Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту -

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1801 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы:
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
(есеп шығару)

Математика пәнінің мұғалімі:
Артықбаева Базаркүл
Сыныбы: 5

2015-2016 оқу жылы

Артықбаева Базаркүл
№259 негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Қазіргі уақытта барлық ғылымдардың зерттеулерінде математикалық әдістердің қолданылуына байланысты математиканы оқытудың маңызы арта түсуде. Сондықтан математика мектептегі басқа пәндерді оқытуда басты – жетекші пән болып табылады. Математика сабағында тартымды, қызықты есептер шығаруда, ойды дамытып тартымды әрекетке айналдыру мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті болуы керек.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын артырады. Төменде, 5 сыныпта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Математика 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту(есеп шығару)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ондық бөлшектерді қосужәне азайту ережесін айта білу,
білімдерін логикалық оймен іске асыра білу
Тәрбиелік: Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,
математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде
жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету
Дамытушылық: оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен
ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз
білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру
Көрнекіліктер: үлестірмелер, слайдтар, бағалау фишкалары,семантикалық карта, тестік тапсырмалар
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: СТО элменттері,түсіндірмелі, сұрақ жауап
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен амандасу
ә) Сыныпты топқа бөлу
б) Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
-Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы
бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық.
ІІ.Үй жұмысын тексеру
А деңгейі №1272
3)6,3+2,5+0,7=9,7
9,2+3,3+1,6=14,1
0,1+9,9+1,5 =11,5
В деңгейі №1274
3)67,45- 49,88=17,57
61-7,64=53,36
95-81,08 =13,92
С деңгейі №1300
3) 2,3 + 4,5 + 0,6+0,5+1,7+0,4 = (2,3 + 1,7) +(4,5+0,5)+(0,6+0,4) = 4+5+1 = 10
8,01+ 9,08+5,13+1,99+0,87+4,92= (8,01 + 1,99) + (9,08+4,92 ) +(5,13+0,87) =10+14+6=30
6,091+7,083+3,127+0,373+2,117+0,209= (6,091+ 0,209)+(7,083+2,117)+(3,127+0,373)=6,3+9,2+3,5=19
ІІІ.Қызығушылығын ояту (Ой қозғау стратегиясы)
А) Қайталау сұрақтары
1. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
2. Ондық таңбалар дегеніміз не?
3. Жай бөлшекпен ондық бөлшектің айырмашылығы неде?
4. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
5. Ондық бөлшек туралы жазған ғалымдардан кімдерді білеміз?
6. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейміз?
Ә) «Асық» ойыны.Бұл ойында 9 асық бейнеленген.Әр асықта деңгейлік тапсырмалар жазылған.
А деңгейі
7,65 + 3,34 = 10,99 0,36 + 0,24 = 0,60 14,2 +4,8 = 19
1,07 + 12,23 =13,30 6,3 + 0,9 = 7,2 6,4 + 2,5 = 8,9
В деңгейі
Вертолетке массасы 1,35 т жүк тиелді.Вертолеттің өзінің массасы оған тиелген жүктің массасынан 3,5 т артық. Вертолеттің ұшу массасын табыңдар.
1,35+(1,35+3,5)=6,2т
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есепте:
3/10 + 8,51 = 8,81 0,3+8,51 =8,81
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып тиімді тәсілмен есепте:
917,32 + (43 + 82,68) = (917,32 + 82,68) + 43= 1000 + 43 =1043
С деңгейі
Көлемдері бірдей мыс, күміс және алтын алынды. Мыстың массасы 8,9 г, күміс мыстан 1,6 г ауыр, алтын күмістен 8,8 г ауыр.Алтынның массасы қанша?
М:8,9г К: 8,9+1,6=10,5г А: (8,9+1,6)+8,8=19,3 г
а + (а + в) өрнегі бойынша есеп құрастыр.
а = 61,2, в = 3,4
61,2+(61,2+3,4)=125,8
IV.Сергіту сәті
«Оқушылар жан-жақтарына қарап алыңдар да, көздеріңді жұмыңдар» деп, бөлмедегі бір түсті немесе бір пішінді заттардың атауын сұраймын. Олар көздерін жұмып отырып қандай заттар бар екенін айту керек.
V. Ойтолғаныс
Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)

А деңгейі
№1276.Өрнекті ықшамдаңдар.
1) 0,3х+0,8у+1,5х+1,2у=1.8х+2у
2) 4,2х+5,3у-2,6у-1,8х=2,4х-2,7у
3)1,5а+9,7в+5,8а-1,3в=7,3а+8,4в
4) 12,75а+1,85в-9,55а+3,5в=3,2а+5,35в
В деңгейі №1292
Қол дорбашаға 4,7 кг – нан артық жүк салуға болмайды.Оған массасы:
1) 0,75 кг кәмпитті,+2,5кг алманы+ 1,8 кг шұжықты; =5,05кг. Салуға болмайды
2) 0,675 кг мармеладты +2,13 кг алмұртты + 1,5 кг шұжықты = 4,3кг салуға болама? Болады.
С деңгейі
«Ойлан тап» Мұнда теңдеу шешу керек. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған жауабын бағыттап көрсету керек. №1302 (1,2, 3 ,4)

X+(6.4- 4.91)=5.35 Х=5.35-1.49 X=3.86

У+(9.31-7,25)=8,2 У=8,2-2.06 У=6.14

(7.43- 2.12)+Х=7 Х=7-5,31 X=1.69


(8.61- 3.75)+У=12,1 Х=12,1-4,86 X=7,24

VII.Қорытынды
1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
2. Бұрыс бөлшекпен дұрыс бөлшектің айырмашылығы?
3. Ондық бөлшектерді қосуда қандай қасиеттер орындалады?
4. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
5. Ондық бөлшектің бүтін бөлігінен үтірмен ажыратуды ұсынған математик?

VIII Үйге тапсырма
А деңгейі №1277
В деңгейі № 1288
С деңгейі №1301
IX. Бағалау
Арифметикалық орта табу арқылы жинаған фишкалары бойынша әр оқушы өз бағасын шығарады


+ + =12:3=4


+ + =15:3=5
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.