Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қонаққа қуыршақ Сәуле келді -

Қонаққа қуыршақ Сәуле келді

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5682 | Размер: | Автор: гость
. Қожабекова Данагүл Жанғазықызы
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы,
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
ІІ санатты тәрбиеші

«Қарлығаш» (3-4 жас) ІІ кіші топ

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Қонаққа қуыршақ Сәуле келді»
Мақсаты: Сөзік қорын «ыдыстар» тақырыбындағы сөздермен толықтыру. Әрбір
ыдыстың қолдану жағдайында байланысты атауын түсіндіру. Қонақ күту
ретін түсіндіру арқылы қонақжайлылық, сыпайылық сияқты сапаларын
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қуыршақ Сәуле, ыдыс- аяқтар.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбер
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын.
Сәлем, сәлем, сәлем.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап өтейікші.

Шаттық шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.

-Қыс мезгілі.
-Күн суық, аяз, боран болады. Даланың бәрі аппақ қарға малынған.

Ұйымдастырушылық
ізденістік Тосын сәт.
Есік қағылады. Қуыршақ Сәуле келеді. Балалар Сәулемен амандасады.
-Балалар, біз - қазақ халқы қонақжай халықпыз. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі шығарып салады. Қуыршақ Сәулеге өзімізің қонақжайлы-лығымызды көрсетіп, сыйлайық. Қонақ күту үшін ыдыс-аяқ қажет. Ыдыс-аяқ күнделікті тамақты дайындап, ішіп жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау, тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан, саптыаяқ және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді. Біз бүгін қуыршақ Сәулеге дастархан жаямыз. Дастархан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.
- Мынау шай шығаратын шәйнек.
- Мынау кішкентай қасық. Ол не үшін керек?
- Мынау кесе. Онымен шай ішесіз.
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?

Жұмбақ
Кесе шыны пиала,
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз.

Cергіту сәті
Дастарханды жаямыз,
Ыдыстарды қоямыз.
Тағамдарды әкеліп,
Дастарханға қоямыз.

Ойын: «Ыдыс аяқты ажырату»
Шарты: Ойыншықтардың арасынан ыдыстарды ажырату.
- Жарайсыңдар, балалар, сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.
- Балалар қуыршақ Сәуле сендерді «қонақжай сыпайы балалар екен» деп жатыр.
- Ол сендерге риза болды. Балалар бізде қонақ кәде болады.
- Қуыршақ Сәулеге қонақкәдемізді ұсынайық. Қуыршақ сәулені шығарып салайық.

Балалар сабаққа қызығушылық танытады. Қуыршақ Сәулемен амандасады

Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Кішкентай қасықты шай ішкенде қолданамыз.
Дастархан басында сөйлеуге болмайды. Ыдыстарды тарсылдатпау керек

- Ыдыс- аяқ

Балалар ойыншықтың ішінен ыдысты ажыратады.

Рефлексиялық-
Түзетушілік - Балалар , бізге бүгін қонаққа кім келді?
- Шай ішу үшін дастарханға қандай ыдыстарды қоямыз?
- Балалар сендер сабаққа жақсы қатысқандарың үшін қуыршақ Сәуле базарлығын беріп кетті.
Сыйлықты таратып береді. - Қуыршақ Сәуле келді.
- Саптыаяқ, қасық.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Қонақ күту ретін айтуға берілген тапсырманы орындайды.
Түсінді: Қонақты қалай күту және қонаққа дастархан қалай жасау керектігін түсінді.
Қолданады: Сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.