Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ондық бөлшектерді көбей -

Ондық бөлшектерді көбей

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 906 | Размер: | Автор: гость
. Математика 5Ә сынып

Күні : 28. 02. 2014ж
Мұғалімі: Исабеков Ж.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейте білуге дағдыландыру.
• Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
• Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , ойын тез қорытындылауға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтын типі: дәстүрлі емес, ойын түрінде
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы және топтық сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптар жазылған плакаттар, кеспе қағаздары, тақта, бор, оқулық
Пән аралық байланыс: дене тәрбиесі, қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс

Сабақтың өту жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Сабақтың барысымен таныстыру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Математикалық жарыстар
5. Қорытынды

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық кезең, сынып оқушыларын үш топқа болу,
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі

Оқушыларға мысалдар арқылы ондық бөлшектерді көбейту туралы түсініктер беріледі.
Мысалы: 7,32 ондық бөлшегін 2,8 ондық бөлшегіне көбейткейік.
Ол үшін:
1) Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;
2) Шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрларды үтірмен айырып бөлу керек.

7,32
2,8
5856
1464
20,496

Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001,....., разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.
Мысалы: 56,1*0,1= 5,61 т.с.с.

4. Математикалық ойындар:
А) есептеу ойыны ( бұл ойында әр топқа оқулықтан есептер беріледі
яғни, 1-ші топқа: №1119- ші есеп
2-ші топқа: №1120- ші есеп
3-ші топқа: №1121- ші есеп)
Ә) кім ұзаққа секіреді ойыны ( бұл ойында әр топтан 4 оқушыдан шығып бір орында тұрып ұзындыққа секіреді, ал бір оқушы осы оқушылардың секірген сандарын тақтаға есептеп тұрады.)
Б) мақал – мәтелдер сайысы ( әр топ өздерінің сандар туралы білетін мақал – мәтелдерін айтады.)
В) сұрақ – жауаптар сайысы (бұл сайыста әр топ өздерінің дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды.)

5. Қортынды ( мұғалім жеңімпаз топтарды анықтап оларды марапаттайды)

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.