Меню
Назад » » »
Омоним
загрузка...

загрузка...
Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
«Көктал орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Г.Қ.Қабылбекова

Сабақтар білімділік мақсаты: 1) омоним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру;
2) көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашлығы,ұқсастығн анықтау.
Тәрбиелік мәні: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымын кеңейту, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа материалды таныстыру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қоржын, кеспелі карточкалар
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырма, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Ә) сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
ІІ.Жаңа сабақ
1.Марат, атты суар
2. Ол нысананы көздеп тұрып атты.
-Тақтаға жазылған осы екі сөйлемдердегі атты сөзінің мағынасын, жазылуын және қай сөз табы екенін салыстырыңдар.
Осыдан қандай ой түйдіңдер?-деп оқушыларға сұрақ қойдым.
Оқушыр: -Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер, -деп жауап берді.
Оқушылардың көп мағыналы сөздер мен омонимдерді ажырата білу білім-біліктерін тексеру мақсатында «Кім жылдам?» ойынын жүргіздім.
Ойынның шарты. Сыныпты екі топқа бөліп, «Көп мағыналы сөздер», 2- топты «Омонимдер» деп аталады. Столға кеспе карточкаларға жазылған омонимдер мен көп мағыналы сөз тіркестері тасталады да, екі топ өз атаулары бойынша кеспе карточкаларды тауып, қоржынға жинауы керек.
Мысалы 1) сөздік төркіні, «Көп мағыналы сөздер»
істің төркіні қалтасына салу
2) кітапқа қара, «Омонимдер»
қара етік қоржынға салу

Ойын соңында кеспе карточкаларды дұрыс жинаған топты мадақтау.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы, айырмашылығын Венн диаграммасы бойынша оқушыларға анықтаттым.

Оқулықпен жұмыс
64- жаттығуды сынып болып талдадық.
а)2-3 оқушыға тыйым сөздерді оқыттым.
ә) осы сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздер бар-жоғын анықтадық (ас,бас,т.б)
б) Осылардың ішінде өздері біліп, орындайтын тыйым сөздерге тоқталып, ой бөлістік.
ІІІ. Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар бердім.
1-деңгейлік тапсырма – берілген мәтіннен ононимді табу. Жаз өтіп,куз келді.
2-денгейлік тапсырма-қол, қыс, сіңір сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құрау.
3-деңгейлік тапсырма-сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде омоним болуы шарт).

4-денгейлік тапсырма-берілген тақырыптарға шығарма жазу немесе өлен шумақтарын құрау (ішінде омоним болуы шарт).
«Менін анам»,«Сабақ үстінде»т.б

ІV.Бекіту кезеңі.
Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға омонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.
Оқушылар «топтастыру әдісі» бойынша төмендегідей жауап берді.

Мағыналары
басқа-басқа
(әр түрлі)
Оқушылар білімін бағалау.
V.Үйге тапсырма беру кезеңі.
а)Омонимдер 29-беті оқу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Омоним можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 392 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar