Меню
Назад » » »
Оо дыбысы мен әрпі
загрузка...

загрузка...
Накипова Зауре Нурлыбековна,
№114 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда обылысы, Жалағаш ауданы
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1. О дыбысы мен әрпімен балаларды таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау;
о дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту.
2. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Сөздік қорларын молайту.Тілін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: әліппе, мазмұнды сурет, кеспе әріптер, сызба кесте, слайд.

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балалардың қызығушылығын ояту кезеңі.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Балалар бірге айтып, қимылмен орындайды

Ұйымдастыру-іздестіру

1.Ұйымдастыру кезеңі. Өткенді қайталау.
1-топ
-Дыбыс деген не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2-топ
-Әріп дегеніміз не?
-Й дыбысына байланысты сөздер табу?
2.Негізгі бөлім.
Жаңа сабақ:
Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді.

Ертегідегі кейіпкерлерді атайды. Бұлар нелер?
Олар қайда өмір сүреді?
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- «Орман» сөзі о дыбысынан басталып тұр екен.
- Ендеше, бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
-Осы сөзде бірінші қай дыбысты естіп отырмыз?
(О дыбысын естиміз).
-Балалар, «Оо» дыбысын хормен айтайық! (О дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, тақтаға ілу).
Дыбысты айтып көріп дауысты екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
Олай болса бұл дыбыс дауысты дыбыс.
Қандай текшемен белгілейміз?
- Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық.
Сол арқылы О дыбысымен танысатын боламыз.

1.Қоянның тапсырмасы.
-Д.о. « Қай суреттердің атауы о дыбысынан басталады?»
Орақ, қоңыз,орамал,ожау, торғай, оймақ.
-Бұл сөздер о дыбысынан басталады.
Балаларды әріп таңбасымен таныстыру.
-Неге ұқсайды?

-Математикада қандай санға ұқсайды?
-Математикада о саны мен цифрына ұқсайды,т.б.

2.Қасқырдың тапсырмасы.
Д.о. «Орнын тап» ойыны, О дыбысының орнын табу.
-орақ,оймақ,орындық,от.
-торғай, қой, шортан, доп.
-пальто, кресло.
Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.

-орақ, оймақ, орындық, от.
-торғай, қой, шортан, доп.
-пальто, кресло.
Осы сөздерді буынға бөлу.

3.Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс
О әрпін жазу. Әріптің жазылу ережесімен таныстыру.

Оо әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздырту. Жазба О әрпін негізгі жолға жазғанда жоғарыдан төменге сопақша етіп жазу. Мінеки, Оо әрпінің жазба түрін осылай бастырып жазамыз.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша о дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.
Ауаға жазып көрсету.

Сергіту сәтін өткізу.
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
Нешеу еді барлығы? /Жауабы: он/

Дәптерімізге Оо әрпін жазамыз.

4.Түлкінің тапсырмасы.
1-топ
Орақ
2-топ
Орамал сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Орақ, орамал сөздерін қол саусақтарын айқастырып, иек тұсына қойып, буынға бөлдірту. Иегіміз қолымызға қанша рет тисе, сонша буын бар екенін айту.

-Балалар, бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.

Тақтамен жұмыс және кеспе әріптерден сөз құрату.

Торкөздегі о дыбысының орнына қарай сөз ойлап тауып, жазу және дәл сол сөзді екінші бала кеспе әріптер кассасына осы сөздерді құрайды.

«Сөйлем құра» тапсырмасы (3 сөзден тұратын ортасында ою сөзі кездесетін сөйлем құрату).
Әжем ою ойды. Мен ою ойдым.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: 2 топ болып «о» әрпі кездесетін сөздер ойлатып, жарыстыру. Көп сөз айтқан қатарға пішіндерін беру. Кім көп жинаса, сол жеңеді. (балалар соңында пішіндерді атайды, түстерін ажыратады және санайды).

Балалар сұрақтарға
жауап береді.

- Қызыл текшемен белгілейміз.

Орақ,орамал,
ожау,оймақ.

О әрпін жазу

Рефлексивті-түзетушілік
3.Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
-Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағынан қандай әріппен таныстық?
-О дауысты ма, дауыссыз ба?
-Иә, дұрыс айтасыңдар! Дауысты дыбыстар созылып айтылады.
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Орман,орақ,от,ою,оймақ,орынды,торғай,қой,шортан,
пальто,кресло,т.с.с. сөздермен таныстық.

Мадақтау.
-Бүгін бәріңде сауат ашу сабағына өте жақсы, белсенді қатыстыңдар, келесі сабақтарға да дәл осылай қатысыңдар.
-Балалар, орнымыздан тұрып, сау болыңыз айтайық!
Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: О дыбысымен таныстыру, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Оо дыбысы мен әрпі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 273 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar