Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қонжықтың сыйлығы. -

Қонжықтың сыйлығы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1598 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі
Конирбаева Бибигул Тулегеновна
Білім көздері: Қатынас.
Білім саласы: Көркем әдебиет.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қонжықтың сыйлығы.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Отбасындағы ананың рөлі мен орны туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға –Ана туралы түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Кейіптендіру арқылы шығарма мазмұнын сөзбен, қимылмен, ыммен бере білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуді жалғастыру.
Жылулық шеңбері:
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай,таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Балалар тәрбиеші мен бірге көктем мезгілдері туралы, маусымдық өзгерістер туралы әңгімелеседі.
-Көктем айларын ретімен атап көрейікші. Қандай көктем мерекелерін білесіңдер?
Қалай ойлайсыңдар біздің әжелеріміз бен аналарымыз өз балаларынан сыйлық алуды ұната ма?
-Қандай сыйлықтар ерекше бағаланады. Сатып алынған ба? Әлде өз қолымызбен даярланған ба?
«Көктемнің ең алғашқы мерекесі ,біздің сүйікті аналарымыздың мерекесі».
Бүгін біз жануарлардың да аналарына қандай сыйлық сыйлайтынын білеміз. Қыста дүниеге кішкене қонжық келді. Кішкене қонжық, қыс бойы апанда жатқан қонжық далаға шықты.
Алғашқы рет жарық дүниені көрген қонжық таңқалды. Бұтаның айналасындағы толған шыршалармен ағаштар өсіп тұр. Қонжықтың көңілі көтеріңкі, оның ойнағысы келіп достар іздей бастайды.
Бұтаның арасынан қоян шыға келеді.
Қонжық: Сен кімсің? Мен қоянмын.
Қонжық: Кел екеуміз ойнайық. Жоқ менің сенімен ойнауға уақытым жоқ мен әже мен анама сыйлық іздеп жүрмін.
Қонжық: Бұл қандай сыйлық?
Қоян: Ұзын әрі қызғылт болуы шарт.Қонжық: жарайды. Талдардың арасынан кірпі шыға келеді.
Қонжық:Сен кімсің? Мен кірпімін. Кел екеуміз ойнайық. Кірпі: жоқ менің ойнауға уақытым жоқ. Мен анама сыйлық іздеп жүрмін.
Қонжық: Сенің сыйлығың ұзын әрі қызғылт па?Жоқ менің іздеген сыйлығым басында бас киімі бар және аяғы бар. Талдардың арасынан тиін шыға келеді. Қонжық сен кімсің? Мен тиінмын.
Қонжық: Кел екеуміз ойнайық. Тиін жоқ менің ойнауға уақытым жоқ менің Ана мен әжеме сыйлық іздеп жүрмін.Қонжық сенің сыйлығың ұзын әрі баскиімі бар ма? Жоқ менің іздеген сыйлығым дөңгелек әрі қатты қабығы бар. Бір мезгілде бұғы шыға келеді. Қонжық: Сен кімсің? Мен бұғымын.. Кел екеуміз ойнайық. Бұғы жоқ менің ойнауға уақытым жоқ.Мен анама сыйлық іздеп жүрмін. Қонжық: сенің сыйлығың ұзын әрі қатты қабығы бар, басында баскиімі бар ма? Жоқ менің іздеген сыйлығым ол төртбұрышты. Қонжық: түк түсінбедім.Елдің бәрі іздеп жүрген не сыйлық өзі? Ағаштың төбесінде тұрған сауысқанды көріп, сауысқанға барды. Елдің бәрі іздеп жүрген не сыйлық өзі? Қонжық сен түсіңбегенсің әркім өз сыйлықтарын іздеп жүр. Қоянға сәбіз, Кірпіге саңырауқұлақ, Тиінға жаңғақ, Бұғыға дос керек. Сен не, білмеп едің? Бүгін 8 Наурыз Аналар мерекесі ғой. Сенде өз анаңа сыйлық ізде, мен саған гүл әкеліп берейін. Қонжық: жарайды.Қонжық ойнап жүріп теректің түбінен бал тауып алады. Бір мезгілде қоян жүгіріп келеді. Қоян: Қонжық мен өз сыйлығымды таптым ол сәбіз.Қонжық таң қалады. Бір мезгілде өз сыйлығын көрсетуге кірпі келеді. Қонжық менің сыйлығым ол саңырауқұлақ. Қонжық пен қоян таңқалады. Өз сыйлығын көрсетуге тиін келеді. Қонжық: менің іздеген сыйлығым ол жаңғақ. Аңдар таңқалады. Бір мезгілде бұғы келеді.Қонжық менің іздеген сыйлығым ол қорап. Аңдардың бәрі таңқалады. Бір мезгілде сауысқан келіп қонжыққа гүл сыйлайды, оны көрген аңдар таң тамаша болады. Қонжықта аңдарға өз сыйлығын көрсетеді, оны көрген аңдар таң қалады.
Енді қонжық: қоянның, кірпінің, бұғының, сауысқанның арқасында 8 Наурыз мерекесіне жыл сайын анасына сыйлық іздейтін болыпты. Аңдардың бәрі қуанып ән шырқады.
Кішкентайдан мені,мәпелеп өсірген.
Осы күнге мені еңбектеп жеткізген
Осы күнге мені ұйқысыз жеткізген
Аяулы анашым.
Қайырмасы:
Аяулы, анашым ақ сүтін берді маған
Бұл өмірде жоққой сеннен артық адам
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанамын
Аяулы анашым.
Біз не білдік?
Көктемнің алғашқы белгілері наурызда пайда бола бастайды. Табиғатта барлық тіршілік оянып, көктемнің келгеніне қуанады.
Дүниедегі ең асыл жан- ол Ана. Ана ештеңеге айырбастамайтын ардақты да қадірлі жан. Ананы құрметтеп сыйлап, айтқанын бұлжытпай орындап, аялау қажет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.