Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ойыншықтар -

Ойыншықтар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1405 | Размер: | Автор: гость
. Ленгір қаласындағы құлағы нашар
еститін балалар мектеп-интернатының
сурдопедагогы Намазбаева Эльвира
Дайындық сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушының білімін жетілдіру; оқу құралдарын және
ойыншықтарды нақ көрсете білу; салыстыру жөнінде білімін жетілдіру.
Дамытушылық: оқушыға буындардың, сөздердің дұрыс айтуын және есту
қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Коррекциялық: дыбыстарын қадағалау, анық айтқызу.
Пән аралық байланыс: әліппе, тіл дамыту, математика.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, суреттер, кеспе қағаздар, ойыншықтар, оқу құралдары, макеттер.
Сабақтың түрі: ойын – сабақ
Сабақтар әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
- Арай, біз бүгін «Ойыншықтар» дүкеніне барып, түрлі ойыншықтар аламыз. Біз дүкенге мына машинамен барып, ойыншықтар алып қайтайық.
- Сен бүгінгі сабақтың тапсырмаларын дұрыс орындасаң, ұнаған ойыншығыңды машинаға тиеп әкетесің.
ІІ. 1. Тыныспен жұмыс. Шар үрлеу.
2. Дауыспен жұмыс. Компьютер арқылы. Жуан, жіңішке дауыстар.
ІІІ. Дыбыстану:
1. «Т» дыбысының профилі.
«Т» дыб. буында. «Қонаққа бару» ойыны.
«Т» дыб. сөзде. «Мен бастаймын, сен қошта» ойыны.
«Т» дыб. сөйлемде. Сурет бойынша сөйлем құрау.
2. «У» дыб. жеке айтқызу.
«У» дыб. буында. «Көбелек әндетіп, ұшты» ойыны.
«У» дыб. сөздерде. «Бір тыныста айт» ойыны.
Суретпен жұмыс: «Қалтаны толтыр» ойыны.

ІV. Есту қабілетін дамыту.
1. – Жыл мезгілдерін көрсет (есту арқылы)
2. – оқу құралдарын көрсет (есту арқылы)
«Сөмкеге сал» ойыны (сөмкеге оқу құралдарын салу, арасында қасық, сағат, кубик болады.
3. – дүкенде түрлі ойыншықтар бар. Осы ойыншықтар қандай дыбыс шығарады екен. Тыңда
– Ал енді, сен естіген дыбыстың қай ойыншықтан шыққанын тап. (барабан, ысқырық, сылдырмақ, сырнай....)

4. Математикалық тапсырма: «Алмалар мен сәбіздерді салыстыру». (> <)

V. – Сен бүгін сабақта тапсырмаларды дұрыс орындадың. Ұнаған ойыншықтарыңды алдың. Ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинап қою керек.
– Жарайсың! Рахмет! Сау бол!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.