Меню
Назад » » »
ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ
загрузка...

загрузка...
С.Х.БОРАНБАЕВА,
«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі.
Шымкент қаласы,ОҚО

Сабақтын тақырыбы: ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ

Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушылардың омыртқалылардың яғни, қосмекенділер, жорғалаушылар, сүтқоректілердің қалай қозғалатыны туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық – оқушылардың омыртқалылардың қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелер мен мүшелер жүйесі туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік – ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, оқулық, кеспе қағаздар мен омыртқалылар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: интербелсенді оқыту технологиясы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Сынып тазалығын қадағалау.
- Құрал-жабдықтарын түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауап. «Кім жылдам?»
Биологиялық диктант

«Кім жылдам»

1. Қозғалудың жануар өмірінде қандай маңызы бар? Гидра қалай қозғалады?
2. Қанның құрамына қандай заттар кіреді?
Қан ағзада қандай қызмет атқарады?
3. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмашылығы қандай?
4. Эритроциттер қандай мүшелерде түзіледі?
5. Жасанды иммунитет және табиғи иммунитет дегеніміз не?
6. Гемоглабиннің ағза тіршілігі үшін қандай маңызы бар?
7. Шаянтектестердің зәр шығару мүшесі қалай аталады?
8. Балықтардың негізгі тыныс алу мүшесі қалай аталады және ол оттегінің қандай түрімен тыныс алады?
9. Құстарда қосарлы тыныс алудың қандай маңызы бар?
10. Ағзада тыныс алу қандай процесс және 1 минутта қанша рет тыныс алады?
11. Күйіс қайтаратын жануарлардың қарны неше бөлімді?
12. Сүтқоректілерде қандай тістер болады?
Биологиялық диктант
• Гидраның қозғалуын.....маңызды рол атқарады, жиырылғыш.......бар
• ......гидраның денесі жиырылады.
• Сақиналы ......... жиырылғанда құрт денесі жиырылады.
• Өзен шаянының денесі .........тұрады.
• Кальмар, сегізаяқ, каракатица ......... тәсілмен қозғалады.
• Шұбалшаңның денесі ұзарып жіңішкеруі мен қысқарып жуандануы.......... байланысты.
• Қимыл-қозғалыстың түрлері.....
• Көбелектер, қоңыздар, инеліктер ......... арқылы қозғалады.
• Қозғалуға........ұлпасының........жасушасы қатысады.
• Жасушалардың әр қайсысының түбінде........
• ........талшық бар

Сергіту сәті

Жаңа сабақ

§45 Омыртқалы жануарлардың қозғалуы

• Омыртқалылардың қозғалуын балықтан бастайық. Балық суда тіршілік ететінін білеміз, сондықтан оның су ішінде қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелер мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген. Балықтардың денесі суда жүзуге бейімделген. Бас жағы сүйірленіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Құйрығы жүзбе қанатымен аяқталады. Денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Оның құйрық жүзбе қанатынан басқа бір жұп көкірек, бір жұп құрсақ жүзбе қанаты бар. Және құйрық бір не екі арқа мен бір құйрық асты аналь жүзбе қанаттары сыңар болып келген. Алға қарай жүзгенде құйрық жүзбе қанаты рөл атқарады. Балықтың суда күрделі қимылдар жасауда бұлшық еттері де көп көмектеседі. Көп балықтардың жүзуін реттейтін торсылдақтары бар. Торсылдақ кей балықтарда дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кей балықтарда дыбыс шығаратын мүше ретінде жұмыс жасайды.
Қосмекенділер
• Қосмекенділер – құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалылар. Сондықтан олардың екі жұп аяғы бар, артқы аяқтары ұзын болады. Қосмекенділер сияқты өмірлері жартылай сумен байланысты түрлерде саусақтарының арасында терілі жүзбе жарғақ болады. Аяқтары үш бөлімнен тұрады.
• Алдыңғысы – қар, білек, алақан. Алақанда төрт саусақ.
• Артқы аяғы – сан, сирақ, табаннан тұрады. Табанында бес саусақ. Алдыңғы аяқта – тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан, саусақ сүйектері болса, артқы аяқта ортан жілік, табан сүйектері бар. Бұлар өзара буын арқылы омыртқа жотасымен байланысады.
• Қосмекенділер мен жорғалаушылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас, қозғалысына байланысты әр түрдің өзіне тән ерекшелігі бар.
• Мысалы: кесірткенің аяқтары денесін жоғары көтере алмайды, себебі аяқтары қысқа, сондықтан, қозғалуына құйрықтары көмектеседі. Ал жыландардың аяқтары жоқ.

Құстар
• Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсынды қанатты қауырсындар деп атаймыз.
• Құйрықтағы ірі қауырсындар – құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар.
• Құстардың беломыртқалары сегізкөз бен құйрықтың алдындағы омыртқалары бір-бірімен жамбас сүйектері мен қозғалмайтындай болып байланысқан. Олар денеге артқы аяқтарға берік, мықты тірек болып тұрады.
Сүтқоректілер

Сүтқоректілердің қимыл жүйесі қосмекенділер мен жорғалаушыларға ұқсас, әр түрдің соған байланысты қозғалуында өзіне тән ееркшеліктері бар.
«Кел, ойнайық»
Сөйлемді толықтырайық
• Балықтың қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелер ..........
• Қозғалу кезінде...........басты рөл атқарады
• Балықтарға су бетіне жеңіл көтерілуіне және су түбіне батуына .......көмектеседі.

«Мен білемін»
• Бақаның қанша аяғы бар?
• Алдыңғы аяғы мен артқы аяғының айырмашылығы неде?
• Бақаның қозғалу тәсілдері.
• Құстар қандай тәсілдермен қозғалады?
• Құс қауырсынының түрлерін ата және олар қай жерде орналасады?
• Құс денесі ұшуға қалай бейімделген?
• Бақаның артқы аяғында қандай сүйектер бар?
• Торсылдақ кейбір балықтарда ненің қызметін атқарады?
• Бақаның аяқтары үш бөлімнен тұрады, ата?

Қорытындылау.
Бағалау.

Үйге тапсырма

§46. Омыртқалы жануарлардың қозғалуы. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 378 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar