Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ондық бөлшекті оқу жазу» (көшіріп алу) -

«Ондық бөлшекті оқу жазу» (көшіріп алу)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2140 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. 5-сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Спандияр Көбеев атындағы №56 жалпы орта
мектебінің физика және математика пәнінің мүғалімі
Әлі Ақнұр Мадешқызы
Сертификат 0004. 21.01.2014
Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшекті оқу жазу»(көшіріп алу)

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті оқу жазу.
Сабақтың мақсаты:
а) Ондық бөлшек, бөлшек сандардың ондық жазылуын, ондық бөлшектегі үтірлердің орынды қойылуын білу.
ә) 1. Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру.
2. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға өз ойын жүйелеуге тез шешім қабылдауға, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.
б) Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен жеке және шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау:
№947 (ауызша)
III. Үй тапсырмасын бекіту. Сөзжұмбақ.
Көлденеңінен.
1. Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан қандай бөлшек деп аталады?
2. Ондық бөлшектерді есептеу натурал сандарды есептеуге қандай?
Тігінен.
1. Ондық бөлшекті....
2. Сантиметр ненің өлшем бірлігі?
3. Ресейде А.Ф.Матницкий 1703 жылы басылып шыққан өзінің қандай оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндауды жалғастырды, яғни оқулықтың атауы?
4. Қандай бөлшекті ондық бөлшекпен жазамыз?
1
2
4 3






IV.Тарихи дерек(Ондық бөлшекті оқу, жазу туралы айту)
V. Жаңа сабақ
Жай бөлшектің бөлімі
Онға, жүзге еселік
Бұл қандай сан болады?
Бүгін соны шешелік-деп
Бөлім 10-ға, 100-ге, 1000-ға еселік болып келетін жай бөлшекті ондық бөлшек деп атаймыз.
Ондық бөлшекті оқу.
Ондық бөлшектің жазылуында үтірдің сол жағында, ондық бөлшектің бірлік бөлігі, ал оң жағында бөлшек жазылады.
Мысалы:
1) 5 -нің ондық бөлшек түрінде жазылуы:5,7 (оқылуы: 5 бүтін оннан жеті)
2) -дің ондық бөлшек түрінде жазылуы: 0,11 (оқылуы: 0 бүтін жүзден 11)
3) -нің ондық бөлшек түрінде жазылуы:9,217 (оқылуы: 9 бүтін мыңнан 217)
Ондық бөлшектің бөлшек бөлігін цифрларын ондық таңбалар деп аталады. Мысалы: 35,418 ондық бөлшегінде 3 ондық таңба бар. Олар 4,1,8 цифрлары
Ондық бөлшектің бірліктен де кіші разрядтары болады.
Олар: Ондық үлестер разряды бірлігі- =0,1
Жүздік үлестер разряд бірлігі - =0,01
мыңдық үлестер разряд бірлігі - =0,001
мысалы4,62; 4,620; және 4,6200 ондық бөлшектерін разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазайық:
4,62=4+ + =4+0.6+0.02
4,620=4+ + =4+0.6+0.02
4,6200=4+ + =4+0.6+0.02
Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін жай бөлшектің бөлімі 10,100,1000 және т.с.с болатындай етіп алымында бөлімінде натурал санға көбейту керек. Бөлімдердің жай көбейткіштерге жіктелуі 2 және 5 сандарына басқада көбейткіштер болатын қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекке айналмайды.
Мысалы: , ;4 ; бөлшектері ондық бөлшекке айналмайтын жай бөлшектер.
Есептер шығару№938
Ондық бөлшектерді жазыңдар 1) бір бүтін оннан екі; 2) үш бүтін жүзден жетпіс бес; 3) тоғыз бүтін мыңнан он сегіз; 4) алты бүтін онмыңнан жеті жүз сегіз.
№2 жауабын сәйкестендіру ойыны
1) Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:
1) 8 =
2) 13 =
3) 28 =
4) 7 =
5) =

6) =

Өзіңді тексер
1-деңгей
1. Ондық бөлшек түрінде жаз:
= = = =
2-деңгей
Мына сандарды жай бөлшекпен жаз:
0,5= 0,3= 0,7=
1,03= 9,36= 51,07=

3-деңгей
Жай бөлшектерді қысқартыңдар, сонан соң ондық бөлшекке айналдырыңдар:
= =

= =

Сабақты бекіту: «Кім жылдам » ойыны.
1) Бөлімі 10,100,1000 және т.с.с болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
2) Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
3) Ондық бөлшектегі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
4) Ондық бөлшектің соңына нөлдері тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгереме?

Үйге тапсырма №942 № 949
Оқушыларды бағалау:
1) Үй тапсырмасын орындауына
2) Сұрақтарына жауап беруіне
3) Тапсырманы орындауына
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.