Меню
Назад » » »
«Олақ қыз». «Ісмер қыз». Болат Үсенбаев
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Агабекова Роза Тагаевна

Сынып: 2
Пәні: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Олақ қыз». «Ісмер қыз». Болат Үсенбаев
Сабақтың мақсаты: Өлең мен мәтінді түсініп оқып, өмірмен байланыстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту; адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушылардың өзін-өзі ұстай білу, тыңдай білу мәдениеті, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
Тұлғалық нәтиже: шығармашылық дағдыларын дамыту, өнер-білімді үлгі ретінде ұстануға бағыттау.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық.
Салематсыздар ма балалар?!
Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын.
Сәлем, -деймін Күнге мен
Шаттық әнге басамын
Айналама қарасам.
Ғажайыптар қаншама
Сан жетпейді санасам
Сәлем, -деймін баршана.
Үй тапсырмасын сұрау.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалан!
Сенде бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та, бар қалан!, - деп Абай атамыз айтпақшы бүгінгі заманда яғни сендер «Сегіз қырлы , бір сырлы» болып өсулерің керек. Оның ең бастысы адамгершілік екен.

Адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.
Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.

Ал жақсы қасиеттер ол әдептілікке жатады.
Өткен сабақта «Әдеп» деген мәтінді оқыдық
Әдептлікі дегеніміз не?
Әдепсіздік дегеніміз не? Мысал келтір.

Олай болса Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;
- кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;
- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;

- . Не істеу керек?
- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

ІІ.Мағынаны ашу.
Жаңа сабақ. Балалар, «Олақ қыз» деген мәтінге назар аударайық.
Біз олақ қызбен таныстық
Олақ деген қандай мағынаны білдіреді?
Қолынан ештеңе келмейтін, істің көзін тауып істей алмайтын адам.
Мәтінді тізбектей, дауыстап оқыту. Оқыған кезде «олақ» сөзді қалай түсінетіндерін айту.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
- Қыздың шешесі туралы не айтуға болады?
- Қыздың шешесі неліктен насыстанды?
Сен өзіңді іштей олақпын деп ойлайсың ба?
Мәтінді оқығанда қызға:
а) Жанашырлық сезім пайда болды
ә) Ол үшін ұялу сезім пайда болды.
- Көмекттесер едім деген ой пайда болды?
Олақ адамды елестете алдыңдар ма?
Сөздікпен жұмыс
Бір шөрік шіп – бір орам жіп
Дымы құру – шаршау
Бір кез – ерте кездегі ұзындықтың өлшем бірлігі

Олай болса, «Ісмер қыз» өлеңін оқып, екі қызды салыстырайық.
Екеуіуне сипаттама берейік

Олақ ісмер


Дәптермен жұмыс.
Әдіптеп тігу - бөлшектерді біріктіріп соңында қайыру
Басытра тігу - бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолмен біріктіру
Жөрмеп тігу - бөлшектің шетін өңдеу
Тігінші жұмысы оңай ма?

Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады.
Жұмбақты шешейік.
Бірі қашып келеді,
Бірі қуыпкеледі.
Түгеленді түймелер,
Маған да сол керегі. (Ине-жіп)

Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із-міз тастап кетеді. (Ине)

Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Олақ қыз». «Ісмер қыз». Болат Үсенбаев можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 313 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar