалауын тақпақтата білдіретін ойын – өлеңдер қатарына жатады. Алма кетті домалап, өзен бойын жағалап. Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын барлық сабақтарда түрлендіріп пайдаланамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.Ахметов. Бастауыш кластарды білім берудің тиімділігін арттыру жолдары. Алматы: Рауан 1994-84с.
2. Занков Л.В.Избранные педагогические труды-М: Педагогика, 1990-98-115
3. Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста. Сост Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко. – М: Просвещения, 1989-212.
4. Косанов Б.М., Өміртаева Р.К. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар – Алматы: Атамұра, 1998-48б.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.